Цифрландыру және жасанды интеллект: Аграрлық саланың жаңа мүмкіндіктері
2025 жылғы 13 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазҰАЗУ) Ситуациялық орталығында Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «Қазақстанның аграрлық саласындағы цифрлық трансформация және жасанды интеллект» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға университеттің белгілі ғалымдары, сондай-ақ ҚазҰАЗУ сенімгерлік басқаруындағы ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты.

ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы – Ректордың Бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов құттықтау сөзінде аграрлық секторды цифрландырудың стратегиялық маңызын атап өтіп, ғылыми ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар және өндіріс арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың өзекті екенін ерекше айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші Ауыл шаруашылығы қызметкерлері форумында:
«Агроөнеркәсіп кешенін одан әрі цифрландыру мен автоматтандыру мәселесі ұдайы назарда болуға тиіс», — деп атап өткен болатын. Осы үндеу дөңгелек үстелдегі талқылаулардың негізгі бағдарына айналды.

Жиын барысында еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін цифрландыруға бағытталған бірқатар өзекті ғылыми және практикалық жобалар ұсынылды. Атап айтқанда: тұқымдарды бақылаудың цифрлық жүйесі; ара шаруашылығындағы селекциялық-асылдандыру үдерісін басқару жүйесі; АӨК үшін кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект; орнықты агроөндірістің негізі ретінде цифрлық егіншілік; агроөнеркәсіп саласындағы жасанды интеллект шешімдері, агроөңдеу саласындағы интеллектуалды басқару жүйелері.
Қатысушылардың пікірінше, цифрландыру мен ИИ технологияларын енгізу өндіріс тиімділігін арттырып, өнім сапасын жақсартады, басқару үдерістерін оңтайландырады және саланың тұрақты дамуына жол ашады.
Дөңгелек үстел белсенді пікірталаспен аяқталып, Қазақстанның аграрлық секторына цифрлық шешімдерді одан әрі енгізу жөніндегі нақты ұсыныстар әзірленді.
Іс-шара соңында барлық баяндамашыларға ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы – Ректор Куришбаев А.К. атынан Алғыс хаттар табысталды. Бұл олардың аграрлық ғылымды дамытуға, инновацияларды интеграциялауға және ғылыми-практикалық қызметке қосқан үлестеріне көрсетілген жоғары бағалау болды.
Өткен дөңгелек үстел отырысына ҚазЕжӨШҒЗИ (КазНИИЗиР) инновациялар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Серік Абаев қатысты. Іс-шара барысында ол институттың аграрлық ғылым мен өндірісті цифрландыру бағытында жүзеге асырып жатқан жобалары, смарт-агробақылау жүйелері, дәл егіншілік технологиялары және цифрлық деректерді интеграциялау тәжірибесі туралы толық ақпарат ұсынды.

Сондай-ақ, Серік Абаев ауыл шаруашылығын тиімді дамытуда цифрлық шешімдердің маңызы артып келе жатқанын атап өтіп, алдағы жылдарға арналған перспективалық бағыттармен бөлісті.
13 ноября 2025 года в Ситуационном центре Казахского национального аграрного исследовательского университета (КазНАИУ) состоялся круглый стол на тему «Цифровая трансформация и искусственный интеллект в аграрной сфере Казахстана», приуроченный ко Дню работников сельского хозяйства.
Мероприятие собрало ведущих ученых университета, а также представителей научно-исследовательских институтов, находящихся в доверительном управлении КазНАИУ.

В приветственном слове Первый заместитель Председателя Правления – Ректора Примкул Ибрагимов подчеркнул стратегическое значение цифровизации аграрного сектора и отметил важность тесного взаимодействия научных организаций, государства и реального производства.
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на Первом форуме работников сельского хозяйства особо отметил: «В зоне постоянного внимания должны быть вопросы дальнейшей цифровизации и автоматизации агропромышленного комплекса». Это высказывание стало ключевым ориентиром для обсуждений, прошедших в ходе круглого стола.
Участникам были представлены актуальные научные и практические разработки в сфере цифровизации АПК, среди них: цифровая система прослеживаемости семян; система управления селекционно-племенным процессом в пчеловодстве; пространственно-временной искусственный интеллект для нужд АПК; цифровое земледелие как базис устойчивого агропроизводства; решения на основе искусственного интеллекта в агропромышленной сфере; интеллектуальные системы управления производством в агропереработке.
В прошедшем круглом столе принял участие заместитель Председателя Правления по инновациям КазНИИЗиР Серик Абаев. В ходе мероприятия он представил информацию о проектах института в сфере цифровизации аграрной науки и производства, включая системы смарт-агроконтроля, технологии точного земледелия и опыт интеграции цифровых данных.

Серик Абаев также подчеркнул возрастающее значение цифровых решений в повышении эффективности аграрного сектора и поделился перспективными направлениями развития на ближайшие годы.
Специалисты отметили, что цифровизация и внедрение ИИ-технологий позволяют существенно повысить производительность, улучшить качество продукции, оптимизировать управление и обеспечить устойчивое развитие аграрной отрасли.
Работа круглого стола завершилась активной дискуссией и обменом практическими предложениями по дальнейшему внедрению цифровых технологий в АПК Казахстана.
В завершение мероприятия всем докладчикам были вручены Благодарственные письма от имени Председателя Правления – Ректора КазНАИУ Куришбаева А.К., что стало признанием их вклада в развитие аграрной науки, интеграцию инноваций и многолетнюю научно-практическую деятельность.
