19.04.2021
Соңғы жаңалықтар
2021 жылы 18 сәуірде институтта жаздық дәнді және бұршақты дақылдарды себу аяқталды. Атап айтқанда, селекциялық және тұқым питомниктерінде дәнді дақылдардан жаздық бидай, жаздық тритикале, жаздық арпа мен сұлы, ал бұршақ тұқымдас дақылдардан бұршақ, ноқат және жасымық себілді. Сонымен қатар, ауыспалы егіс алқаптарына арпа дақылымен бірге жоңышқа тұқымы себілді. Мақсары дақылы бөлек танапта себіледі.
Қант қызылшасының жаңа отандық буданын сұрыптап шығару мақсатында қант қызылшасының ата-аналық формалары мен селекциялық үлгілері тамыржемістер мен штеклингтер түрінде (жылыжайдан шыққан ұсақ тамыржемістер) отырғызылды.
Тәлімі жағдайда ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің агротехнологиясын жасау үшін мақсары, зығыр, арпа, тары, сұлы + бұршақ үш факторлы тәжірибе бойынша себілді. Бұл дақылдардан басқа тәжірибе барысында әртүрлі тыңайтқыштардың әсері мен топырақты өңдеу әдістері зерттеледі.
Қазіргі уақытта күздік дақылдарды аммиак селитрасымен қоректендіру, дақылдарды тырмалау және оларды өсімдіктерді қорғау құралдарымен өңдеу бойынша ауылшаруашылық жұмыстары жүргізілуде.
ЗАВЕРШЕН ПОСЕВ ЗЕРНОВЫХ И ЗЕРНОБОБОВЫХ КУЛЬТУР В КАЗНИИЗИР
18 апреля 2021 года в институте завершен посев яровых зерновых и зернобобовых культур. В частности в селекционных и семеноводческих питомниках из зерновых культур посеяны яровая пшеница, яровое тритикале, яровой ячмень и овес, из зернобобовых культур – горох, нут и чечевица. Кроме того, в севооборотных участках посеяна люцерна с подсевом ячменя. На отдельном участке также посеян сафлор.
С целью создания нового отечественного гибрида сахарной свеклы посажены родительские формы и линии сахарной свеклы в виде корнеплодов и штеклингов (мелких корнеплодов из теплицы).
По агротехнологии возделывания сельскохозяйственных культур в условиях богары на трех-факторном опыте посеяны сафлор, лен, ячмень, просо, овес + горох. Кроме указанных культур в опыте будут изучены влияние различных удобрений и способов обработки почвы.
В настоящее время проводятся сельскохозяйственные работы по подкормке посевов озимых культур аммиачной селитрой, боронованию посевов и обработке средствами защиты растений.
КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.