Последние новости

Соңғы жаңалықтар

11.12.2025

ҚазЕжӨШҒЗИ CITIC Construction және Қытай АШМ делегациясы келді

Dark Mode

2025 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров CITIC Construction Co., Ltd. директорлар кеңесінің төрағасы Янь Цзяньцзянмен кездесу өткізген болатын. Сол кездесуде тараптар селекция, тұқым шаруашылығы, ғылыми жобалар және агросекторға инвестициялар бойынша әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады.

Осы келісімдердің жалғасы ретінде CITIC Construction компаниясының өкілдері және Қытай Халық Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына (ҚазЕжӨШҒЗИ) келді. Кездесу барысында ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен жобаларды дамыту және екі ел арасындағы серіктестікті нығайту мәселелері қарастырылды.

CITIC Construction компаниясы CITIC Group құрамына кіреді және Қазақстанда бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар, тараптар тұқым шаруашылығы саласындағы Қытай-Қазақстан ғылыми-технологиялық орталығын дамытуға ерекше көңіл бөлуде.

2025 жылдың 11 желтоқсанында ҚазЕжӨШҒЗИ-ге Қытай Ауыл шаруашылығы министрлігі мен агробиотехнология саласындағы жетекші компаниялардың өкілдерінен құралған 13 адамдық делегация келді. Делегация құрамында тұқым шаруашылығы, статистика, халықаралық ынтымақтастық және аграрлық жобаларды басқару салаларының жетекші мамандары бар.

Делегация мүшелерінің үлгілік құрамы:

Ван Чанхай – Join Hope Seed Industry Co., Ltd. өнім менеджері;

Лю Сюэмин – Xinjiang Join Hope Biotechnology Co., Ltd. халықаралық сауда бөлімінің бас директоры;

Ма Чжиган – ҚХР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық орталығы төрағасының орынбасары;

Юй Фуцин – Ұлттық мал шаруашылығы станциясының статистикалық ақпарат департаментінің директоры;

Ли Гоючжэнь – CITIC Construction ауыл шаруашылығы бағытының бас менеджері;

Ду Юн – CITIC Construction ауыл шаруашылығы бағытының директоры.

Қонақтар институттың зертханалық мүмкіндіктерімен, ғылыми әзірлемелерімен танысып, бірлескен жобаларды дамыту перспективаларын талқылады. Визит соңында тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екенін білдірді

КазНИИЗиР посетила делегация CITIC Construction и Министерства сельского хозяйства Китая

В мае министр сельского хозяйства Республики Казахстан Айдарбек Сапаров провёл встречу с председателем совета директоров CITIC Construction Co., Ltd. Янь Цзяньцзяном. Тогда стороны обсудили перспективы сотрудничества, включая селекцию, семеноводство, научные проекты и инвестиции в аграрный сектор.

В продолжение договорённостей представители CITIC Construction и делегация Министерства сельского хозяйства Китая посетили Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР). В ходе визита были проведены переговоры по вопросам расширения научно-технологического взаимодействия, совместных проектов и укрепления сотрудничества между двумя странами.

Компания CITIC Construction, входящая в структуру CITIC Group, уже реализует в Казахстане ряд значимых проектов, включая реконструкцию автодорог и модернизацию промышленных объектов. Китай и Казахстан также договорились о дальнейшем развитии Китайско-Казахстанского центра научного и технологического сотрудничества в области семеноводства.

11 декабря 2025 года в КазНИИЗиР прибыла делегация из 13 человек – представителей Министерства сельского хозяйства и ведущих агробиотехнологических компаний Китая. Среди них руководители и эксперты в области семеноводства, статистики, международного сотрудничества и управления аграрными проектами.

В их числе:

Ван Чанхай – продукт-менеджер Join Hope Seed Industry Co., Ltd.;

Лю Сюэмин – гендиректор международного отдела Xinjiang Join Hope Biotechnology Co., Ltd.;

Ма Чжиган – заместитель директора Центра внешнеэкономического сотрудничества Министерства сельского хозяйства КНР;

Юй Фуцин – директор департамента статистической информации Национальной станции животноводства;

Ли Гоючжэнь – генеральный менеджер сельскохозяйственного направления CITIC Construction;

Ду Юн – директор сельскохозяйственного направления CITIC Construction.

Гости ознакомились с научными разработками института, лабораторной базой и потенциалом совместных проектов. По итогам визита стороны выразили заинтересованность в дальнейшем углублении двустороннего сотрудничества.

@agro__press @nasec.kz


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X