Yearly Archives: 2026

ҚазЕжӨШҒЗИ қызметкерлері Алматы облысында семинар өткізді

2026 жылғы 11 ақпанда Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері «Дәнді, жемдік және майлы дақылдар» бағыты бойынша көшпелі семинар өткізді.

Семинар тақырыбы – «Тұқым шаруашылығын дамыту және агротехнология тәсілдерін қолдану жолдары». Іс-шараның мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің білімін арттыру және ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу.

Семинардың ашылуында Жамбыл ауданының әкімі Ертас Нұрлан Ертасұлы құттықтау сөз сөйледі.

Дәрістерді институттың жетекші ғалымдары оқыды:

Мейірман Ғ.Т., ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі – жемшөп өндірісін дамытудың кешенді жоспары туралы;

Айнебекова Б.А., ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, дәнді дақылдар зертханасының меңгерушісі –институт шығарған жаңа бейімделген дәнді дақыл сорттары туралы;

Дидоренко С.В., биология ғылымдарының кандидаты, профессор, майлы дақылдар зертханасының меңгерушісі –Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарында майлы дақылдарды әртараптандыру жөнінде;

Омарова А.Ш., ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, жүгері және құмай зертханасының бас ғылыми қызметкері – өңірдегі жүгері мен құмай өсіру агротехнологиялары туралы;

Мәлімбаева А.Ж., ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, топырақтану және агрохимия зертханасының меңгерушісі – топырақ құнарлылығын арттыру және тыңайтқыштарды тиімді қолдану жолдары жөнінде;

Калтаев С., білім тарату орталығының басшысы – ауыл шаруашылығы мамандарының біліктілігін арттыру және ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу мәселелері туралы.

Семинар соңында қатысушылар сұрақ-жауап форматында өзара пікір алмасты.

Сотрудники КазНИИЗиР провели выездной семинар в Алматинской области

11 февраля 2026 года в селе Узынагаш Жамбылского района Алматинской области сотрудники Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства провели выездной семинар по направлению «Зерновые, кормовые и масличные культуры».

Тема семинара – «Развитие семеноводства и применение агротехнологических методов». Мероприятие было направлено на повышение квалификации сельхозпроизводителей и внедрение научных разработок в производство.

С приветственным словом выступил аким Жамбылского района Ертаc Нурлан Ертаcұлы.

В качестве лекторов выступили ведущие ученые института:

Мейірман Ғ.Т., доктор сельскохозяйственных наук, академик НАН РК – о комплексном плане развития кормопроизводства как основы животноводства;

Айнебекова Б.А., кандидат сельскохозяйственных наук, заведующая лабораторией зерновых культур – о новых адаптированных сортах зерновых культур, выведенных институтом;

Дидоренко С.В., кандидат биологических наук, профессор, заведующий лабораторией масличных культур – о диверсификации масличных культур в юго-восточных регионах Казахстана;

Омарова А.Ш., кандидат сельскохозяйственных наук, главный научный сотрудник лаборатории кукурузы и сорго – об агротехнологиях возделывания кукурузы и сорго в юго-восточном регионе;

Мәлімбаева А.Ж., кандидат сельскохозяйственных наук, заведующая лабораторией почвоведения и агрохимии – об эффективном применении удобрений и повышении плодородия почв;

Калтаев С., руководитель Центра распространения знаний – о повышении квалификации специалистов и внедрении научных достижений в производство.

Семинар завершился сессией вопросов и ответов, в ходе которой участники обсудили актуальные проблемы отрасли и пути их решения.

@agro__press @nasec.kz

Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күнімен құттықтау

11 ақпан – БҰҰ-ның 2015 жылғы шешімімен бекітілген Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні. Бұл мереке әйелдердің ғылымға тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге, зерттеу саласындағы белсенділігі мен рөлін арттыруға бағытталған. Бүгінде Қазақстанда әйел зерттеушілердің үлесі шамамен 52%-ды құрайды. Бұл – ғылым саласындағы нәзік жандылардың әлеуеті мен еңбегінің жоғары екенін көрсетеді.

