Последние новости

Соңғы жаңалықтар

05.12.2025

ҚазЕжӨШҒЗИ ғалымдары селекционерлердің V Халықаралық конгресіне қатысты

Dark Mode

2025 жылғы 1–5 желтоқсан аралығында Қазашақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері Басқарма төрайымы, профессор Шолпан Бастаубаеваның жетекшілігімен селекционерлердің V Халықаралық конгресіне (V International Plant Breeding Congress) қатысты.

Конгреске әлемнің 22 елінен келген ғалымдар қатысып, жаһандық климаттың өзгеруі, селекциялық зерттеулердің заманауи бағыттары, молекулалық биология әдістері, жеделдетілген селекция және жасанды интеллектті қолдану мәселелерін талқылады.

ҚазЕжӨШҒЗИ атынан келесі ғалымдар баяндама жасады:

– биотехнология зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к. Р.С. Ержебаева;

– майлы дақылдар зертханасының меңгерушісі, профессор С.В. Дидоренко;

– молекулалық-генетикалық талдау зертханасының меңгерушісі Ш. Мазкират.

Постерлік баяндама жасағандар:

– Басқарма төрайымы, профессор Ш.О. Бастаубаева;

– дәнді дақылдар зертханасының меңгерушісі, а.ш.ғ.к. Б.А. Айнебекова;

– биотехнология зертханасының аға ғылыми қызметкері, а.ш.ғ.к. А.М. Абекова.

Конгресс аясындағы ғылыми бағдарламаның аяқталуында профессор Ш.О. Бастаубаеваға конференцияның естелік сыйы табысталды.

Сонымен қатар, институт мамандары ауыл шаруашылығы дақылдарының генофондын сақтау, селекция және тұқым шаруашылығы бағыттары бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөнінде келіссөздер өткізіп, аграрлық ғылымның стратегиялық бағыттары бойынша бірлескен жобаларды талқылады.

Учёные КазНИИЗиР приняли участие в V Международном конгрессе селекционеров

Сотрудники Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства во главе с Председателем Правления, профессором Шолпан Бастаубаевой, приняли участие в V Международном конгрессе селекционеров (V International Plant Breeding Congress), проходившем 1–5 декабря 2025 года.

В мероприятии участвовали учёные из 22 стран мира. На пленарных и секционных заседаниях обсуждались актуальные вопросы глобального изменения климата, современные направления селекционных исследований, применение молекулярной биологии, методов ускоренной селекции и искусственного интеллекта.

От КазНИИЗиР с докладами выступили:

– заведующая лабораторией биотехнологии, к.б.н. Р.С. Ержебаева;

– заведующая лабораторией масличных культур, профессор С.В. Дидоренко;

– заведующий лабораторией молекулярно-генетического анализа Ш. Мазкират.

С постерными докладами участие приняли:

– председатель Правления, профессор Ш.О. Бастаубаева;

– заведующая лабораторией зерновых культур, к.с.-х.н. Б.А. Айнебекова;

– старший научный сотрудник лаборатории биотехнологии, к.с.-х.н. А.М. Абекова.

По завершении научной программы профессор Ш.О. Бастаубаева была награждена памятным подарком конференции.

В ходе конгресса сотрудники института провели переговоры о сотрудничестве в области сохранения генофонда, селекции и семеноводства сельскохозяйственных культур, а также обсудили совместные проекты по стратегическим направлениям развития аграрной науки.

@agro__press @nasec.kz


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X