Последние новости

Соңғы жаңалықтар

19.08.2025

Жетісу облысында қант қызылшасының жаңа сорттары бойынша семинар өтті

Dark Mode

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының білім тарату орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 15 тамыз күні Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Тарас ауылындағы «Қыдыралы» шаруа қожалығының егістігінде 1 күндік семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараға аудандағы 30-дан астам шаруа қожалығының басшылары мен мамандары, аудан әкімшілігінің өкілдері және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы қатысты. Семинар тақырыбы: «Қант қызылшасының отандық жаңа сорттары мен будандарын өсірудің инновациялық технологияларын енгізу» болды.

Институттың жүгері және құмай дақылдары зертханасының меңгерушісі, PhD доктор Н.Т. Мусагоджаев қант қызылшасының жаңа коммерциялық будандары – «Шекер», «Абылқайыр», «Болашақ» – Жетісу және Жамбыл облыстарындағы шаруа қожалықтарына енгізіліп жатқанын атап өтті. Бұл тұқымдар институттың жаңадан салынған цехында тазаланып, түйіршіктеліп, қабықпен қапталып, аурулар мен зиянкестерге қарсы дүниежүзілік стандарттарға сәйкес дайындалатынын жеткізді.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Қ.Т. Қонысбеков қызылша өсіруде туындайтын мәселелерге тоқталып, ауыспалы егіс жүйесін қолданудың маңызын, екпе тығыздығын дұрыс қалыптастыруды және арамшөптерді жоюда қол еңбегін барынша азайтып, заманауи жоғары өнімді техниканы пайдалануды ұсынды. Ол сондай-ақ сапалы тұқым материалын, экологиялық таза өсімдіктерді қорғау құралдарын және минералды тыңайтқыштарды тиімді қолдану қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, топырақтану және агрохимия зертханасының бас кеңесшісі, ҚР ҰҒА академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы С.Б. Кененбаев топырақ құнарлылығын сақтау және ондағы элементтерді анықтау жолдарын түсіндірді.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X