Последние новости

Соңғы жаңалықтар

18.11.2025

Ауқымды Аграрлық форум: органикалық өндіріс негізгі тақырыпқа айналды

Dark Mode

Астанада ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумы өтті. Іс-шараға ҚазӨжШҒЗИ басқарма төрайымы Шолпан Бастаубаева және жас ғалым, PhD доктор, ҚазӨжШҒЗИ-дың аға ғылыми қызметкері Алтынай Жакатаева қатысты.

Форумға екі мыңға жуық адам жиналып, саланың маңызды мәселелерін талқылауға арналған ең ірі алаңдардың біріне айналды. Қатысушылар форум форматының мазмұнды әрі тиімді өткенін атап өтті.

Алдымен Ауыл шаруашылығы министрі сөз сөйлеп, саладағы өзекті түйткілдерді атап өтті, қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтады және алдағы жұмыс бағыттарын белгіледі. Одан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев баяндама жасады.

Президент тиімді жер пайдалану заманауи агротехнологияларды қатаң ұстанғанда ғана мүмкін болатынын атап өтті. 2022 жылдан бері мемлекет меншігіне 14 млн гектар пайдаланылмаған жер қайтарылған. Мемлекет басшысы бұл жерлерді келесі жылдың ортасына дейін толық айналымға енгізіп, нәтижелі жұмыс істей алатын шаруаларға беруді тапсырды.

Форумның негізгі басымдығы – органикалық ауыл шаруашылығын дамыту. Президенттің айтуынша, ұлттық «Qazaq Organicfood» бренді халықаралық нарықта лайықты орын алуы үшін барлық мүдделі тараптардың бірлескен жұмысы қажет:

органикалық технологияларды енгізу, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру, биологиялық қорғауды дамыту, өндірісті халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкестендіру.

Форум органикалық өндірістің болашағын талқылауға мүмкіндік берген маңызды диалог алаңы болып, сала мамандарының еңбегін атап өтуге жағдай жасады.

Крупный Аграрный форум в Астане: органическое производство стало главной темой

В Астане прошёл второй Форум работников сельского хозяйства, в котором приняли участие председатель Правления КазНИИЗиР Шолпан Бастаубаева и молодой учёный, PhD доктор, старший научный сотрудник КазНИИЗиР Алтынай Жакатаева.

Форум собрал около двух тысяч участников и стал одной из самых масштабных площадок отрасли. Участники отметили содержательный формат, позволивший открыто обсудить ключевые вопросы аграрного развития.

Открыл мероприятие министр сельского хозяйства, который обозначил текущие проблемы отрасли, поздравил работников с профессиональным праздником и представил приоритеты дальнейшей работы. После него выступил Президент Касым-Жомарт Токаев.

Глава государства подчеркнул, что эффективное использование земель возможно только при строгом соблюдении современных агротехнологий. С 2022 года государству возвращено более 14 млн гектаров неиспользуемых земель, и Президент поручил ввести их в постоянный оборот до середины следующего года, передав тем, кто способен работать результативно.

Ключевой акцент форума был сделан на развитии органического сельского хозяйства. Президент отметил, что национальный бренд «Qazaq Organicfood» должен занять прочное место на мировом рынке. Для достижения этой цели необходимо объединение усилий науки, аграрных институтов и бизнеса: внедрение органических технологий, восстановление плодородия почв, расширение биозащиты, переход на экологичные модели производства в соответствии с международными стандартами.

Форум стал важным событием для обсуждения перспектив органического сельского хозяйства и площадкой для чествования работников, внёсших значимый вклад в развитие отрасли.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X