21.11.2025
Соңғы жаңалықтар
2025 жылдың 27–31 қазан күндері ҚазЕжӨШҒЗИ қызметкері Мұкин Қ.Б. Марокконың Рабат қаласында өткен «Генбанктердегі деректерді басқару» атты халықаралық семинарға қатысты. Семинарды Crop Trust ұйымының өкілдері – Matija Obreza, Juan Carlos Alarcón және Yassine Nahdi ұйымдастырды.

Іс-шара барысында қатысушылар генетикалық ресурстарға қатысты деректерді тіркеу және сақтау бойынша заманауи жүйелермен танысты. Атап айтқанда, әлемнің жетекші генбанктерінде қолданылатын GRIN Global Community Edition (GGCE) және Genesys платформалары таныстырылды.

Сонымен қатар, 3–5 қараша аралығында Мұкин Қ.Б. Рабаттағы ИКАРДА Генбанкіне барып, оның жұмысы мен құжаттандыру жүйесімен танысты. Бұл сапар өсімдік генетикалық ресурстарын сақтау саласындағы әріптестікті нығайтуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Семинар по генбанкам в Марокко: участие сотрудника КазНИИЗиР
С 27 по 31 октября 2025 года сотрудник КазНИИЗиР Мукин К.Б. принял участие в международном семинаре «Управление данными в генных банках», прошедшем в Рабате (Марокко). Мероприятие было организовано специалистами Crop Trust –Matija Obreza, Juan Carlos Alarcón и Yassine Nahdi.

В рамках семинара участники ознакомились с современными системами учёта и хранения данных генетических ресурсов, включая платформы GRIN Global Community Edition (GGCE) и Genesys, которые используются ведущими генными банками мира.
Кроме того, с 3 по 5 ноября Мукин К.Б. посетил Генбанк ИКАРДА в Рабате, где изучил его деятельность, инфраструктуру и систему документирования коллекций. Поездка позволила обменяться опытом и укрепить сотрудничество в сфере сохранения генетических ресурсов растений.
КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.