Monthly Archives: Октябрь 2026

ҚазЕжӨШҒЗИ-на заманауи селекциялық және тұқым жинайтын комбайндар жеткізілді

Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты үшін ерекше әрі көптен күткен күн болды. Институттың ғылыми-техникалық базасы төрт заманауи техникамен – екі Wintersteiger CLASSIC PLUS селекциялық комбайнымен және екі Wintersteiger ALPHA NH тұқым жинайтын комбайнымен толықты.

Wintersteiger CLASSIC PLUS – шағын тәжірибелік алқаптардағы дақылдарды дәл әрі сапалы жинауға арналған селекциялық комбайн. Ол құнды селекциялық материалды сақтауға, зерттеу жұмыстарын жеделдетуге және сорттарды сынау көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Wintersteiger ALPHA NH – тұқым шаруашылығына арнайы әзірленген астық жинайтын комбайн. Ол New Holland TC 4.90 моделінің негізінде жасалып, New Holland компаниясының тиімді түпнұсқалық жаткаларымен жабдықталған.

Жаңа техникаларды сатып алу 2023 жылы басталған дәнді дақылдарға арналған мемлекеттік инновациялық жоба аясында жүзеге асырылды. Үш жыл ішінде жобаны дайындау, конкурстық рәсімдер өткізу, келісімдер алу, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және көптеген өндірістік мәселелерді шешу бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Бүгінде сол еңбектің нәтижесі нақты техника түрінде көрініп, институттың селекциялық үдерісіне енгізілгелі отыр.

– Селекционер үшін заманауи құрал-жабдық пен техника – жай ғана машина емес. Бұл зерттеуді жылдам әрі сапалы жүргізуге, құнды селекциялық материалды сақтауға, сынақ көлемін кеңейтуге және болашақта жаңа сорттарға айналатын ғылыми идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Селекционердің бақыты – өз идеяларын өмірге енгізуге көмектесетін құрал-жабдықтар мен техниканың болуы, – деді дәнді дақылдар зертханасының меңгерушісі Бақыт Айнебекова.

Жаңа комбайндардың жеткізілуі институт селекциясын дамытудағы және оның ғылыми-техникалық әлеуетін нығайтудағы маңызды қадам болды.

В КазНИИЗиР поступили современные селекционные и семеноводческие комбайны

Сегодня для Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства особенный и по-настоящему долгожданный день. Научно-техническая база института пополнилась четырьмя современными машинами – двумя селекционными комбайнами Wintersteiger CLASSIC PLUS и двумя семеноводческими комбайнами Wintersteiger ALPHA NH.

Wintersteiger CLASSIC PLUS – селекционный комбайн, предназначенный для точной и качественной уборки культур на небольших опытных участках. Он позволит сохранять ценный селекционный материал, ускорять проведение исследований и расширять объёмы сортоиспытаний.

Wintersteiger ALPHA NH – зерноуборочный комбайн, специально разработанный для семеноводства. Он создан на базе модели New Holland TC 4.90 и оснащён эффективными оригинальными жатками New Holland.

Новая техника приобретена в рамках государственного инновационного проекта по зерновым культурам, реализация которого началась в 2023 году. За три года была проведена большая работа: подготовка проекта, конкурсные процедуры, многочисленные согласования, государственные закупки и решение организационных вопросов. Сегодня результат этой работы представлен уже не на бумаге, а в виде реальной техники, которая становится частью селекционного процесса института.

– Для селекционера современное оборудование – это не просто машина. Это возможность быстрее и качественнее проводить исследования, сохранять ценный селекционный материал, расширять объёмы испытаний и воплощать научные идеи, которые в будущем превращаются в новые сорта. Счастье селекционера – когда есть оборудование и техника, помогающие реализовывать идеи, – отметила заведующая лабораторией зерновых культур Бахыт Айнебекова.

Поступление новых комбайнов стало важным шагом в развитии селекционной работы и укреплении научно-технической базы института.

