13.08.2025
Соңғы жаңалықтар
Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына (ҚазЕжӨШҒЗИ) Қытай Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының (ICS-CAAS) делегациясы ресми сапармен келді.
Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын жетілдіру, ғылыми технологиялар мен ресурстар алмасу, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады. Ерекше назар селекция, генетикалық қорды жетілдірудегі инновациялар, агротехникалық тәсілдер және заманауи егіншілік әдістерін енгізу тақырыптарына аударылды.
Қонақтар институттың ғылыми жетістіктерімен танысып, зертханаларды, тәжірибе алқаптарын және селекциялық учаскелерді аралады. Сапар қорытындысында тараптар ынтымақтастық ғылыми байланыстарды нығайтуға және аграрлық саладағы инновацияларды дамытуға серпін беретініне сенім білдірді.
Делегация құрамында ICS-CAAS-тың жетекші ғалымдары, соның ішінде атқарушы бас директор профессор Лю Сян Лиу, профессор Жун Ся Гуань, профессор Чжуань Фан Хао және профессор Хун Чун Сюн болды.
КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.