Последние новости

Соңғы жаңалықтар

10.04.2026

Алматыда Ғылым қызметкерлері күні аталып өтті: Шолпан Бастаубаева академик Н. Базанова атындағы марапатқа ие болды

Dark Mode

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы жанында Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шара Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы» ғимаратында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Іс-шара отандық ғылым жетістіктерін насихаттауға және ғылыми қауымдастықтың әлеуетін көрсетуге бағытталды. Оның аясында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Ғалымдар аллеясында» ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылып, ұрпақтар сабақтастығының символына айналды.

Жиынға мемлекеттік органдар өкілдері, академиктер, ғылыми ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғалымдар мен жас зерттеушілер қатысты. Медицина, биотехнология, генетика, археология және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру бағыттары бойынша баяндамалар ұсынылды. Сонымен қатар, отандық ғалымдардың инновациялық жобалары мен технологиялары көрмеге қойылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдар марапатталды. Солардың қатарында ҚазЕжӨШҒЗИ Басқарма Төрағасы Шолпан Бастаубаева академик Н. Базанова атындағы марапатқа ие болды.

Бұл марапат Найля Базанова есімімен аталады. Ол –Қазақстандағы биохимия ғылымының негізін қалаушылардың бірі, көрнекті ғалым.

Институт ұжымы Шолпан Бастаубаеваны жоғары марапатымен шын жүректен құттықтайды!

Сізге зор денсаулық, жаңа жетістіктер және отандық аграрлық ғылымды дамыту жолындағы табыстар тілейміз!

В Алматы отметили День работников науки: Шолпан Бастаубаева удостоена награды имени академика Н. Базановой

Сегодня в Национальной академии наук Республики Казахстан при Президенте Республики Казахстан состоялось торжественное мероприятие, посвящённое Дню работников науки. Событие прошло на высоком организационном и содержательном уровне в здании «Ғылым ордасы» в Алматы.

Мероприятие было направлено на популяризацию достижений отечественной науки и демонстрацию потенциала научного сообщества страны. В его рамках при поддержке акимата города Алматы состоялась акция по высадке деревьев на «Аллее учёных», ставшая символом преемственности поколений.

В торжестве приняли участие представители государственных органов, академики, руководители научных организаций, ректоры вузов, учёные и молодые исследователи. Были представлены доклады по ключевым направлениям – медицине, биотехнологиям, генетике, археологии и коммерциализации научных разработок. Также организована выставка инновационных проектов и технологий казахстанских учёных.

По итогам мероприятия ряд учёных был отмечен ведомственными наградами. В их числе – Председатель Правления КазНИИЗиР Шолпан Бастаубаева, удостоенная награды имени академика Н. Базановой.

Награда носит имя Найли Базановой – выдающегося учёного, одного из основоположников биохимии в Казахстане. Её вклад в развитие науки стал важной частью истории отечественной научной школы.

Коллектив института искренне поздравляет Шолпан Бастаубаеву с высокой наградой!

Желаем крепкого здоровья, новых достижений и дальнейших успехов в развитии аграрной науки Казахстана.

@agro__press @nasec.kz


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X