16.05.2025
Соңғы жаңалықтар
Ұлттық ғылыми және инновациялық зерттеулер академиясы (NATIONAL ACADEMY OF SCIENTIFIC AND INNOVATIVE RESEARCH) ұйымдастырған «Жылдың үздік жас ғалымы – 2025» халықаралық байқауының қорытындысы бойынша Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жас зерттеушілері: Дженисбаева Асель Муратқызы, Майкотов Бекжан Нурқадамұлы,
Қойланов Қасымхан Сансызбайұлы, жоғары ғылыми жетістіктері мен кәсіби белсенділігі үшін жеңімпаз атанып, арнайы марапаттарға ие болды.
Байқаудың мақсаты – жас ғалымдардың ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыру, олардың отандық және халықаралық деңгейдегі зерттеулерге қосқан үлесін мойындау және ғылымдағы үздік тәжірибелерді насихаттау. Бұл бастама Қазақстанда жас ғалымдарды қолдаудың маңызды тетігіне айналып отыр.
70-тен астам жас зерттеуші қатысты. Бұл байқау аясында жеңімпаздарға:
✔ «Жылдың үздік жас ғалымы – 2025» медалі
✔ Құрмет грамотасы
✔ Салтанатты статуэтка
✔ Ғылыми жетекшіге алғыс хаты табысталды.
Аталған марапат – біздің ғалымдарымыздың табысты ғылыми қызметін, сондай-ақ ұлттық ғылым мен білімнің дамуына қосқан елеулі үлесін дәлелдейді.
КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.