Халықаралық ғылыми іссапар
КазЕжӨШҒЗ институттың бас ғылыми қызметкері профессор Рсалиев Шынболат Сырашұлы 2025 жылғы 16-20 қараша аралығында Қытайдың Синдао қаласында іссапарда болды. Синдао – Сары теңіздің жағасында орналасқан елдің маңызды ғылыми-экономикалық орталығы. Рсалиев Ш.С. Синдао ауыл шаруашылық университеті ұйымдастырған халықаралық конференцияға қатысып, ғылыми баяндама жасады, бұл шара Шаңқай ынтымақтастық одағының бағдарламасын жүзеге асыруға арналған. Баяндамада 2023–2025 жылдары гранттық жоба аясында ресейлік және өзбекстандық әріптестермен жүргізілген тәжірибелердің нәтижелері ұсынылды.

Конференцияға Мәскеу мемлекеттік университетінің, Санкт-Петербургтегі Бүкілресейлік өсімдік қорғау институтының, Ташкент химиялық технология институтының ғалымдары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикасы мен селекциясы бойынша Қытайдың алдыңғы қатарлы зерттеушілері қатысты.
Форум барысында қатысушыларды Синдао қаласындағы ғылыми орталықтармен таныстырды: Smart Biotech Molecular Breeding лабораториясы, Qingdao Modern Seed Industry Innovation Center және басқалар. Сондай-ақ, Қытай-ШОС сауда экономикалық орталығы көрсетілді. Конференция соңында қатысушыларға Синдао ауыл шаруашылық университетінің сертификаты табысталды.

Международная научная командировка
Главный научный сотрудник института профессор Рсалиев Шынболат Сырашович с 16 по 20 ноября 2025 года находился в командировке в Циндао (Китай). Циндао – важный научный и экономический центр страны, расположенный на побережье Желтого моря.
Рсалиев Ш.С. принял участие в международной конференции, организованной Циндаоским сельскохозяйственным университетом в рамках программы Шанхайской организации сотрудничества, и выступил с научным докладом. В докладе были представлены результаты экспериментов, проведенных совместно с российскими и узбекскими коллегами в рамках грантового проекта 2023–2025 годов.

В конференции участвовали ученые из МГУ, Всероссийского института защиты растений (Санкт-Петербург), Ташкентского химико-технологического института, а также ведущие китайские исследователи в области генетики и селекции сельскохозяйственных культур.
В ходе форума участников познакомили с научными центрами Циндао: Лабораторией молекулярной селекции Smart Biotech, Инновационным центром современного семеноводства Циндао и другими. Также был показан Торгово-экономический центр Китай-ШОС. По итогам конференции участникам были вручены сертификаты Циндаоского сельскохозяйственного университета.

