Последние новости

Соңғы жаңалықтар

15.09.2025

Қазақстандық ғалымдар Қытайдағы аграрлық зерттеулер институттарымен ынтымақтастықты нығайтты

Dark Mode

2025 жылғы 7–9 қыркүйек аралығында «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС делегациясы Басқарма Төрайымы Шолпан Бастаубаеваның жетекшілігімен Қытайдың Цзинань қаласындағы Шаньдун ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ауыл шаруашылығы дақылдарын зерттеу институтына (директоры – доктор Чжао Хайцзюнь) іссапар жасады.

Сапар барысында соя мен бидайға қатысты ғылыми алмасулар өтті, зертханалар мен тәжірибелік алқаптарға экскурсия ұйымдастырылды, сондай-ақ генетикалық ресурстармен алмасу жүзеге асырылды.

9–11 қыркүйек күндері делегация Бейжің қаласындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының ұлттық генетикалық банкіне барды. Мұнда 580 мыңнан астам үлгі -18 °C жағдайында және криоконсервация әдісімен ұзақ мерзімді сақтауда тұр.

Сондай-ақ, қазақстандық ғалымдар Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Өсімдік шаруашылығы институтында (профессор Лю Сянлун) болды. Кездесу барысында қос институт арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Тараптар соя (профессор Цю Лицзюань), бидай (профессор Лю Сянлун) және тары (профессор Дяо Сяньмин) бойынша бірлескен зерттеу жобаларын талқылап, алдағы ынтымақтастық бағыттарын белгіледі.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X