Последние новости

Соңғы жаңалықтар

25.09.2025

Жамбыл облысында ҚазЕжӨШҒЗИ құрғақшылыққа төзімді бидай сұрыптарын таныстырды

Dark Mode

2025 жылғы 24 қыркүйекте Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы «Сыпатай батыр» элиталық тұқым шаруашылығы базасында ҚазЕжӨШҒЗИ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен құрғақшылыққа төзімді астық дақылдарының сұрыптарын өсіру технологиясына арналған «Дала күні» өтті.

Іс-шараға Меркі ауданы әкімінің орынбасары Арғымбаев Қайрат Рахымбайұлы, сондай-ақ өңірдің шаруалары мен аграрийлері қатысты. Шара барысында топырақты өңдеу мен күздік бидай сұрыптарын себудің заманауи технологиялық тәсілдері көрсетілді.

Баяндамалар жасады:

Абаев С.С. — Басқарма төрағасының орынбасары

Айнебекова Б.А. — дәнді дақылдар зертханасының меңгерушісі

Жүсіпбеков Е.К. — топырақтану және агрохимия зертханасының аға ғылыми қызметкері

Қалтаев С.К. — Білімді тарату орталығының басшысы

Сондай-ақ институт қызметкерлері ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері Шайхиев К.К.-ға арналған Меркі аудандық музейіндегі естелік бұрыштың ашылуына қатысты. Институт атынан құттықтау сөз сөйлеген — Қалтаев С.К.

В Жамбылской области КазНИИЗиР представил засухоустойчивые сорта пшеницы

24 сентября 2025 года на базе элитно-семеноводческого хозяйства ТОО «Сыпатай батыр» (Жамбылская область, Меркенский район) сотрудники ТОО «КазНИИЗиР» организовали и провели «День поля» по технологии возделывания засухоустойчивых сортов зерновых культур.

В мероприятии приняли участие заместитель акима Меркенского района Аргымбаев Кайрат Рахымбаевич, фермеры и аграрии региона. В рамках «Дня поля» состоялся демонстрационный показ современных приёмов обработки почвы и посева озимой пшеницы.

С докладами выступили:

Абаев С.С. — заместитель председателя правления

Айнебекова Б.А. — заведующая лабораторией зерновых культур

Жусупбеков Е.К. — старший научный сотрудник лаборатории почвоведения и агрохимии

Калтаев С.К. — руководитель Центра распространения знаний

Кроме того, сотрудники института приняли участие в открытии мемориального уголка в музее Меркенского района, посвящённого заслуженному работнику сельского хозяйства Шайхиеву К.К. От имени института с приветственным словом выступил Калтаев С.К.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X