Көпжылдық бидай – тұрақты ауыл шаруашылығының негізі
Климаттың өзгеруі, топырақтың тозуы және агробиоалуантүрліліктің азаюы жағдайында көпжылдық дәнді дақылдарды енгізу аса маңызды. Бұл туралы егіншілік зертханасының меңгерушісі Рауан Жапаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, дәстүрлі біржылдық егістермен салыстырғанда, көпжылдық дақылдар агроэкожүйелердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. «Олар топырақта органикалық заттардың жиналуына ықпал етіп, эрозияны айтарлықтай төмендетеді», – деді ол.
Сондай-ақ маман көпжылдық бидайдың маңыздылығына тоқталды. «Бұл дақыл жоғары шаруашылық тиімділікті экологиялық артықшылықтармен ұштастырады. Сондықтан ол тұрақты ауыл шаруашылығында маңызды орын алады», – деді Рауан Жапаев.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы дақылдарының биоалуантүрлілігін арттыру және топырақты жақсарту жобасы аясында тәжірибелік алқаптарда көктемгі мониторинг жүргізіліп жатыр. «Біз өсімдіктердің қыстан шығуын, егіс тығыздығын, топырақтың қоректік режимін және агрофизикалық жағдайын бағалаудамыз», – деді ол.
Алдын ала нәтижелерге сәйкес, көпжылдық дақылдар ертерек көктейді. Бұл көктемгі ылғалды тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, агроэкожүйелердің тұрақтылығын арттырады.
Многолетняя пшеница: устойчивое будущее сельского хозяйства
В условиях изменения климата, деградации почв и снижения агробиоразнообразия особую актуальность приобретает внедрение многолетних зерновых культур. Об этом заявил заведующий лабораторией земледелия Рауан Жапаев.
По его словам, в отличие от традиционных однолетних посевов, многолетние культуры обеспечивают более устойчивое функционирование агроэкосистем. «Они способствуют накоплению органического вещества в почве и позволяют существенно снизить эрозионные процессы», – отметил он.

Жапаев подчеркнул, что особый интерес представляет многолетняя пшеница как перспективная культура. «Она сочетает высокую хозяйственную ценность с экологическими преимуществами, что делает её важным элементом устойчивого сельского хозяйства», – добавил специалист.
В рамках проекта по повышению биоразнообразия сельскохозяйственных культур и улучшению состояния почв в настоящее время проводится весенний мониторинг опытных участков. «Мы оцениваем перезимовку растений, густоту стояния, пищевой режим почвы и её агрофизическое состояние», – сообщил он.
По предварительным данным, многолетние культуры раньше возобновляют вегетацию. Это позволяет эффективнее использовать весеннюю влагу и в целом повышает устойчивость агроэкосистем.
@agro__press @nasec.kz