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми және өндірістік әлеуетін арттыруға зор үлес қосып жүрген барша нәзік жанды қызметкерлерімізді айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге толағай табыс, ғылым жолында жаңа белестерді бағындыруды тілеймін.

Құрметпен, ҚазЕжӨШҒЗИ Басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаева

11 февраля – Международный день женщин и девочек в науке, учрежденный решением Организации Объединённых Наций в 2015 году. Этот день призван подчеркнуть важность равного доступа женщин к науке, расширения их участия в исследованиях и укрепления их роли в научном сообществе. Сегодня в Казахстане доля женщин-исследователей составляет около 52%, что свидетельствует о высоком потенциале и значимом вкладе наших соотечественниц в развитие науки.

От имени Правления Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства сердечно поздравляю наших уважаемых сотрудниц, которые вносят весомый вклад в научный и производственный потенциал института, с этим знаменательным праздником!

Желаю вам крепкого здоровья, благополучия и достатка вашим семьям, новых профессиональных достижений, вдохновения и покорения новых высот в науке.

С уважением, Председатель Правления КазНИИЗиР Шолпан Бастаубаева

@agro__press @nasec.kz

ҚазЕжӨШҒЗИ: аграрлық ғылым мен өндірісті тоғыстырған алаң

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында «Аграрлық ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу – АӨК-тің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Бауыржан Асанов, сондай-ақ өңірдің түкпір-түкпірінен келген аграрлық бағыттағы ғалымдар, агроөнеркәсіп кешенінің бизнес және өндірістік сектор өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға қазіргі заманғы аграрлық ғылымның тәжірибелік қыры таныстырылды. Аналитикалық зертханалардың мамандары ҚазЕжӨШҒЗИ-де қолданылып жатқан озық зерттеу әдістерін көрсетіп, ғылыми әзірлемелердің нақты өндірістік шешімдерге қалай айналатынын баяндады.

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын биорепозиторийге жасалған сапар тудырды. Бұл – өсімдіктердің генетикалық материалын, яғни тұқымдар, тозаң және ұлпаларды қауіпсіз әрі ұзақ мерзімге сақтауға арналған арнайы қойма.

Экскурсия барысында қатысушыларға жүгері, мал азықтық және қант дақылдары зауыттарының, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын өңдеуге арналған заманауи желілердің мүмкіндіктері көрнекі түрде көрсетілді. Аталған инфрақұрылым өнімнің сапасы мен өнімділігін арттыруға бағытталған.

Семинар қорытындысы бойынша іс-шара ғылым мен өндіріс арасындағы тиімді диалог алаңына айналды. Қатысушылар аграрлық ғылым жетістіктерін нақты секторға енгізу және елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен АӨК-тің тұрақты дамуы үшін маңызды саналатын отандық тұқым шаруашылығын дамытуға бағытталған нақты практикалық шешімдерді талқылады.

КазНИИЗиР стал площадкой диалога науки и агробизнеса

В КазНИИЗиР состоялся семинар-совещание на тему «Внедрение в производство достижений аграрной науки – залог устойчивого развития АПК».

В работе семинара приняли участие вице-министр сельского хозяйства РК Ербол Тасжуреков и председатель правления НАО «Национальный аграрный научно-образовательный центр» Бауржан Асанов, а также ученые-аграрии со всего региона, представители бизнеса и производственного сектора агропромышленного комплекса.

Участникам была представлена практическая сторона современной аграрной науки. Специалисты аналитических лабораторий продемонстрировали передовые методы исследований, применяемые в КазНИИЗиР, и рассказали о том, как научные разработки трансформируются в реальные производственные решения.

Особый интерес вызвало посещение биорепозитория – специализированного хранилища генетического материала растений, где в безопасных условиях и на долгосрочной основе сохраняются семена, пыльца и растительные ткани.

В ходе экскурсии участникам также наглядно показали возможности кукурузного, кормового и сахарного заводов, а также современные линии по подработке семян сельскохозяйственных культур, ориентированные на повышение урожайности и качества продукции.

