Последние новости

Соңғы жаңалықтар

07.06.2024

Ахметбек Қоңырбаев: «Бірігіп жұмыс істеуге дайынмын»

Dark Mode

Ауыл ХДПП Алматы қаласы өңірлік филиалының төрағасы Ахметбек Қоңырбаев Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институт қызметкерлерімен кездесу өткізді.

— Сіздердің институттарыңызды сырттай білеміз. Институттын экономикаға, ауылға жасап жатқан еңбектеріңіз көп. Өйткені, институттың жұмысы ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Ұжыммен танысу ұшын, біздің партиямыздың жоспарын, қандай қарым-қатынаста болуымыз керек екенін, сол мәселелер бойынша келдім – деді Ахметбек Қоңырбаев.

Кездесу барысында Басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаева бірігіп жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

— Ғылымдарға көмек көрсетілмейді. Бір бөлек бағдарлама болса. Бізде кәзір ғылымдардың шешілмей жатқан проблемалар өте көп. Сізде үлкен мүмкіндіктер бар. Біз сізді арнайы таңдадық, қолдадық. Партия тарапынан ешқандай қолдау көріп отырған жоқпыз. Ғылымсыз бірде-бір ел өмір сүрмейтінін білесіз, бұл ғылымды көтеруді қажет ететін сала. Әр ел ең алдымен өз ғылымындарын көтереді. Партия ең алдымен ғылым мәселесін көтеріп, бізбен бірге жұмыс істеуі керек. Біз тығыз жұмыс істеуіміз керек, ұлттық генофондты, селекцияны қалпына келтіруіміз керек. Қанша институт жабылып жатыр. Сондықтан «Ауыл» партияңыздың аты атына сай болуы керек, бірігіп жұмыс жасауымыз керек. Бәріміз ауылдан шыққанбыз. Сондықтан, жұмыс істейік, біздің ғалымдармен сөйлесіңіз, жиналыстарымызға қатысып, айтқанымызды тыңдап, сол жерде талқылайық. Позициямызды нығайтуымыз керек. Генофонд пен селекция біздің азық-түлік қауіпсіздігімізге әсер етеді. Суару суы бізге қиындық туғызуда. Біз дайынбыз, ұсыныстарымызды депутаттарға жеткізіңіз. Нәтиже болуы үшін – деді Шолпан Бастаубаева.

— Мен бұл мәселелерді көтеремін және біз бірге шешеміз, өйткені бұл Отан игілігі үшін және елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қатысты. Осы бағытта жұмыс істейтін боламыз. Әрине, соңғы кездері ғылымға жеткілікті көңіл бөлінбей келеді. Ал бұл елдің агроөнеркәсіп кешеніне әсер етті. Сондықтан, бүгінгі сапарым институттың тарихымен танысу, бүгінгі таңда қандай жұмыстар атқарылып жатқанын көру үшін келдім. Сайлауда бізді қолдағандарыңызды білеміз. Болашақта бізді қолдайды деп ойлаймын, сондықтан мен сіздермен жақынырақ танысуға жөн көрдім. Алдағы уақытта барлық мәселені бірлесіп шешіп, депутаттар мен үкіметтің назарына ұсынамыз. Біз сіздердің мәселелеріңізді шешуге көмектесеміз. Сіздің өтініштеріңізді қарастырамыз. Біз олармен жұмыс істейтін боламыз, — деді Ауыл ХДПП Алматы қаласы өңірлік филиалының төрағасы Ахметбек Қоңырбаев.

Институт қызметкерлері көптеген сұрақтар қойды, атап айтқанда, «Отбасы Банкі» бағдарламасы бойынша ипотекалық баспана алуға қызығушылық танытты. «Ауыл» партиясының депутаты бұл мәселені шешуге, көмектесуге уәде берді.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X