Последние новости

Соңғы жаңалықтар

04.06.2020
101834800_3123299227729914_1327666548306870272_o

«ОҢТҮСТІК АГРОПАРКІНДЕГІ» ЗЫҒЫР ДАҚЫЛЫНЫҢ ЕГІСТІГІ

Dark Mode

Еліміз үшін майлы зығыр (Linum usitatissimum) болашағы зор дақылдардың бірі болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстан майлы зығыр өсіріп, оның өнімін шет елдерге экспорттауды жолға қойып отыр. Мәселен әлемдік нарыққа бидайдың бір тоннасын 80-100 доллардан саудалаймыз. Ал егін түсімі бидаймен бірдей болатын зығыр дақылының әр тоннасын шет елдерге 750 доллардан саудалауға болады.Майлы зығырдың тұқым құрамында 38-45% тез кебетін май бар (йодтық саны 165-192), ол лак, бояу өндірісінде сұранысқа ие. Оны тері, сабын жасау, қағаз, парфюмерлік, резеңке, электротехника және т.б. кәсіпорын салаларында, сонымен қатар медицинада да қолданылады.

Зығыр майы тағамдық мақсаттарға да пайданылады.Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында майлы зығырдың коллекциялық үлгілерінен сұрыпталған жекелеген селекциялық линиялар қазіргі уақытта «Оңтүстік Агропаркінде» егілуде. Мамандар жаңа дақылдың өсіп-өнуін зерттеп, көп мөлшерде тұқым алу үшін технологиялық жұмыстар жүргізуде.Ақпаратты институттың бөлім меңгерушісі а.-ш.ғ.к. Абаев С.С. және ғылыми қызметкер Кенебаев А.Т. ұсынды.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X