Последние новости

Соңғы жаңалықтар

17.05.2020
97319428_3078340972225740_4713429455752658944_n

ҒАЛЫМДАР АРПА ДАҚЫЛЫН БУДАНДАСТЫРУДЫ БАСТАДЫ

Dark Mode

Селекцияда будандастыру жаңа сорттар шығарудың негізгі тәсілі. Будандастыру арқылы өсімдіктің ауруларға, суыққа, ыстыққа төзімді және пісу мерзімімен ерекшеленетін, болашақта жаңа сорттардың негізі болатын үлгілер алынады.

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ ғалымдары (а.ш.ғ.к. Баймұратов Асқар және т.б.) күздік арпаның сорттарын будандастыру жұмыстарын бастап кетті. Аталған дақылдың Айдын, Шапағат 16, Мерей 80 сорттарын және сорт сынау танабынын болашағы зор үлгілерді әлемдік коллекциялык үлгілермен будандастыру жүргізілуде. Қазірдің өзінде 60 будан комбинациясы үшін масақтарға кастрация жасалынды. Әр комбинацияда 5-8 арпа масағы, әр масақтан 10-16 дән алынады.

Осы әдіс арқылы институтта тек күздік арпа дақылы бойынша жылына 1400-3000 дәнге будандастыру жұмыстары жүргізіледі. Негізгі мақсат — күздік арпаның ауруларға, суыққа, ыстыққа төзімді және ерте пісетін сорттарын шығарып, өндіріске енгізу.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X