@agro__press @nasec

«Агроғылым. Болашаққа бастар жол»: «мир» арнасында деректі фильм көрсетілді

«Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының эфирінен «Агрoғылым. Болашаққа бастар жол» атты деректі фильм көрсетілді.

Фильмде мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы мен аграрлық ғылымға көрсетіліп жатқан қолдау туралы айтылды.

ҚазЕжӨШҒЗИ Басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаева мен зертхана меңгерушілері институттың негізгі жұмыс бағыттары, шетелдік ғылыми ұйымдармен ынтымақтастығы және жүргізілетін зертханалық талдаулар туралы баяндады. Сондай-ақ ғалымдар отандық дақыл сорттары, селекциялық жетістіктер мен өндіріске енгізіліп жатқан ғылыми әзірлемелер жөнінде әңгімеледі.

Деректі фильмді толығырақ сілтеме арқылы көре аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=sowP0U7GM8A

«АГРОНАУКА. ПУТЬ В БУДУЩЕЕ»: НА ТЕЛЕКАНАЛЕ «МИР» ПОКАЗАЛИ ДОКУМЕНТАЛЬНЫЙ ФИЛЬМ

В эфире Межгосударственной телерадиокомпании «Мир» вышел документальный фильм «Агроғылым. Болашаққа бастар жол».

В фильме рассказали о государственной поддержке сельского хозяйства и аграрной науки.

Председатель Правления КазНИИЗиР Шолпан Бастаубаева и заведующие лабораториями рассказали об основных направлениях деятельности института, международном сотрудничестве и проводимых исследованиях. Зрители также узнают, какие анализы выполняют специалисты, какие сорта создают учёные и каких достижений институт добился в области земледелия и растениеводства.

Подробнее смотрите по ссылке: https://www.youtube.com/watch?v=sowP0U7GM8A

Отандық селекция жетістіктері – республикалық басылымда

Республикалық «Qazaq» газетінде ҚазЕӨжШҒЗИ дәнді дақылдар зертханасының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Бақыт Айнебекованың мақаласы жарық көрді.

Материалда «Ғылым қоры» АҚ қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жобалар, институт ғалымдары шығарған жүгері будандары мен құмай, судан шөбі және жарылғыш жүгері сұрыптары туралы баяндалған. Сондай-ақ тұқымды кептіруге, тазалауға, сұрыптауға және калибрлеуге арналған жаңа өндірістік желінің мүмкіндіктері, отандық тұқымдарды көбейтіп, шаруашылықтарға жеткізу жұмыстары сөз болады.

Мақалада ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің отандық тұқым шаруашылығын дамыту мен еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудағы маңызы атап көрсетілген.

Достижения отечественной селекции представлены в республиканской газете

В республиканской газете «Qazaq» опубликован материал заведующей лабораторией зерновых культур КазНИИЗиР, кандидата сельскохозяйственных наук Бақыт Айнебековой.

В статье рассказывается о проектах, реализуемых при поддержке АО «Фонд науки», новых гибридах кукурузы и сортах сорго, суданской травы и кукурузы для попкорна, созданных учёными института. Также представлены возможности новой производственной линии для сушки, очистки, сортировки и калибровки семян.

Особое внимание уделено внедрению научных разработок в производство, обеспечению хозяйств качественными отечественными семенами и укреплению продовольственной безопасности Казахстана.

Подробнее по ссылке: https://qazaq1913.com/tynys-tirshilik/

@agro__press @nasec

Қант қызылшасы: еңбек, ғылым, селекция

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында 2026 жылғы фабрикалық қант қызылшасын жинау жұмыстары аяқталды. Жиналған тамыржемістер қант өндіру үшін зауытқа жөнелтілуде.

Қазіргі уақытта тұқым шаруашылығына арналған қант қызылшасының аналық тамыржемістерін жинау жалғасып жатыр.

