Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығын жетілдіру: жаңа цифрлық қадағалау жүйесі іске қосылды
2025 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау аясында ҚР Ұлттық ғылым академиясы мен Алматы облысы әкімдігі бірлесіп, «Тұқымдарды цифрлық қадағалау жүйесін енгізу негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығын жетілдіру» тақырыбында өңірлік семинар-кеңес өткізді.
Іс-шара барысында тұқым қозғалысын цифрлық қадағалау жүйесі таныстырылып қана қоймай, Алматы облысының тұқым шаруашылығы субъектілері базасында пилоттық режимде іске қосылды.

ҚР ҰҒА президенті А.Қ. Күрішбаев атап өткендей:
«Өнімділіктің шамамен 25%-ы тұқым сапасына байланысты. Өкінішке қарай, елімізде сапасыз тұқым мен сорт жаңарту жұмыстарының жеткіліксіздігі өнімділіктің төмендеуіне әсер етіп отыр».
ҚазЕжӨШҒЗИ атынан сөз сөйлеген Басқарма Төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары Азамат Хидиров осы пікірді қолдап, тұқым шаруашылығының жаңа деңгейге шығуы үшін цифрландырудың маңызын атап өтті:
«Цифрлық қадағалау жүйесі – бұл саланың ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар фермерлерге нақты әрі жедел ақпарат береді. Ең бастысы – тұқым сапасы бақыланып, әділ бәсекелестік қалыптасады», – деді ол.
Семинарға ҚР ҰҒА президенті А.Қ. Күрішбаев, Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиев, ҚР АШМ өкілдері, ФАО сарапшылары, фермерлер, бизнес пен ғылым өкілдері қатысты.

Совершенствование семеноводства: в Казахстане запущена цифровая система контроля
24 сентября 2025 года в рамках выполнения поручений Президента Республики Казахстан Национальная академия наук РК совместно с акиматом Алматинской области провела региональный семинар-совещание «Совершенствование системы семеноводства сельскохозяйственных культур на основе внедрения цифрового контроля».
На встрече была не только представлена цифровая система отслеживания движения семян, но и запущена в пилотном режиме на базе хозяйств Алматинской области.
Президент НАН РК А. К. Куришбаев подчеркнул:
«Около 25% урожайности зависит от качества семян. К сожалению, в Казахстане низкая обновляемость сортов и использование некачественного посевного материала приводит к снижению производительности».
От имени КазНИИЗиР выступил заместитель Председателя Правления по науке Азамат Хидиров, который отметил важность цифровизации:

«Система цифрового контроля не только обеспечит прозрачность семеноводства, но и даст фермерам доступ к актуальной информации. Самое главное – это позволит повысить качество семян и создать честную конкуренцию», – сказал он.
В семинаре приняли участие президент НАН РК А. К. Куришбаев, аким Алматинской области М. Е. Султангазиев, представители МСХ РК, эксперты ФАО, фермеры, бизнес и научное сообщество.