ҚазЕжӨШҒЗИ -да органикалық егіншілік бойынша ғылыми-практикалық семинар өтті
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында Органикалық егіншілік зертханасының ұйымдастыруымен жаңа форматта «Биофортификацияланған ауыл шаруашылығы дақылдарының отандық органикалық сорттары және олардың негізінде жасалған пайдалы тағам өнімдері» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2024–2026 жж. ғылыми-техникалық бағдарламасы BR22885418 «Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің органикалық өндірісінің технологиялық дамуын ғылыми қамтамасыз ету» аясында ұйымдастырылды.
ҚазЕжӨШҒЗИ Басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаева мұндай кездесулердің ғылым мен өндірісті ұштастырудағы рөлін ерекше атап өтті:
«Органикалық ауыл шаруашылығын дамыту – тек ғылыми бағыт қана емес, ол халықтың денсаулығы мен елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін стратегиялық сала. Бүгінгі семинар – ғылымда қол жеткізілген нәтижелерді нақты өнім арқылы көрсетуге мүмкіндік берген маңызды алаң», – деді ол.
Органикалық егіншілік зертханасының меңгерушісі Назира Слямова семинардың мазмұны мен практикалық маңызына тоқталды:
«Біз бүгін биофортификацияланған дақылдар негізінде жасалған өнімдерді тәжірибе жүзінде көрсетіп, олардың тағамдық және емдік қасиеттерін жан-жақты таныстырдық. Мұндай формат ғылыми нәтижелерді өндіріске енгізуге жол ашады», – деді зертхана жетекшісі.
Семинар барысында қатысушыларға органикалық және биофортификацияланған өнімдердің нақты үлгілері таныстырылып, олардың тағамдық және емдік қасиеттері туралы кең ақпарат берілді:
Майбұршақтың «Милка» сорты негізінде дайындалған тофу
Күлгін бидай, полба және ноқаттан жасалған нан өнімдері
Попкорн мен жұқа құймақ дайындауға арналған арнайы жүгері сорттары
Сұлы және сұлы өнімдері, олардың адам денсаулығына әсері
Дәрілік шөптерден дайындалған шайлар мен табиғи сусындар
Отандық бидай сорттарының өскінінен алынған витграсс шырыны, оның иммунитетті нығайтудағы маңызы
Аталған өнімдер семинар қатысушыларына ұсынылып, дәм тату ұйымдастырылды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері мен қолдану мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді.
Іс-шараға отандық ғалымдармен қатар ресейлік әріптестер де қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында жетекші ғалымдар өз ойларын ортаға салып, органикалық өнімдерді дамыту, оларды өңдеу және нарыққа шығару бағыттары бойынша маңызды ұсыныстар білдірді.
Семинар ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, органикалық ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық бағыттардың дамуына серпін берді.
В КазНИИЗиР проведён научно-практический семинар по органическому земледелию
В Казахском научно-исследовательском институте земледелия и растениеводства лабораторией органического земледелия в новом формате был проведён научно-практический семинар на тему «Отечественные органические сорта сельскохозяйственных культур с биофортификацией и продукты здорового питания, созданные на их основе».

Мероприятие организовано в рамках научно-технической программы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан на 2024–2026 гг. BR22885418 «Научное обеспечение технологического развития органического производства сельскохозяйственной продукции в Республике Казахстан».
Председатель Правления КазНИИЗиР Шолпан Бастаубаева отметила значимость подобных встреч для укрепления связи науки и производства:
«Развитие органического сельского хозяйства – это не только научное направление, но и стратегически важная сфера, напрямую влияющая на здоровье населения и продовольственную безопасность страны. Сегодняшний семинар стал площадкой, где научные результаты были представлены в виде конкретной продукции», – подчеркнула она.
Заведующая лабораторией органического земледелия Назират Слямова подчеркнула практическую значимость мероприятия:
«Мы представили участникам продукты, созданные на основе биофортифицированных культур, и подробно рассказали об их пищевых и функциональных свойствах. Такой формат позволяет ускорить внедрение научных разработок в производство», – отметила она.
В ходе семинара участникам были представлены конкретные образцы органической и биофортифицированной продукции, а также предоставлена подробная информация об их пищевых и лечебных свойствах:
Тофу, приготовленный из сои сорта «Милка»
Хлебобулочные изделия из фиолетовой пшеницы, полбы и нута
Специальные сорта кукурузы для попкорна и тонких блинов
Овёс и овсяные продукты, их влияние на здоровье человека
Чаи и натуральные напитки из лекарственных трав
Сок витграсс из проростков отечественных сортов пшеницы и его значение для укрепления иммунитета
Представленные продукты были предложены участникам для дегустации, а также подробно разъяснены их полезные свойства и возможности применения.
В мероприятии приняли участие не только отечественные учёные, но и российские коллеги, которые поделились своим опытом.
В завершение семинара ведущие учёные выступили с обсуждениями и внесли важные предложения по развитию органической продукции, её переработке и выходу на рынок.
Семинар способствовал укреплению связи между наукой и производством и придал импульс развитию инновационных направлений в сфере органического сельского хозяйства.
@agro__press @nasec.kz
