Қазақ ғалымдары Сербиядағы халықаралық топырақтану конгресіне қатысты
2025 жылғы 20–23 қазан аралығында ҚазЕжӨШҒЗИ топырақтану және агрохимия зертханасының бас ғылыми қызметкері Кененбаев С.Б. Белград маңындағы қыратты аймақта өткен Топырақтану қоғамының 4-ші Халықаралық және 16-шы Ұлттық конгресіне «Топырақты қайта қауыштыру – Топырақ денсаулығы үшін ғылым» атты шараға қатысты.
Конгресс жұмысына 300-ден астам маман қатысты. Олардың қатарында Сербияның қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және су ресурстарын басқару министрліктерінің өкілдері, БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының сарапшылары, Германия, Австрия, Польша, Чехия, Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Сербия, Босния және Герцеговина, Хорватия және басқа елдердің ғылыми-зерттеу институттары мен университеттерінің ғалымдары болды. Сонымен қатар ірі агрохолдингтер, бизнес құрылымдар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері де қатысты.
Конгресс мақсаты
Шараның негізгі мақсаты – тәжірибе және білім алмасу, халықаралық байланыс орнату, ғылыми диалогқа арналған алаң құру және тақырыптық желілерді қалыптастыру. Конгресте қазіргі жаһандық экологиялық мәселелер талқыланды: климаттың өзгеруі, биологиялық әртүрліліктің азаюы, қоршаған ортаның ластануы.

Конгресте келесі ғылыми бағыттар қамтылды:
ауыл шаруашылығының климаттың өзгеруіне бейімделуі мен салдарын азайту; климаттың өзгеруінің орман топырақтарына ықпалы; топырақтағы көміртекті басқару және «Soli Toc» әдісімен оның көлемін бағалау; топырақтың экофункционалдығы және жаңа тұрақтылық парадигмасы;
Словенияның 2025 жылғы топырақ классификациясы; ауыл шаруашылығы дақылдарының қоректік құндылығын арттыруға бағытталған биофортификация; топырақ сапасын жақсартудағы микроорганизмдердің рөлі; жүгері өндірісіндегі микробтық инокулянттардың мүмкіндіктері мен шектеулері; сыртқы енгізулерсіз азот айналымын қалпына келтірудің LOOGINEKO моделі; топырақ денсаулығы және биоалуантүрлілік; регенеративті егіншілік әдістері; Балқан өңіріндегі ластанған аумақтарды басқаруды жақсарту; топырақ құнарлылығын арттыруда цеолиттер мен органоминералды тыңайтқыштардың рөлі.
Сонымен бірге Living Labs (тірі зертханалар) әдістемесін қолдану – ғылыми зерттеулерді жергілікті қауымдастықтармен біріктіріп, жаңа шешімдерді бірге әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу мәселелері қарастырылды.
Қатысудың нәтижелері
Командировка аясында халықаралық ғылыми әріптестік нығайып, тәжірибе алмасу жүзеге асты. Қазақстандық топырақтану ғылымының жетістіктері халықаралық алаңда ұсынылып, алынған материалдар мен жаңа байланыстар зертхананың алдағы ғылыми жұмыстарына пайдаланылатын болады.
Почвенный конгресс собрал учёных из более чем 10 стран: участие принял КазНИИЗиР
С 20 по 23 октября 2025 года главный научный сотрудник лаборатории почвоведения и агрохимии КазНИИЗиР Кененбаев С.Б. принял участие в 4-м Международном и 16-м Национальном конгрессе Почвенного общества Сербии «Воссоединение почв – Наука ради здоровья почвы», который состоялся в предгорье Белграда, в 60 км от столицы.

Мероприятие собрало более 300 участников, среди них – представители министерств охраны окружающей среды, сельского хозяйства, лесного хозяйства и водных ресурсов Сербии, специалисты Программы ООН по окружающей среде, учёные исследовательских институтов и университетов из Германии, Австрии, Польши, Чехии, Казахстана, Армении, Азербайджана, Сербии, Боснии и Герцеговины, Хорватии и других стран. В форуме также участвовали представители агрохолдингов, бизнес-центров и общественных организаций.
Основные цели конгресса
Конгресс был направлен на обмен научным опытом, установление профессиональных связей и создание международной платформы для диалога в области почвоведения и охраны окружающей среды. В центре обсуждений – ключевые глобальные вызовы: изменение климата, потеря биологического разнообразия, загрязнение окружающей среды.
Тематика научных секций
Участники рассмотрели широкий спектр вопросов, среди которых: адаптация сельского хозяйства к климатическим изменениям; влияние изменения климата на лесные почвы; углеродное хозяйство и оценка почвенного углерода (Soli Toc); экофункциональность органического вещества почвы; классификация почв Словении 2025; биофортификация и роль микроорганизмов в улучшении качества почвы; микробные инокулянты в выращивании кукурузы; восстановление азотного цикла без внешних входов (модель LOOGINEKO); здоровье почвы и биоразнообразие; регенеративное земледелие; управление загрязнёнными участками в странах Балканского региона; роль цеолитов и органоминеральных удобрений в управлении плодородием.

Особое внимание уделено внедрению подхода Living Labs (живые лаборатории) – интеграции научных исследований с местными сообществами для совместного создания и тестирования инновационных решений для устойчивого землепользования.
Итоги участия
Командировка позволила укрепить международные научные связи, обменяться опытом и представить достижения Казахстана в области почвоведения на международной площадке. Полученные материалы и контакты будут использованы в дальнейшей научно-исследовательской работе лаборатории.