Семинар стал эффективной диалоговой площадкой для обмена опытом между наукой и производством. Участники обсудили конкретные практические решения по внедрению достижений аграрной науки в реальный сектор и развитию отечественного семеноводства – как одного из ключевых факторов продовольственной безопасности и устойчивого развития АПК страны.

@agro__press @nasec.kz

Жаңа Конституция жобасы ҚазЕжӨШҒЗИ-де талқыланды

Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында Қазақстан Республикасының жаңа «Ата заңының» жобасы талқыланды. Жиын қазақ және орыс тілдерінде өтіп, оған ғылыми қауымдастық өкілдері мен институт қызметкерлері қатысты.

Жиында негізгі баяндаманы Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Серік Кененбаев жасап, Президент тапсырмасымен құрылған жұмыс тобы мен Конституциялық комиссия әзірлеген жаңа «Ата заң» жобасының басты бағыттарын таныстырды. Жоба азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды ескере отырып дайындалған.

Жаңа «Ата заң» жобасы ауқымды жаңартуларды көздейді. Құжатта преамбула, 11 бөлім және 95 бап қамтылған. Бұл қолданыстағы «Ата заңның» шамамен 84 пайызын қайта қарауды және мазмұны жағынан жаңа «Ата заң» үлгісінің қалыптасуын білдіреді.

Талқылау барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының алға тартып отырған негізгі қағидаттарға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, адами капиталды, ғылым мен инновацияны мемлекеттің стратегиялық даму бағыты ретінде тану, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекіту мәселелері сөз болды.

Бұған дейін ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев ғылымды «Ата заң» деңгейінде бекіту елде ұзақмерзімді, тұрақты ғылыми саясат жүргізуге құқықтық негіз қалыптастыратынын және Қазақстанның даму моделін табиғи ресурстарға емес, білім мен зияткерлік әлеуетке сүйенген бағытқа көшіруге мүмкіндік беретінін атап өткен.

Жиын барысында саяси жүйені жаңғырту, құқықтық институттарды дамыту, әлеуметтік және экологиялық қағидаттарды күшейту мәселелері де қозғалды. Қатысушылар «Ата заң» жобасын талқылауға ғылыми қауымдастықтың кеңінен қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Проект новой Конституции обсудили в КазНИИЗиР

Сегодня в Казахском научно-исследовательском институте земледелия и растениеводства состоялось обсуждение проекта новой Конституции Республики Казахстан. Мероприятие прошло в двуязычном формате – на казахском и русском языках – с участием научных сотрудников и экспертов.

С докладом на встрече выступил почетный академик Национальной академии наук при президенте Республики Казахстан Серик Кененбаев, который представил ключевые положения проекта новой Конституции, разработанного рабочей группой и Конституционной комиссией по поручению Президента Республики Казахстан с учётом предложений граждан, общественных организаций, политических партий и экспертного сообщества.

Проект новой Конституции предполагает масштабное обновление Основного закона. Документ включает преамбулу, 11 разделов и 95 статей, что означает пересмотр порядка 84 процентов действующего текста и фактическое формирование новой конституционной модели.

Особое внимание в ходе обсуждения было уделено тем положениям проекта, которые отражают стратегический курс, последовательно продвигаемый Национальной академией наук при президенте Республики Казахстан. В частности, речь идёт о признании развития человеческого капитала, науки и инноваций приоритетным направлением деятельности государства, а также о закреплении в Конституции прав и свобод человека в качестве высшей ценности.

Ранее президент НАН РК Акылбек Куришбаев неоднократно подчёркивал, что конституционное закрепление роли науки создаёт устойчивую правовую основу для долгосрочной научной политики, независимой от политических циклов, и обеспечивает переход к модели развития, основанной на знаниях и интеллектуальном потенциале граждан.

