Бүгін «Мектеп — кеме, білім — теңіз» шарасы аясында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ мен «Ғылым» кәсіподақ ұйымы атынан мекемемізде техникалық қызметкер ретінде жұмыс атқаратын 20-ға жуық көп балалы ата-аналарға арнайы «мектепке дайындық жиынтығы» берілді. Оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды, ал оқушы баланы мектепке дайындау жыл сайын қымбаттап келеді. Осы орайда көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету кезек күттірмес шара болып табылады.
Бүгін, яғни 14 тамызда аграрлық ғылымның «қара шаңырағы» ретінде танымал Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына 87 жыл толып отыр. Осы тарихи кезеңде институт ғалымдары ауылшаруашылық дақылдарының 600-ден астам сорттары мен будандарын шығарды, оның ішінде 200-і еліміздің және 41-і көрші ТМД елдерінің өндірісінде пайдалануға рұқсат етілген. Егін шаруашылығының ресурсүнемдеуші, топырақты сақтау, агроландшафтқа бейімді, органикалық және т.б. көптеген жүйелерін әзірледі. Мекемеміздің ғылыми жаңалықтары 230-дан астам патенттермен және авторлық куәліктермен қорғалған. Алдағы уақытта да институт ғалымдары ғылымның биік белестерін бағындырарына кәміл сенемін! Институт туралы мұрағаттан табылған қысқаша бейнероликпен таныс болыңыздар.
КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.
Свежие комментарии