17.04.2025
Соңғы жаңалықтар
2025 жылғы 16 сәуір күні Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалағаш ауылдық округінде ауыл шаруашылығының өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша ұйымдастырылған көрмеге Қазақ Егіншілік және Өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдары қатысты.
Іс-шараға Қырғыз Республикасы, Ыстықкөл облысы, Түп ауданының әкімі басқарған бірнеше шаруа қожалықтарының өкілдері арнайы жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі аграрлық жобалармен және өсімдік шаруашылығы саласындағы заманауи технологиялармен танысты.
Көрмеге Қазақ Егіншілік және Өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ауруларға төзімді, өнімділігі жоғары тұқымдары, ауыл шаруашылығында органикалық егіншілікте дақылдарды өсіру технологиясы таныстырылып, тәжірибе алмасу алаңына айналды. Қонақтар агроөндірістік кешендегі инновациялық тәсілдер мен ғылыми жетістіктерге жоғары баға берді. Бұл шара халықаралық агроынтымақтастықты нығайтудың тиімді алаңы болды.
Білім тарату орталықтың басшысы Сейіткәрім Қалтайұлы өз сөзінде ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жетілдіру жолындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары жайында баяндап, институттың осы бағыттағы ғылыми жетістіктерін атап өтті. Ал биология ғылымдарының докторы, профессор Исатай Ахайұлы институт ғалымдары шығарған дәнді, дәнді-бұршақ, майлы, малазықтық дақылдардың сорттары мен будандарының ерекшеліктері туралы мәлімдеме жасады.
КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.