В рамках заседания также были затронуты вопросы реформирования политической системы, усиления гарантий прав человека, развития правовых институтов и социальной политики. Участники отметили важность участия научного сообщества в обсуждении проекта Основного закона и выразили готовность продолжить экспертный диалог.

@agro__press @nasec.kz

Өсімдіктердің генетикалық ресурстарын сақтау – Қазақстанның стратегиялық басымдығы

2026 жылы Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының (ҰАҒБО) еншілес ұйымы болып табылатын «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС (ҚазЕжӨШҒЗИ) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің генетикалық ресурстарын сақтау, есепке алу және тиімді пайдалану бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

XX–XXI ғасырлар тоғысында адамзат биоалуантүрліліктің азаюы сияқты аса күрделі жаһандық мәселемен бетпе-бет келді. Табиғи экожүйелердің жойылуы мен тірі ағзалар түрлерінің құрып кетуі салдарынан мыңдаған өсімдік пен жануар түрлері жойылу қаупіне ұшырады. Биоалуантүрліліктің одан әрі азаюы биосфераның тұрақсыздануына және адамзаттың өмір сүруіне қауіп төндіруі мүмкін.

Агробиоалуантүрлілікті сақтау және генетикалық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі жаһандық геосаяси маңызға ие. Сарапшылардың пікірінше, өсімдіктердің генетикалық ресурстары ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қару-жарақтан кем емес маңызға ие. Бұл ресурстардың жоғалуы әлемдік деңгейдегі аса қауіпті қатерлердің бірі ретінде қарастырылады.

Өсімдіктердің генетикалық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және ұтымды пайдалану – ауыл шаруашылығында ғылыми-технологиялық серпілісті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі. Генетикалық ресурстарды селекцияда пайдалану өнімділікті 30–60% арттыруға мүмкіндік береді. Ал бастапқы материалды дұрыс таңдау жаңа сорттарды шығаруда 20–30% үлеске ие.

2022 жылы «ҰАҒБО» «ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС базасында −10 °C температуралық режимі бар, 100 мыңға дейін тұқым үлгілерін сақтауға арналған ұзақ мерзімді қойманың құрылысын қамтамасыз етіп, арнайы жабдықтармен жабдықтады.

Қазіргі уақытта генетикалық банк өсімдіктердің генетикалық ресурстарын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ететін бақылау пункті қызметін атқарып, ауыл шаруашылығы дақылдарының аса құнды сорттарының генофондын сақтау және дамыту жұмыстарын жүзеге асыруда (ҚР АШМ 2023 жылғы 17 мамырдағы № 186 бұйрығы).

Ауыл шаруашылығы дақылдарының генофонды зертханасының меңгерушісі Қ.Б. Мукиннің айтуынша, генетикалық банктің мәртебесін арттыру және оны халықаралық деңгейде дамыту Қазақстанның азық-түлік және ғылыми қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды стратегиялық қадам болып табылады.

Сонымен қатар Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы (ИОПБ) генетикалық банктің мәртебесін халықаралық деңгейге көтеру, инвестициялар тарту және материалдық-техникалық базаны нығайту туралы ұсыныс білдірді.

Осыған байланысты 2024 жылы «ҰАҒБО» пен ИОПБ арасында бірқатар жұмыс кездесулері өткізіліп, Қазақстанда «ИОПБ Халықаралық генетикалық банкін құру» жобасын іске асыруға арналған Жол картасы әзірленіп, қол қойылды.

Жол картасын іске асыру аясында:

«ҰАҒБО» жүйесіндегі ұйымдарда сақталатын әрбір ауыл шаруашылығы дақылы үлгісі бойынша ақпарат ұсыну нысандары әзірленіп, бекітілді;

ex situ тұқым коллекцияларын тіркеу нысандары еншілес ұйымдарға жолданды;

бекітілген қосымшаға сәйкес ақпарат жинау жүргізілуде (2025 жылғы қаңтардан бастап);

30 000-нан астам ауыл шаруашылығы дақылы үлгілері бойынша ҚР МЭПР-де тіркеуге арналған алдын ала жиынтық есеп дайындалды;

«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС-де өсімдік ресурстарын жұмылдыру, дублеттік коллекцияларды шоғырландыру мәселелері бойынша «Материалды беру туралы келісім» атты ішкі нормативтік құжат әзірленді.

