ҚазЕжӨШҒЗИ-да Көрісу күні: дәстүр мен ізгі тілектерге толы кездесу
Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (ҚазЕжӨШҒЗИ) ұлттық дәстүрге айналған Көрісу күні атап өтілді.
Таңертең институттың кіреберісінде қызметкерлерді дәнді дақылдар зертханасының ұжымы ерекше ілтипатпен қарсы алды. Қазақтың дәстүрі бойынша әріптестер бір-бірімен үш рет құшақтасып, жылы лебіздерін айтып, ізгі тілектерін білдірді. Шара өте жылы әрі шынайы көңіл-күйде өтті.

Кездесу барысында қызметкерлерге тәттілер таратылып, ал қасиетті Рамазан айында ораза ұстап жүргендерге ауызашарға арналған арнайы азық-түлік пакеттері берілді.
Іс-шараны ұйымдастырған дәнді дақылдар зертханасының меңгерушісі Бақыт Айнебекова жиналғандарды мерекемен құттықтап, ұлттық дәстүрлерді сақтау мен ұжымдағы бірлік пен сыйластықтың маңызын атап өтті.
Сонымен қатар бүгін институтқа белгілі ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Баян Әлімғазинова арнайы келіп, институт ұжымымен кездесті. Ол ҚазЕжӨШҒЗИ-де еңбек еткен жылдарын жылы еске алып, ұжымға алғысын білдірді.
«Мені әрдайым осы жерге тартады. Мұндағы атмосфера ерекше, тіпті ауасы да басқа сияқты. Қасиетті Рамазан айында сіздердің орталарыңызда болғаныма өте қуаныштымын. Мен осы институтта көп жыл еңбек еттім, сондықтан қайта келіп, сіздермен жүздескеніме өте бақыттымын», – деді ол.
Ғалым институт ұжымына жаңа ғылыми жетістіктер мен табыстар тіледі.
Көрісу күні институт қызметкерлері үшін бір-бірімен қауышып, жылы сөз айтып, татулық пен ынтымақты нығайтқан ерекше күн болды.
Көрісу күні в КазНИИЗиР: тёплая встреча, добрые слова и традиции единства
Сегодня в Казахском научно-исследовательском институте земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР) состоялось праздничное мероприятие, посвящённое национальной традиции Көрісу күні.
С самого утра у входа в институт сотрудников тепло встречали представители лаборатории зерновых культур. По казахской традиции коллеги приветствовали друг друга объятиями, обменивались добрыми пожеланиями и поздравлениями. Атмосфера была особенно тёплой и душевной.

В ходе встречи сотрудникам раздали сладости, а тем, кто держит пост в священный месяц Рамазан, подготовили специальные продуктовые наборы для ауызашара.
С поздравительной речью выступила заведующая лабораторией зерновых культур Бақыт Айнебекова, которая отметила важность сохранения национальных традиций, взаимного уважения и единства коллектива. Именно по её инициативе и было организовано это тёплое и значимое мероприятие.
Особым гостем мероприятия стала известный ученый-аграрий, доктор сельскохозяйственных наук Баян Алимгазинова, которая в этот день посетила институт. Она поделилась теплыми воспоминаниями о годах работы в КазНИИЗиР и выразила благодарность коллективу.
«Меня всегда тянет сюда. Здесь особая атмосфера, даже воздух другой. Я рада, что сегодня, в священный месяц Рамазан, нахожусь вместе с вами. Я много лет проработала здесь и очень счастлива снова быть в родном институте», – отметила она, пожелав коллективу новых научных достижений и успехов.
Көрісу күні стал прекрасной возможностью для сотрудников института встретиться, обменяться добрыми словами и ещё раз почувствовать силу традиций, объединяющих людей, укрепить атмосферу дружбы и сплочённости в коллективе.
@agro__press @nasec.kz
