Самсунда XI Халықаралық Еуразиялық топырақтану конгресі өтті
2025 жылғы 1–4 қыркүйек аралығында Түркияның Самсун қаласында «Климаттың өзгеруі жағдайында топырақтану және өсімдіктерді қоректендіру саласындағы инновациялар» тақырыбындағы XI Халықаралық Еуразиялық топырақтану конгресі өтті.

Ондогуз Маиис университетінің Конгресс-холлында өткен шараға әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар, зерттеушілер, сарапшылар мен саясаткерлер қатысты. Конгресс барысында ауызша және стендтік баяндамалар, интерактивті семинарлар мен панельдік пікірталастар өтті. Негізгі тақырыптар топырақ құнарлылығы, өсімдіктерді тұрақты қоректендіру және климатқа бейімделген агротехнологиялар болды.

Конгреске Қазақстан атынан Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылым жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Ахзамат Хидиров пен топырақтану және агрохимия зертханасының меңгерушісі Алмағұл Мәлімбаева қатысты. Олар қазақстандық зерттеулердің нәтижелерін ұсынып, халықаралық ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

Конгресс ғылыми білім алмасудың ғана емес, халықаралық ынтымақтастықты орнатудың да алаңы болды. Қатысушылар Самсун қаласына саяхат жасап, оның мәдениетімен және тарихымен танысты. Шара салтанатты гала-аспен аяқталды.
Келесі, XII Еуразиялық топырақтану конгресі Грузияда өтеді.
В Самсуне прошёл 11-й Международный Евразийский почвенный конгресс
С 1 по 4 сентября 2025 года в городе Самсун (Турция) прошёл 11-й Международный конгресс «Инновации в почвоведении и питании растений в условиях изменения климата» (Евразийский почвенный конгресс 2025).

Мероприятие объединило ведущих исследователей, учёных, отраслевых экспертов и политиков со всего мира. В Конгресс-холле университета Ондогуз Маиис состоялись устные и стендовые доклады, интерактивные семинары и панельные дискуссии. Особое внимание было уделено вопросам плодородия почв, устойчивого питания растений и климатоадаптивных технологий.

В работе конгресса также приняли участие представители Казахстана: заместитель председателя правления Казахского научно-исследовательского института земледелия по науке Ахзамат Хидиров и заведующая лабораторией почвоведения и агрохимии Алмагул Малимбаева, которые представили результаты казахстанских исследований и обсудили перспективы международного сотрудничества.
Конгресс стал важной площадкой не только для обмена знаниями, но и для установления международного сотрудничества. В завершение мероприятия участники насладились туром по Самсуну, познакомились с культурой города, а финальным аккордом стал торжественный гала-ужин.
Следующий, 12-й Евразийский почвенный конгресс, пройдёт в Грузии.