Аталған келісім FAO қабылдаған Standard Material Transfer Agreement (SMTA, 2006) талаптарына сәйкес әзірленіп, өсімдіктердің генетикалық ресурстарына қол жеткізу мен оларды пайдалану тәртібін реттейді.

Сохранение генетических ресурсов растений – стратегический приоритет Казахстана

В 2026 году ТОО «Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства» (КазНИИЗиР), являющееся дочерней организацией НАО «Национальный аграрный научно-образовательный центр» (НАНОЦ), продолжает системную работу по сохранению, учёту и рациональному использованию генетических ресурсов растений сельскохозяйственного назначения.

На рубеже XX–XXI веков человечество столкнулось с одной из наиболее серьёзных глобальных проблем – сокращением биоразнообразия. Интенсивное уничтожение природных экосистем и исчезновение видов живых организмов привело к тому, что тысячи видов растений и животных оказались под угрозой исчезновения. Дальнейшее сокращение биоразнообразия может вызвать катастрофическую дестабилизацию биосферы и поставить под угрозу условия выживания человечества.

Проблема сохранения агробиоразнообразия и обеспечения свободного доступа к генетическим ресурсам приобрела глобальный геополитический характер. Эксперты сходятся во мнении, что генетические ресурсы растений имеют для национальной безопасности не меньшее значение, чем вооружение. Потеря этих ресурсов рассматривается как одна из наиболее опасных глобальных угроз, особенно для развивающихся стран.

Формирование, организация хранения и рациональное использование генетических ресурсов растений является важнейшим государственным приоритетом, направленным на обеспечение научного и технологического прорыва в сельском хозяйстве. Селекционное использование генетических ресурсов обеспечивает значительный экономический эффект – от 30 до 60% прироста урожайности. Доля оптимально подобранного исходного материала при создании новых сортов достигает 20–30% и возрастает по мере совершенствования селекционного процесса.

В 2022 году НАО «НАНОЦ» на базе ТОО «КазНИИЗиР» обеспечил строительство долгосрочного хранилища с температурным режимом −10 °C, рассчитанного на хранение до 100 тысяч образцов семян, а также приобретение специализированного оборудования.

В настоящее время генетический банк выполняет функции контрольного пункта, обеспечивающего мониторинг, повышение прозрачности использования генетических ресурсов, а также сохранение и развитие генофонда особо ценных сортов сельскохозяйственных растений (приказ МСХ РК от 17 мая 2023 года № 186).

По словам заведующего лабораторией генофонда сельскохозяйственных культур К.Б. Мукина, повышение статуса генетического банка и его развитие в международном формате является стратегически важным шагом для обеспечения продовольственной и научной безопасности Казахстана.

Вместе с тем Исламской организацией продовольственной безопасности (ИОПБ) было предложено повысить статус генетического банка до международного уровня, привлечь инвестиции и дополнительно укрепить его материально-техническую базу.

В связи с этим в 2024 году НАО «НАНОЦ» и ИОПБ провели ряд рабочих встреч, по итогам которых была разработана и подписана Дорожная карта с поэтапным планом реализации проекта «Создание Международного генетического банка ИОПБ» в Республике Казахстан.

В рамках выполнения Дорожной карты:

разработаны и утверждены формы предоставления информации по каждому образцу сельскохозяйственных культур, хранящихся в коллекциях организаций системы НАО «НАНОЦ» МСХ РК;

проведена рассылка форм регистрации семенных коллекций ex situ в дочерние организации НАО «НАНОЦ» МСХ РК;

осуществлён сбор информации согласно утверждённому приложению (с января 2025 года по настоящее время);

подготовлен предварительный сводный информационный отчёт по более чем 30 000 образцам сельскохозяйственных культур для регистрации в МЭПР РК;

разработан внутренний нормативный документ по вопросам мобилизации растительных ресурсов, сбора и концентрации дублетных коллекций ГРРПСХ в ТОО «КазНИИЗиР» – «Соглашение о передаче материала».

