Болашақ ғылымы: форсайт, деректер, басымдықтар
Алматыда ұлттық форсайт жүйесін қалыптастыруға арналған стратегиялық сессия өтті
2026 жылғы 26 ақпанда Алматы қаласында, «Ғылым ордасында» ғылым мен технологиялар саласындағы ұлттық форсайт-зерттеулер мен предиктивті талдау жүйесін дамытуға арналған стратегиялық сессия өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырды. Сессияның мақсаты – республика және өңірлер деңгейінде ғылым мен технологияларды дамытудың біртұтас болжау жүйесін қалыптастыру.

Ғылымды басқарудың жаңа моделі
Сессияны ашқан Академия президенті Ақылбек Күрішбаев ғылым мен технологиялық дамуды басқарудың жаңа моделін таныстырды.
Бұл модель: стратегиялық басымдықтарды нақты таңдауға, ресурстарды шоғырландыруға, ғылымды елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясына кіріктіруге негізделген.
Ғылым жеке-жеке жобалар жиынтығы емес, өлшенетін нәтиже мен ұлттық мүддеге бағытталған жүйе ретінде қарастырылатыны атап өтілді.

Басымдықтардың төрт деңгейлі жүйесі
Жаңа тәсілде ғылыми басымдықтар төрт деңгейге бөлінеді:
Стратегиялық бағыттар – ұлттық қауіпсіздік пен бәсекеге қабілетті экономика үшін маңызды жобалар (кемінде 40%);
Перспективалы бағыттар – жаңа жаһандық ғылыми-технологиялық трендтер (20%-ға дейін);
Базалық зерттеулер – іргелі және инженерлік ғылымдар (20%-ға дейін);
Жеке бағыттар – жаңа және дамып келе жатқан ғылыми салаларды қолдау (20%-ға дейін).
Бұл басымдықтар өңірлердің ерекшелігін, ресурстық мүмкіндіктерін және бизнестің сұранысын ескере отырып қалыптастырылады.

AI SilkNet – ғылымдағы жаңа зияткерлік өзек
Сессия барысында AI SilkNet форсайт және предиктивті аналитика орталығы таныстырылды. Орталық Korea Institute of Science and Technology Information (KISTI)-мен әріптестік аясында құрылуда.
AI SilkNet: жаһандық ғылыми-технологиялық деректерді талдайды, болашақ «мүмкіндіктер терезелерін» анықтайды,
мемлекеттік ғылыми саясатты деректерге сүйене отырып қолдайды.
Негізгі оқиғалардың бірі – AI SilkNet Қазақстан–Корея жасанды интеллект орталығының ресми ашылуы болды.
Өңірлік даму және Алматының рөлі
Стратегиялық сессияға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, ғылым мен технологияны қалалық даму, экология және орнықты экономикамен байланыстырудың маңызын атап өтті.
Іс-шара аясында ҚазЕжӨШҒЗИ қаланың жасыл дамуына бағытталған өңірлік бастамаларды ұсынды.
ҚазЕжӨШҒЗИ ұсыныстары
Алматы үшін қалалық жасыл және агроинновациялық шешімдер:
1. Вертикалды қалалық егіншілік
– азық-түлік қауіпсіздігі мен жасыл инфрақұрылымды дамыту.
2. Алматы трассалары бойына биоэнергетикалық дақылдар отырғызу:
Энергетикалық тал (Salix)
– тез өседі, – 2–3 жыл сайын өнім береді, – пеллет пен жаңқа өндіруге жарамды.
Мискантус (алып энергетикалық шөп)
– өнімділігі 15–25 т/га, – 15–20 жылға дейін өседі, – биожанармайға тиімді.
Гибридті терек
– қорғаныш орман белдеулері, жерді рекультивациялау, жағалау аймақтары үшін.
3. Биодизельге арналған майлы дақылдар: сафлор, рапс, рыжик
Бұл дақылдар Алматы облысында өсіруге қолайлы.
Наука будущего: форсайт, данные, приоритеты
В Алматы обсудили единую систему научного прогнозирования
26 февраля 2026 года в Алматы, в здании «Ғылым ордасы», состоялась стратегическая сессия по развитию национальных форсайт-исследований и системы предиктивной аналитики в сфере науки и технологий.
Организатором выступила Национальная академия наук при Президенте РК. Цель – формирование единой системы прогнозирования на республиканском и региональном уровнях.

Новый подход к управлению наукой
Президент Академии Акылбек Куришбаев представил модель управления научно-технологическим развитием, основанную на: стратегическом выборе приоритетов, концентрации ресурсов, интеграции науки в социально-экономическое развитие страны.
AI SilkNet и международное сотрудничество
Ключевым элементом новой архитектуры стал центр AI SilkNet, создаваемый совместно с KISTI (Южная Корея). Центр станет интеллектуальным ядром принятия решений в научной политике.
Алматы и региональные инициативы
В работе сессии принял участие аким Алматы Дархан Сатыбалды, подчеркнув значение науки для устойчивого и экологичного развития города.
КазНИИЗиР представил инициативы по: вертикальному городскому земледелию, расширению зелёного фонда, созданию биоэнергетических плантаций, выращиванию культур для биодизеля.
Практическая ценность предложений
Предложенные решения позволяют: использовать малопродуктивные земли, развивать «зелёную» энергетику, снизить нагрузку на окружающую среду, связать науку, город и экономику.
@agro__press @nasec.kz
