Последние новости

Соңғы жаңалықтар

12.05.2025

Қытайлық делегациямен ғылыми ынтымақтастық жолында

Dark Mode

Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына Шыңжаң ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Дақылдарды зерттеу институтынан делегация келді.

Іссапар аясында академия директоры, бидай селекциясы және өсіру технологиясы саласының жетекші маманы Ли Цзяньцзян бастаған делегация құрамында бірқатар жетекші және аға ғылыми қызметкерлер болды. Атап айтқанда:

  • Лю Хуацзюнь – басты ғылыми қызметкер, зерттеу бағыты: қант қызылшасының генетикалық селекциясы және тиімді өсіру әдістері;
  • Мао Хунъянь – аға ғылыми қызметкер, зерттеу бағыты: дәнді дақылдардың сапасын талдау және өңдеу технологияларын қолдану;
  • Лю Льянчжэн – аға ғылыми қызметкер, зерттеу бағыты: бидай селекциясы;
  • Мелшат Минатолла – ғылыми қызметкер, зерттеу бағыты: ауыл шаруашылығында су ресурстарын тиімді пайдалану.

Кездесу барысында екі институт арасында ғылыми ынтымақтастықты дамыту, ортақ зерттеу жобаларын жүзеге асыру және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Делегация сапары «Қытай–Орталық Азия ауыл шаруашылық технологияларын бірлесіп пайдалану (Қазақстан орталығы)» жобасы аясында жүзеге асырылуда.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X