Соглашение разработано в соответствии со Standard Material Transfer Agreement (SMTA, FAO, 2006) и регулирует порядок доступа к генетическим ресурсам растений и условия их использования, подтверждаемые обеими сторонами соглашения.

@agro__press @nasec.kz

Қазақстан–Жапония: өсімдік генетикалық ресурстары саласындағы ғылыми ынтымақтастық

2026 жылғы 19–24 қаңтар аралығында ҚазЕжӨШҒЗИ ауыл шаруашылығы дақылдарының генофонды зертханасының ғылыми қызметкері Қарлыға Джиенбаева Жапонияның Цукуба қаласында орналасқан Генетикалық ресурстарды зерттеу орталығына (NGRC), сондай-ақ Жапонияның Ауыл шаруашылығы және азық-түлік жөніндегі ұлттық ұйымына (NARO) қарасты Көкөніс және гүл шаруашылығы ұлттық институтына (NIVFS) жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында техникалық оқыту ұйымдастырылып, өсімдік генетикалық ресурстары саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулердің келешегі бойынша жұмыс кездесулері мен талқылаулар өтті. Әсіресе агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды ауыл шаруашылығы дақылдарын бағалау және сипаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бұл ынтымақтастық «Азық-түлік пен ауыл шаруашылығына арналған өсімдік генетикалық ресурстарын сипаттау жөніндегі бірлескен зерттеу жобасы» (PGRAsia) аясында жүзеге асырылып, Қазақстан мен Жапонияның ғылыми ұйымдары арасындағы ғылыми әлеуетті нығайтуға және ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға бағытталған.

Казахстан–Япония: научное сотрудничество в сфере генетических ресурсов растений

С 19 по 24 января 2026 года научный сотрудник лаборатории генофонда сельскохозяйственных культур КазНИИЗиР Карлыга Джиенбаева с рабочим визитом посетила Центр исследований генетических ресурсов (NGRC) в городе Цукуба, а также Национальный институт овощеводства и цветоводства (NIVFS), входящий в структуру Национальной организации по сельскому хозяйству и продовольствию Японии (NARO).

В рамках визита было организовано техническое обучение, состоялись рабочие встречи и обсуждения перспектив совместных научных исследований в области генетических ресурсов растений. Особое внимание уделялось вопросам оценки и характеристики сельскохозяйственных культур, имеющих ключевое значение для устойчивого развития агропромышленного комплекса и обеспечения продовольственной безопасности.

Сотрудничество реализуется в рамках международного проекта «Совместный исследовательский проект по характеристике генетических ресурсов растений для продовольствия и сельского хозяйства» (PGRAsia) и направлено на укрепление научного потенциала и развитие долгосрочного партнёрства между научными организациями Казахстана и Японии.

@agro__press @nasec.kz

Ұлттық құрылтайдан кейінгі ғылыми қауымдастықтың пікірі: аграрлық сектордағы цифрландыру және жасанды интеллект

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысынан кейін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметі Мемлекет басшысы айқындаған негізгі бағыттарға қатысты институт ғалымдарының сараптамалық пікірлерін ұсынады. Ғылыми қауымдастық цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту ауыл шаруашылығын технологиялық жаңғыртудың маңызды тетігі екенін атап өтеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі ел дамуының стратегиялық бағытын айқындап, білім, ғылым және жоғары технологияларды тұрақты өсудің негізгі тірегі ретінде көрсетті. Цифрландыру және жасанды интеллект жылының жариялануы аграрлық саланы дәстүрлі тәсілдерден ғылымға негізделген заманауи жүйелерге көшірудің өзектілігін айқындайды.

