Последние новости

Соңғы жаңалықтар

17.12.2025

ҚазЕжӨШҒЗИ өкілі CWANA өңірі генбанктері басшыларының Стамбулдағы кездесуіне қатысты

Dark Mode

2025 жылғы 8–11 желтоқсан аралығында Түркияның Стамбул қаласында Орталық және Батыс Азия, сондай-ақ Солтүстік Африка елдерін қамтитын CWANA өңірінің генбанктер басшыларының кездесуі өтті. Іс-шараны Қуаң аймақтардағы ауыл шаруашылығы зерттеулері жөніндегі халықаралық орталық (ICARDA) CGIAR ұйымымен бірлесіп, генбанктерді дамыту бастамалары аясында ұйымдастырды.

Кездесудің негізгі тақырыбы – өсімдіктердің генетикалық ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану бағытында өңірлік ынтымақтастықты нығайту болды. Қатысушылар климаттың өзгеруі жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ортақ сын-қатерлерді және оларды шешудің үйлестірілген жолдарын талқылады.

Аталған халықаралық кездесуге Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтынан (ҚазЕжӨШҒЗИ) ауыл шаруашылығы дақылдарының генофонды зертханасының меңгерушісі Данияр Таджибаев қатысты. Кездесу барысында генетикалық ресурстарды басқару саласындағы саясатты күшейту, ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және өңірлік деңгейде бірлескен іс-қимылдарды дамыту мәселелері көтерілді.

Представитель КазНИИЗиР принял участие во встрече руководителей генбанков региона CWANA в Стамбуле

С 8 по 11 декабря 2025 года в Стамбуле состоялась встреча руководителей генбанков региона CWANA, объединяющего страны Центральной и Западной Азии, а также Северной Африки. Мероприятие было организовано Международным центром сельскохозяйственных исследований в засушливых районах (ICARDA) совместно с CGIAR в рамках инициатив по развитию и совершенствованию генбанков.

Основной темой встречи стало усиление регионального сотрудничества в сфере сохранения и рационального использования генетических ресурсов растений. Участники обсудили общие вызовы, связанные с изменением климата и обеспечением продовольственной безопасности, а также пути выработки скоординированных решений на межрегиональном уровне.

От Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР) в мероприятии принял участие заведующий лабораторией генофонда сельскохозяйственных культур Данияр Таджибаев. В рамках встречи были обозначены приоритеты дальнейшего взаимодействия, вопросы укрепления политики в сфере управления генетическими ресурсами и расширения научного сотрудничества между странами региона.

@agro__press @nasec.kz


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X