Жапон ғалымдарын қабылдау
Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына Жапониядан арнайы делегация келіп, институт жұмысымен танысты. Қонақтарды институттың басқарма төрайымы Шолпан Бастаубаева жылы қарсы алып, мұндай кездесулер Қазақстан ауыл шаруашылығына озық технологияларды енгізуге және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Делегация құрамында:
доктор Катсунори Танака, Хиросаки университетінің қауымдастырылған профессоры,
доктор Сатоши Фуджито, NARO көкөніс және жеміс шаруашылығы институтының аға ғылыми қызметкері,
доктор Фан Мио Ван, NARO генетикалық ресурстар орталығының зерттеушісі.
Қонақтар институттың генқорымен, зертханаларымен танысты. Жапон ғалымдары өсімдіктердің генетикалық ресурстарын сақтау және пайдалану бағытындағы ынтымақтастықтың Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Доктор Катсунори Танака NARO генбанкі бүгінде 240 мыңнан астам өсімдік үлгілерін сақтайтынын жеткізді. Олардың қатарында бидай, арпа, күріш, бұршақ тұқымдастар, көкөністер мен мал азықтық дақылдар бар. Жапония қазіргі таңда Вьетнам, Лаос, Камбоджа және Қырғызстанмен бірлескен жобалар жүргізіп жатқанын, енді Қазақстанмен де ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін айтты.
Жапон делегациясы генетикалық әртүрлілікті сақтау, ауыл шаруашылық жерлерінің топырағын жақсарту және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.
Кездесу нәтижесінде КазНИИЗиР қызметкерлерінің бірі Жапонияға тағылымдамадан өтуге жіберілетін болды. Онда ол тұқымдарды көбейту әдістері, генетикалық коллекциялармен жұмыс және заманауи талдау тәсілдері бойынша білім алады.
Барлық шығынды жапондық тарап көтереді.
Японские учёные посетили КазНИИЗиР
Сегодня Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства посетила делегация учёных из Японии. Гостей тепло приветствовала председатель правления КазНИИЗиР Шолпан Бастаубаева, отметив, что такие встречи способствуют развитию международного сотрудничества и внедрению передовых технологий в сельское хозяйство Казахстана.

В состав делегации вошли:
доктор Катсунори Танака, ассоциированный профессор Университета Хиросаки,
доктор Сатоши Фуджито, старший научный сотрудник Института овощеводства и плодоводства NARO,
доктор Фан Мио Ван, исследователь Центра генетических ресурсов NARO.
Учёные ознакомились с генофондом института и лабораториями. Японская сторона подчеркнула, что сотрудничество в области сохранения и использования генетических ресурсов растений может стать важным направлением для Казахстана и других стран Центральной Азии.

Доктор Катсунори Танака отметил, что генбанк NARO хранит около 240 тысяч образцов растений, включая пшеницу, ячмень, рис, бобовые, овощи и кормовые культуры. По его словам, Япония уже ведёт совместные проекты с Вьетнамом, Лаосом, Камбоджей и Кыргызстаном, и теперь намерена расширить сотрудничество с Казахстаном.
Особое внимание японские учёные уделили вопросам сохранения генетического разнообразия, улучшения почв сельхозугодий и укрепления продовольственной безопасности. Они подчеркнули, что Казахстан может внести значительный вклад в совместные исследования и получить доступ к передовым агротехнологиям.

В рамках сотрудничества планируется, что один из сотрудников КазНИИЗиР будет направлен на стажировку в Японию. Там он пройдёт обучение по методикам размножения семян, работе с генетическими коллекциями и современным методам анализа. Все расходы на перелёт и пребывание берёт на себя японская сторона.