Климаттың өзгеруі, су ресурстарының тапшылығы және өндірістік тәуекелдердің артуы жағдайында Қазақстанның ауыл шаруашылығы цифрлық және интеллектуалдық технологияларды кеңінен енгізуді талап етеді. Бұл тәсіл өндірістік процестерді дәл басқаруға, жер мен су ресурстарын тиімді пайдалануға және өсімдік шаруашылығының тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Smart Agriculture технологиялары – дәл егіншілік, «ақылды» суару, топырақ пен егіс алқаптарының цифрлық мониторингі, спутниктік деректер, сенсорлар және жасанды интеллектке негізделген аналитикалық платформалар ерекше маңызға ие. Бұл шешімдер климаттық өзгермелілігі жоғары және табиғи ресурстары шектеулі өңірлер үшін деректерге негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауға жағдай жасайды.

Президент белгілеген міндеттерді іске асыру ғылым, білім және өндірістің өзара тығыз ықпалдастығын қажет етеді. Ғылыми-зерттеу институттары мен тәжірибелік станциялар цифрлық шешімдерді отандық топырақ-климаттық жағдайларға бейімдеудің және заманауи аграрлық кадрларды даярлаудың негізгі орталығына айналуы тиіс.

Осылайша, өсімдік шаруашылығында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу саланың өнімділігін, тұрақтылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты шарты болып табылады.

Рауа́н Жапаев, ҚазЕжӨШҒЗИ егіншілік зертханасының меңгерушісі

Отклик научного сообщества на Национальный курултай: цифровизация и ИИ в аграрном секторе

По итогам V заседания Национального курултая в Кызылорде пресс-служба КазНИИЗиР публикует экспертные оценки ученых института по ключевым направлениям, обозначенным Главой государства. Особое внимание в научном сообществе уделяется вопросам цифровизации, внедрения искусственного интеллекта и технологической модернизации сельского хозяйства.

Выступление Президента Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаева на V заседании Национального курултая подчеркнуло стратегическую направленность государственной политики на развитие образования, науки и высоких технологий как ключевых факторов устойчивого развития страны. Объявление года цифровизации и искусственного интеллекта отражает объективную необходимость перехода аграрной отрасли от традиционных методов к современным, наукоёмким и технологически управляемым системам.

В условиях изменения климата, дефицита водных ресурсов и роста производственных рисков сельское хозяйство Казахстана нуждается в активном внедрении цифровых и интеллектуальных технологий. Такой подход позволяет обеспечить более точное управление производственными процессами, рациональное использование земельных и водных ресурсов, а также повышение эффективности и устойчивости растениеводства.

Особую актуальность сегодня приобретают технологии Smart Agriculture, включая точное земледелие, «умное» орошение, цифровой мониторинг состояния почв и посевов, использование спутниковых данных, сенсорных систем и аналитических платформ на основе искусственного интеллекта. Их применение позволяет принимать управленческие решения на основе объективных данных, что особенно важно для регионов с высокой климатической изменчивостью и ограниченными природными ресурсами.

Реализация задач, обозначенных Президентом, требует тесной интеграции науки, образования и производства. Научно-исследовательские институты и опытные станции должны стать центрами апробации и адаптации цифровых решений к отечественным почвенно-климатическим условиям, а также площадками подготовки специалистов нового поколения.

Внедрение цифровых технологий и искусственного интеллекта в растениеводстве является ключевым условием повышения продуктивности, устойчивости и конкурентоспособности сельского хозяйства, а также важным фактором обеспечения продовольственной безопасности страны.

Рауа́н Жапаев,заведующий лабораторией земледелия КазНИИЗиР

@agro__press @nasec.kz

Астық экспортының өсуі және ғылымға негізделген тұрақтылық: ҚазЕжӨШҒЗИ-тың өңірлік азық-түлік қауіпсіздігіне қосқан үлесі

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 15 қаңтарға дейін 5,1 млн тонна жаңа өнім астығы экспортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (4,3 млн тонна) едәуір жоғары.

Негізгі бағыттар бойынша өсім: Өзбекстанға экспорт 40,2%-ға артты – 1,67 млн-тоннан 2,34 млн-тоннаға дейін; Қырғызстанға – 76,5% (85 мыңнан 150 мың тоннаға); Ауғанстанға – 71,6% (204 мыңнан 350 мың тоннаға).

