Последние новости

Соңғы жаңалықтар

18.09.2025

Цифровая трансформация и аграрная наука: ключевые акценты Послания Президента и обсуждение в КазНИИЗиР

Dark Mode

Послание Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева от 8 сентября 2025 года стало важным ориентиром для аграрной отрасли и научного сообщества страны. Глава государства обозначил ключевые вызовы и направления развития Казахстана в условиях стремительного технологического прогресса, особое внимание уделив роли искусственного интеллекта, больших данных и цифровой трансформации.

Основные акценты Послания: переход от сырьевой модели к экономике знаний; внедрение ИИ в агросектор для повышения урожайности, точного земледелия и эффективного управления ресурсами; развитие человеческого капитала через STEM-образование и подготовку специалистов в сфере ИИ; усиление роли научных институтов и внедрение цифровых решений в исследованиях, в том числе в сельском хозяйстве; формирование нормативной базы по этике и безопасности данных.

Президент также обратил внимание на проблемные аспекты аграрной науки: низкую отдачу при значительных бюджетных вложениях, слабую коммерциализацию (около 17%), недостаточный приток молодых специалистов и разрыв между институтами и практикой на селе. Решением должны стать молекулярная селекция, генная инженерия, разработка засухоустойчивых сортов и внедрение климат-адаптивного земледелия.

Обсуждение в КазНИИЗиР

Сегодня в Казахском научно-исследовательском институте земледелия и растениеводства состоялось заседание Ученого совета, где рассмотрели ключевые направления развития аграрной науки и практики.

В повестку дня вошли: Послание Президента «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта: актуальные задачи и их решения через цифровую трансформацию». С докладом выступил заведующий лабораторией земледелия, канд. с.-х. наук Р.К. Жапаев, подчеркнувший необходимость внедрения ИИ и инновационных технологий в сельское хозяйство.

Ход работ по созданию Национального генбанка сельскохозяйственных культур. Доклад представили д-р биол. наук, проф. М.А. Есимбекова и д-р PhD Д.Г. Таджибаев. Было отмечено, что генбанк станет важным инструментом сохранения биоразнообразия и продовольственной безопасности страны.

Отчет по индикативным показателям на 2025 год в рамках бюджетных программ Министерства сельского хозяйства и Министерства науки и высшего образования РК. Докладчик –заместитель Председателя Правления по науке, канд. с.-х. наук А.Э. Хидиров, который обозначил достижения и проблемные вопросы.

Отчеты сотрудников по зарубежным командировкам. Своим опытом поделились НС Е.Е. Абишев (лаборатория кукурузы и сорговых культур) и НС Нүсіпбай Қ. (лаборатория зернобобовых культур).

В разделе «Разное» обсуждались организационные вопросы. Кроме того, сотрудникам института были вручены патенты на селекционные достижения, патент на полезную модель, патент на изобретение, свидетельство на объект авторского права, а также свидетельства на новые сорта мягкой яровой пшеницы и сои.

Заместитель Председателя Правления по инновациям КазНИИЗиР Серик Абаев отметил, что ключевыми направлениями работы института остаются цифровая трансформация, создание генбанка и выполнение государственных научных программ.

Участники заседания подчеркнули, что успешная реализация задач, поставленных Президентом, требует объединения усилий науки, образования и бизнеса, а также ориентации исследований на практическое применение и коммерциализацию.

Цифрлық трансформация және аграрлық ғылым: Президент Жолдауындағы негізгі басымдықтар және ҚазЕжӨШҒЗИ-дағы талқылау

2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аграрлық сала мен елдің ғылыми қауымдастығы үшін маңызды бағдар болды. Мемлекет басшысы жедел технологиялық прогресс жағдайында Қазақстан дамуының негізгі сын-қатерлері мен бағыттарын айқындап, жасанды интеллект, үлкен деректер және цифрлық трансформацияның рөліне айрықша назар аударды.

Жолдаудың негізгі басымдықтары:

шикізаттық модельден білім экономикасына көшу;

ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыру, дәлме-дәл егіншілік пен ресурстарды тиімді басқару үшін ЖИ енгізу;

адами капиталды STEM-білім беру арқылы дамыту және ЖИ саласында мамандар даярлау;

ғылыми институттардың рөлін күшейту және ауыл шаруашылығы зерттеулерінде цифрлық шешімдерді қолдану;

деректер этикасы мен қауіпсіздігі бойынша нормативтік базаны қалыптастыру.

Президент сондай-ақ аграрлық ғылымдағы проблемалық тұстарға тоқталды: қомақты бюджет қаражаттары жұмсалғанымен, қайтарымның төмендігі, коммерцияландырудың әлсіздігі (шамамен 17%), жас мамандардың жеткіліксіз келуі және институттар мен ауылдағы тәжірибенің алшақтығы. Бұл мәселелерді шешудің жолдары –молекулалық селекция, гендік инженерия, құрғақшылыққа төзімді сұрыптар шығару және климатқа бейімделген егіншілікті енгізу.

ҚазЕжӨШҒЗИ-дағы талқылау

Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында Ғылыми кеңестің отырысы өтіп, аграрлық ғылым мен тәжірибенің негізгі даму бағыттары қаралды.

Күн тәртібінде:

Президент Жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу». Баяндама жасаған – егіншілік зертханасының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Р.К. Жапаев, ол ауыл шаруашылығына ЖИ мен инновациялық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының Ұлттық генбанкін құру жұмыстарының барысы. Баяндамашылар – биология ғылымдарының докторы, профессор М.А. Есимбекова және PhD докторы Д.Г. Таджибаев. Генбанк елдің биоалуантүрлілігін сақтаудың және азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды құралы болатыны айтылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің бюджеттік бағдарламалары аясында 2025 жылға арналған индикативтік көрсеткіштер бойынша есеп. Баяндамашы – ғылым жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты А.Э. Хидиров, ол жетістіктер мен проблемалық мәселелерге тоқталды.

Шетелдік іссапарлар бойынша қызметкерлердің есептері. Өз тәжірибесімен жүгері және сүрлемдік дақылдар зертханасының ғылыми қызметкері Е.Е. Әбішев және бұршақ тұқымдас дақылдар зертханасының ғылыми қызметкері Нүсіпбай Қ. бөлісті.

«Әртүрлі мәселелер» бөлімінде ұйымдастырушылық сұрақтар қаралды. Сонымен қатар, институт қызметкерлеріне селекциялық жетістіктерге берілген патенттер, пайдалы модельге патент, өнертабыстық патент, авторлық құқық нысанына куәлік, сондай-ақ жаңа жұмсақ жаздық бидай мен соя сұрыптарына куәліктер табыс етілді.

ҚазЕжӨШҒЗИ инновация жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары Серік Абаев институт жұмысының негізгі бағыттары цифрлық трансформация, генбанк құру және мемлекеттік ғылыми бағдарламаларды орындау екенін атап өтті.

Отырыстың қатысушылары Президент айқындаған міндеттердің табысты жүзеге асырылуы ғылым, білім және бизнестің күш-жігерін біріктіруді, сондай-ақ зерттеулерді практикалық қолдануға және коммерцияландыруға бағыттауды талап ететінін атап өтті.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X