Қант қызылшасын жинау жұмыстары толығымен қолмен атқарылады. Бұл – үлкен дене күшін, төзімділікті, мұқияттылық пен жауапкершілікті талап ететін күрделі жұмыс.

Әрбір тамыржеміс қолмен тазартылып, әрі қарай пайдалануға дайындалады. Селекциялық питомниктердегі аналық тамыржемістерді жинау кезінде өнімді сақтап қана қоймай, оларды шаруашылыққа құнды белгілері бойынша жеке іріктеу, әр селекциялық үлгінің сорттық тазалығы мен сақталуын қамтамасыз ету маңызды.

Іріктелген аналық тамыржемістер қысқы сақтауға қойылады. Келесі жылдың көктемінде олар тұқым алу және селекциялық жұмысты жалғастыру үшін пайдаланылады.

Жұмыстар ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі жоғары отандық сорттары мен будандарын шығару және бастапқы тұқым шаруашылығын дамытуға бағытталған BR22885311 ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында жүргізілуде.

Селекциялық жетістіктердің артында ғылыми зерттеулермен қатар, күн сайын алқапта еңбек ететін мамандардың орасан зор жұмысы тұр. Мыңдаған тамыржемісті қолмен жинау төзімділікті, ұйымшылдықты және өз ісіне адалдықты қажет етеді.

Әрбір жиналған тамыржеміс – еңбектің нәтижесі, ал әрбір іріктелген аналық өсімдік – болашақ өнім мен жаңа отандық будандардың негізі!

Уборка сахарной свёклы – 2026: труд, наука и результаты селекции

В ТОО «Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства» завершена уборка фабричной сахарной свёклы урожая 2026 года. Собранные корнеплоды направляются на сахарный завод для дальнейшей переработки и производства сахара.

В настоящее время продолжается уборка маточных корнеплодов сахарной свёклы, предназначенных для дальнейшего семеноводства.

Особенность нашей работы заключается в том, что весь процесс уборки сахарной свёклы осуществляется вручную. Это чрезвычайно трудоёмкая работа, требующая больших физических усилий, терпения, внимательности и ответственности.

Каждый корнеплод необходимо вручную очистить и подготовить к дальнейшему использованию. Особенно сложной является уборка маточных корнеплодов в селекционных питомниках, где важно не только сохранить урожай, но и провести индивидуальный отбор корнеплодов по хозяйственно ценным признакам, обеспечить сохранность и сортовую принадлежность каждого селекционного образца.

Отобранные маточные корнеплоды будут заложены на зимнее хранение, а весной следующего года использованы для получения семян и продолжения селекционного процесса.

Работы проводятся в рамках научно-технической программы BR22885311, направленной на создание высокопродуктивных отечественных сортов и гибридов сельскохозяйственных культур и развитие первичного семеноводства.

За результатами селекционной работы стоят не только научные исследования, но и огромный физический труд сотрудников, которые ежедневно работают в поле. Ручная уборка тысяч корнеплодов – это непростой процесс, требующий выносливости, слаженной командной работы и преданности своему делу.

Каждый собранный корнеплод – это результат труда, а каждый отобранный маточник – основа будущего урожая и новых отечественных гибридов.

@agro__press @nasec

«Жетісу» газетінде ғалымның мақаласы жарияланды

Облыстық «Жетісу» газетінде ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор Гуля Құныпияеваның «Бір рет егіп, бірнеше жыл өнім ал» атты мақаласы жарық көрді.

Материалда көпжылдық бидайықтың ерекшеліктері, оның топырақты қорғау, ылғалды сақтау және өндірістік шығындарды азайту мүмкіндіктері баяндалған. Сондай-ақ Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында 2022 жылдан бері жүргізіліп жатқан тәжірибелердің алғашқы нәтижелері ұсынылған.