Астық экспортының өсуі Қазақстан өнімдеріне өңірлік сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді.

Мамандардың айтуынша, статистика артында ғылым тұр. ҚазЕжӨШҒЗИ 2025 жылы өндірген: 400 тонна түпнұсқалық,

746 тонна элиталық, 1 641 тонна бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқымдар.

Жоғары репродукциялық тұқымдар Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының фермерлеріне берілді.

Институт сонымен қатар Қырғыз Республикасына 100 тоннадан астам дәнді дақылдар тұқымын, Түрікменстан Республикасына 25 тонна майлы дақылдар тұқымын экспорттады. Бұл Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығын дамытудағы институттың маңызды рөлін көрсетеді.

Агроном-тұқымшы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Мұхтар Әшірбеков айтуынша:

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің статистикасы экспорт өсімін көрсетіп отыр, және бұл нәтиже ғылыми сүйемелдеусіз мүмкін емес. Климатқа бейімделген сорттарды шығару, тұқым шаруашылығын дамыту және заманауи агротехнологияларды енгізу фермерлерге аномалды ыстық пен құрғақшылыққа қарамастан тұрақты өнім алуға мүмкіндік береді. Ғылым мен мемлекеттік саясаттың үйлесімі Қазақстанның және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады».

ҚазЕжӨШҒЗИ әзірлемелері көршілес елдерде де сұранысқа ие. Жоғары өнімді және климатқа бейімделген сорттар көрші мемлекеттерге ауыл шаруашылығын дамытуға, өнімділікті арттыруға және тұрақтылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Экспорт зерна растёт, наука усиливает устойчивость: вклад КазНИИЗиР в продовольственную безопасность Центральной Азии

По данным Министерства сельского хозяйства РК, с сентября 2025 года по 15 января 2026 года Казахстан экспортировал 5,1 млн тонн зерна нового урожая, что превышает показатели аналогичного периода 2024 года (4,3 млн тонн).

Наибольший рост наблюдался по ключевым направлениям:

в Узбекистан экспорт увеличился на 40,2% – с 1,67 млн до 2,34 млн тонн; в Кыргызстан – на 76,5% (с 85 тыс. до 150 тыс. тонн);

в Афганистан – на 71,6% (с 204 тыс. до 350 тыс. тонн).

Рост экспорта подтверждает растущий спрос на казахстанскую сельхозпродукцию и укрепляет позиции страны на региональном рынке.

Как отмечают эксперты, за цифрами статистики стоит научная работа. КазНИИЗиР в 2025 году произвел: 400 тонн оригинальных, 746 тонн элитных, 1 641 тонну семян первой, второй и третьей репродукции.

Высокорепродукционные семена были предоставлены сельхозтоваропроизводителям южных и юго-восточных регионов страны – Алматы, Жетысу, Жамбыл, Туркестан и Кызылорда.

Институт также экспортировал более 100 тонн семян зерновых культур в Кыргызстан и 25 тонн семян масличных культур в Туркменистан, что подтверждает его роль в развитии сельского хозяйства Центральной Азии.

Мухтар Аширбеков, агроном-семеновод, доктор сельскохозяйственных наук, отметил:

«Статистика Министерства сельского хозяйства показывает стабильный рост экспорта, и этот результат невозможен без научного сопровождения. Работа по созданию климатически адаптированных сортов, развитию семеноводства и внедрению современных агротехнологий позволяет фермерам получать стабильный урожай даже в условиях аномальной жары и засухи. Подобная координация науки и государственной политики укрепляет продовольственную безопасность Казахстана и всего региона».

Казахстанские научные разработки востребованы и за пределами страны. Высокопродуктивные и адаптированные сорта помогают соседним государствам повышать урожайность и устойчивость сельхозпроизводства, укрепляя экономические и продовольственные связи в Центральной Азии.

@agro__press @nasec.kz

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X