13.06.2025
Соңғы жаңалықтар
11 маусымда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде ғылымның тағы бір маңызды белесі бағындырылды.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 – Өсімдік шаруашылығы мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте Дубекова Салтанат Бақытжанқызының докторлық диссертациясының қорғауы сәтті өтті.
Ізденуші «Күздік бидайдың сары тат ауруына төзімділік селекциясына бастапқы материал шығарудың иммунологиялық негіздері» тақырыбында 8D08104 – Өсімдік қорғау және карантин білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы дәрежесін алу үшін ғылыми жұмысын қорғады.
Қорғау нәтижесінде диссертациялық кеңестің №6 хаттамасы негізінде Салтанат Бақытжанқызына философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешім қабылданды.
Бұл еңбек еліміздің өсімдік шаруашылығы ғылымына қосылған тағы бір елеулі үлес болып табылады. Ғылым жолындағы жаңа жетістіктеріңіз құтты болсын!
КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.