Зерттеу барысында өсімдіктің қыстан шығып, келесі жылдары қайта көктейтіні анықталды. Қазіргі кезде ғалымдар оның өнімділігін, өсіру технологиясын және Қазақстан жағдайындағы экономикалық тиімділігін зерттеуде.

В газете «Жетысу» опубликован материал

В областной газете «Жетысу» вышла статья кандидата сельскохозяйственных наук, профессора Гули Куныпияевой «Посеять один раз – получать урожай несколько лет».

В материале рассказывается об особенностях многолетнего пырея, его способности защищать почву, сохранять влагу и снижать производственные затраты. Также представлены первые результаты исследований, проводимых с 2022 года в Казахском научно-исследовательском институте земледелия и растениеводства.

Наблюдения показали, что растение успешно переносит зиму и вновь отрастает в последующие годы. Сейчас ученые изучают его урожайность, технологию возделывания и экономическую эффективность в условиях Казахстана.

@agro__press @nasec

Кенебай Қожахметов пен Сейілхан Сай құрметті академик атанды

Бүгін, 9 қазанда Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының президенті Тілектес Есполов келді. Сапар аясында ол биология ғылымдарының докторы, белгілі ғалым-селекционер Кенебай Қожахметовті құрметті академик атағының берілуімен құттықтап, арнайы диплом табыс етті.

Кенебай Қожахметов саналы ғұмырын отандық аграрлық ғылымға арнаған ғалым. Оның ғылыми қызметі 1970 жылдан бастап ҚазЕжӨШҒЗИ-мен тығыз байланысты. Ғалым ұзақ жылдар бойы будандастыру және цитогенетика зертханасын басқарып, бидай мен тритикале селекциясының дамуына елеулі үлес қосты. Ол 13 сортты мемлекеттік сынаққа ұсынуға атсалысып, 120-дан астам ғылыми еңбек жариялаған және бес патент алған.

Тілектес Есполов ғалымның кәсіби жолы мен адамгершілік қасиеттеріне ерекше тоқталды.

«Кенебай ағамен кеңес дәуірінен бері таныспыз. Біз де Мәскеуде аспирантурада оқып, үлкен ғылыми мектептен өттік. Сол кезеңнен бері ауыл шаруашылығы ғылымына бірге қызмет етіп келеміз. Кенебай Қожахметұлы – білімі терең, еңбегіне адал, ғылымға шынайы берілген азамат. Оның отандық селекция мен жас ғалымдарды тәрбиелеуге қосқан үлесі зор», – деді ол.

Академия президентінің айтуынша, құрметті атақ беру туралы шешімді президиум мүшелері бірауыздан қолдаған.

Адамның басты құндылығы – оның ішкі тазалығы, адалдығы және елге сіңірген еңбегі. Жақсылық та, жамандық та адамның өзіне қайтып келеді. Сондықтан қандай жағдайда да адал болу керек. Кенебай Қожахметұлы осы ұстанымды өмір бойы еңбегімен дәлелдеген тұлға. Қазақстан халқы осындай ғалымдарымен мақтанады, – деді Тілектес Есполов.

Салтанатты іс-шара барысында құрметті академик дипломы Қытай Халық Республикасы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы Дақылдар институтының «Жүгері селекциясы және агротехнологиясы» бөлімінің жетекші ғалымы, PhD докторы, профессор Сейілхан Серікбайұлы Сайға (SAILIHAN SAI) да табысталды.

Сейілхан Сайдың ғылыми қызметі жүгері селекциясын дамытуға, заманауи агротехнологияларды жетілдіруге және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Тілектес Есполов Ерлепесов бастаған аға буын ғалымдардың отандық аграрлық ғылымның қалыптасуына зор үлес қосқанын атап өтіп, Кенебай Қожахметов пен Сейілхан Сайға мықты денсаулық, ғылыми ізденістеріне табыс және жаңа жетістіктер тіледі.

