Последние новости

Соңғы жаңалықтар

17.02.2025

Жетісу облысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық бойынша семинар кеңес өтті

Dark Mode

Ақпан айының 12-14 күндері Жетісу облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен Сарқан және Көксу аудандарының фермерлерімен көктемгі далалық жұмыстарға дайындық барысын талқылау жөнінде семинар кеңес өтті. Семинар кеңеске Жетісу облысының әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаев, облыстық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы, аудан әкімдері және фермерлер қатысты.

Семинарда көктемгі дала жұмыстарына дайындық пысықталып, фермерлердің жоғары сапалы тұқыммен, жанар-жағармаймен, тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілу барысы талқыланды. Институт қызметкерлері Кенебаев А. мен Мусагоджаев Н. ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдарының көрмесін фермерлерге таныстырды. Негізгі қызығушылық танытқан дақылдар: жаздық арпа, бидай, қытай бұршақ және қант қызылшасы болды. Жаздық арпа мен бидайдан 150 тонна, қытай бұршақ тұқымынан 85 тонна, қант қызылша тұқымынан 250 с.б. фермерлермен келісім-шартқа отырды.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X