Последние новости

Соңғы жаңалықтар

13.02.2025

Қазақ ғылымының абыз ақсақалы Бөрібай Сарыұлы 85 жаста

Dark Mode

Аса қадiрлi Бөрібай Сарыұлы!

Қазақ егiншiлiк және өсiмдiк шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ұжымы және өз атымнан Сізді мерейлi 85 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Бүкiл саналы ғұмырыңызды отанымыздың ғылымы мен бiлiмiн дамытуға арнап, ел экномикасының дамуына қомақты үлес қостыңыз. Сiз ғылыми жолыңызды С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетін бiтiргеннен кейiн аспирантураны тәмамдап, кандидаттық диссертациясын сәтті қорғағаннан кейін, Қазақ КСР Жоғарғы білім министрлігінің тапсырмасы бойынша Семей педагогикалық институтына жұмысқа жіберілдіңіз.

Сіз астық және жемшөп дақылдарын шығару теориялық негіздерін әзірлеп, осы дақылдардың селекциясы бойынша ғылыми мектеп құрдыңыз. Зерттеулеріңіздің нәтижесінде 35 жаңа арпа және сұлы сорттары шығарылып, Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорт сынақ мемлекеттік комиссиясына тапсырылды. Олардың ішінде 15 арпа және 6 сұлы сорты Қазақстанның 9 облысында және Қырғызстанның 4 аймағында аудандастырылды және өндірісте кеңінен өсірілуде.

Сіздің ғылыми жетекшілігіңізбен 11 кандидаттық, 2 докторлық диссертация қорғалды. Ғылыми тұжырымдамаларыңыз 300-ден астам ғылыми еңбекте жарияланды, оның ішінде 4 монография, 22 патент, 2 астық дақылдарының селекциясы бойынша Оңтүстік-Шығыс Қазақстан үшін кешенді бағдарлама, 6 ұсыныс, 6 әдістемелік әзірлеме, 6 каталог, 2 жарнамалық проспект және 2 анықтамалық кітап бар.

Сіз Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеннің Ұлттық ғылыми зерттеу орталығының Құрмет грамотасымен (2000), ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен (2000), «КазАгроИнновация» Құрмет грамотасымен (2010), ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен (2010), «Еңбек ардагері» медалімен (2015) марапатталдыңыз. Өңірді дамытудағы елеулі еңбегіз үшін 2013 жылы Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Құрметті азаматы атандыңыз.

Құрметті Бөрібай Сарыұлы! Сізді 85 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, бақыт пен амандық тілеймін. Ғылыми еңбегіңіз алдағы уақытта да жемісті болсын, ал жұмыстарыңыз жаңа жетістіктер мен жеңістерге жетелесін!

Аса құрметпен, Басқарма Төрағасы Ш. Бастаубаева.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X