Кенебай Кожахметов и Сейлхан Сай стали почётными академиками

Сегодня, 9 октября, Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства посетил президент Академии сельскохозяйственных наук Республики Казахстан Тлектес Есполов. В ходе визита он поздравил доктора биологических наук, известного учёного-селекционера Кенебая Кожахметова с присвоением звания почётного академика и вручил ему специальный диплом.

Кенебай Кожахметов посвятил свою жизнь отечественной аграрной науке. С 1970 года его научная деятельность тесно связана с КазНИИЗиР. На протяжении многих лет учёный возглавлял лабораторию отдалённой гибридизации и цитогенетики, внёс значительный вклад в развитие селекции пшеницы и тритикале. При его участии на государственное сортоиспытание были переданы 13 сортов. Он опубликовал более 120 научных работ и получил пять патентов.

Тлектес Есполов особо отметил профессиональный путь и человеческие качества учёного.

– С Кенебаем Кожахметовичем мы знакомы ещё с советских времён. Мы учились в аспирантуре в Москве и прошли большую научную школу. С тех пор вместе служим сельскохозяйственной науке. Кенебай Кожахметович – глубоко образованный, преданный своему труду и искренне увлечённый наукой человек. Он внёс большой вклад в развитие отечественной селекции и подготовку молодых учёных, – сказал он.

По словам президента Академии, решение о присвоении почётного звания было единогласно поддержано членами президиума.

– Главные ценности человека – внутренняя чистота, честность и труд на благо страны. И добро, и зло возвращаются к самому человеку. Поэтому при любых обстоятельствах нужно оставаться честным. Кенебай Кожахметович всей своей жизнью и трудом доказал верность этим принципам. Народ Казахстана гордится такими учёными, – подчеркнул Тлектес Есполов.

Во время торжественного мероприятия диплом почётного академика также вручили Сейлхану Серикбаевичу Саю (SAILIHAN SAI) – доктору PhD, профессору, ведущему учёному отдела «Селекция и агротехнология кукурузы» Института культур Академии сельскохозяйственных наук Синьцзян-Уйгурского автономного района КНР.

Научная деятельность Сейлхана Сая направлена на развитие селекции кукурузы, совершенствование современных агротехнологий и укрепление международного научного сотрудничества.

Тлектес Есполов также отметил значительный вклад старшего поколения исследователей, начиная с Ерлепесова, в становление отечественной аграрной науки. Он пожелал Кенебаю Кожахметову и Сейлхану Саю крепкого здоровья, успехов в научной деятельности и новых достижений.

@agro__press @nasec

ҚазЕжӨШҒЗИ-на Солтүстік Дакота мемлекеттік университетінің өкілі келді

Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына Солтүстік Дакота мемлекеттік университетінің (NDSU, АҚШ) Жаһандық бағдарламалар және қызметтер басқармасының директоры Эрик Д. Лайзе (Eric D. Leise, EdD) келді.

ҚазЕжӨШҒЗИ Басқарма төрайымы Шолпан Бастаубаева қонақты институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, халықаралық ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастықты дамыту перспективалары туралы айтты.

Шолпан Бастаубаеваның айтуынша, Солтүстік Дакота мен Қазақстанның климаттық және географиялық жағдайлары ұқсас. Сондықтан осы америкалық штаттың тәжірибесі Қазақстанның ауыл шаруашылығында, әсіресе етті мал шаруашылығы саласында белсенді қолданылады.

Сондай-ақ ол академик Мехлис Сүлейменовтің 20 жыл ішінде тәжірибе алмасу және кәсіби байланыстарды нығайту мақсатында АҚШ-тың түрлі штаттарына жеті рет барғанын атап өтті. ҚазЕжӨШҒЗИ мен Солтүстік Дакотаның ғылыми орталықтары арасындағы тікелей ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық, ең алдымен, климаттық аймақтардың ұқсастығына негізделген.

