Последние новости

Соңғы жаңалықтар

11.11.2025

ҚазЕжӨШҒЗИ: ғылым, инновациялар және генетикалық ресурстар – Қазақстанның аграрлық болашағы үшін

Dark Mode

2025 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазЕжӨШҒЗИ) аграрлық ғылым саласында маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Институттың жұмысы елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, инновациялық технологияларды енгізуге және ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға бағытталған.

Бүгінгі таңда ҚазЕжӨШҒЗИ – еліміздегі жетекші ғылыми орталықтардың бірі. Оның қызметі ауыл шаруашылығының барлық негізгі бағыттарын қамтиды – генетикалық ресурстарды сақтау, жаңа сорттарды шығару және инновациялық жер өңдеу технологияларын енгізу.

1. Генетикалық ресурстар

ҚазЕжӨШҒЗИ-дің генетикалық қоры – еліміздің баға жетпес ұлттық байлығы. Онда әртүрлі климаттық аймақтарға бейімделген ауыл шаруашылық дақылдарының бай коллекциясы жинақталған.

Бұл қорлар ондаған жылдар бойы қалыптасып, құрғақшылыққа, аурулар мен зиянкестерге төзімді жаңа сорттарды шығару үшін негіз болып отыр.

Институт халықаралық генетикалық банктермен және ғылыми орталықтармен ынтымақтастық орнатып, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі мен биологиялық әртүрлілігін нығайтуда.

2. Селекция және тұқым шаруашылығы

ҚазЕжӨШҒЗИ ғалымдары жоғары өнімді, төзімді және қазақстандық жағдайға бейімделген жаңа сорттарды шығарады. Олар классикалық селекция әдістерінен бастап биотехнологиялар мен маркерлік іріктеу сияқты заманауи тәсілдерді қолданады.

Институт базасында селекциялық питомниктер мен тұқым көбейту учаскелері жұмыс істейді. Жаңа сорттар ауыл шаруашылығында сәтті енгізіліп, елдің азық-түлік және мал азығы қауіпсіздігіне үлес қосуда.

3. Инновациялық егіншілік технологиялары

Институт ауыл шаруашылығына ресурсты үнемдейтін және цифрлық шешімдерді енгізіп келеді:

• GPS-навигация және спутниктік мониторинг;

• топырақты минималды және нөлдік өңдеу (no-till);

• климаттық өзгерістерге бейімделген егіншілік жүйелері;

• тамшылатып суару және биологиялық өсімдік қорғау әдістері.

ҚазЕжӨШҒЗИ дәстүр мен инновацияны үйлестіре отырып, Қазақстанның аграрлық ғылымы мен ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына үлес қосуда.

КазНИИЗиР: наука, инновации и генетические ресурсы во благо аграрного будущего Казахстана

По итогам 2025 года Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР) добился значительных успехов в области аграрной науки. Его деятельность направлена на укрепление продовольственной безопасности, внедрение инновационных технологий и устойчивое развитие сельского хозяйства.

Сегодня КазНИИЗиР – ведущий научный центр страны, охватывающий ключевые направления: сохранение генетических ресурсов, селекцию и семеноводство, внедрение передовых технологий земледелия.

1. Генетические ресурсы

Генетический банк КазНИИЗиР – это национальное достояние, включающее богатую коллекцию культур, адаптированных к различным климатическим зонам Казахстана.

Эти коллекции формировались десятилетиями и служат основой для создания новых сортов, устойчивых к засухе, болезням и вредителям. Институт сотрудничает с международными генбанками, укрепляя генетическое разнообразие и продовольственную безопасность страны.

2. Селекция и семеноводство

Учёные КазНИИЗиР создают высокопродуктивные и адаптированные сорта с применением современных методов – от классической селекции до биотехнологий и маркер-ассоциированного отбора.

На базе института работают селекционные питомники и производственные участки, где ведётся размножение семян. Новые сорта успешно внедряются в сельхозпроизводство, способствуя развитию отечественного агросектора.

3. Инновационные технологии земледелия

Институт внедряет современные, ресурсосберегающие и цифровые технологии:

• GPS-навигация и спутниковый мониторинг;

• минимальная и нулевая обработка почвы (no-till);

• адаптивные системы земледелия с учётом климатических изменений;

• капельное орошение и биологическая защита растений.

КазНИИЗиР уверенно укрепляет позиции Казахстана как страны с развитой аграрной наукой, где традиции и инновации работают на общее благо.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X