Кездесу барысында тараптар тәжірибе алмасу, академиялық ұтқырлықты дамыту, ғылыми кадрлар даярлау және ауыл шаруашылығы саласында бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін талқылады.

Сапар аясында Эрик Лайзе ҚазЕжӨШҒЗИ-дың ғылыми инфрақұрылымымен танысып, зертханалар мен өсімдіктердің генетикалық банкін аралады. Қонаққа институттың негізгі ғылыми әзірлемелері, ауыл шаруашылығы дақылдарының коллекциялары, сондай-ақ өсімдіктердің генетикалық ресурстарын сақтау және зерттеу жұмыстары таныстырылды.

Кездесу ҚазЕжӨШҒЗИ мен АҚШ-тың ғылыми және білім беру мекемелері арасындағы байланысты дамытудағы кезекті маңызды қадам болды.

КазНИИЗиР посетил представитель Университета штата Северная Дакота

Сегодня Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства посетил директор Управления глобальных программ и услуг Университета штата Северная Дакота (NDSU, США) Эрик Д. Лайзе (Eric D. Leise, EdD).

Председатель правления КазНИИЗиР Шолпан Бастаубаева ознакомила гостя с основными направлениями деятельности института и рассказала о перспективах развития международного научно-практического сотрудничества.

По словам Шолпан Бастаубаевой, Северная Дакота и Казахстан имеют схожие климатические и географические условия. Поэтому опыт этого американского штата активно применяется в сельском хозяйстве Казахстана, особенно в сфере мясного скотоводства.

Она также отметила, что академик Мехлис Сулейменов на протяжении 20 лет семь раз посещал различные штаты США для изучения зарубежного опыта и укрепления профессиональных связей. Прямое научно-практическое сотрудничество между КазНИИЗиР и научными центрами Северной Дакоты основывается прежде всего на сходстве климатических зон.

Стороны обсудили возможности обмена опытом, развития академической мобильности, подготовки научных кадров и реализации совместных исследований в сфере сельского хозяйства.

В рамках визита Эрик Лайзе ознакомился с научной инфраструктурой КазНИИЗиР, посетил лаборатории и генетический банк растений. Гостю представили основные научные разработки института, коллекции сельскохозяйственных культур, а также работу по сохранению и изучению генетических ресурсов растений.

Встреча стала очередным шагом в развитии взаимодействия КазНИИЗиР с научными и образовательными учреждениями США.

@agro__press @nasec

Селекциялық техниканы жаңарту – жоғары өнімділік пен Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне бастар қадам

«Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС материалдық-техникалық базасын жаңғырту жұмыстарын белсенді жалғастырып келеді.

Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы BR22885857 «Майлы және жармалық дақылдардың өнімділігі жоғары сорттары мен будандарын шығару және өндіріске енгізу» ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында Майлы дақылдар зертханасына жаңа арнайы техника – отамалы дақылдарға арналған ССФК-7М селекциялық сепкіші сатып алынды.

Бұл неліктен маңызды?

Селекциялық тәжірибелерді жүргізу – өнімділігі жоғары жаңа сорттарды шығарудың негізгі кезеңдерінің бірі. Ал селекциялық техниканың дәлдігі мен жұмыс сапасы бүкіл ғылыми тәжірибенің нәтижесіне тікелей әсер етеді.

Тұқымды дәл себу және біркелкі орналастыру өскіндердің бітік шығуына, өсімдіктердің кейінгі өсуі мен дамуына ықпал етеді.

Тұқымды белгіленген тереңдікке орналастыру өскіндердің қоректенуі мен ылғалдануына қолайлы жағдай жасайды.

Қатарлар арасындағы арақашықтықты дәл сақтау әр өсімдікке бірдей қоректену алаңы мен күн сәулесінің түсуін қамтамасыз етіп, тәжірибе нәтижелеріндегі статистикалық қателіктерді азайтады.

Заманауи ССФК-7М сепкішін пайдалану далалық зерттеулердің сапасын арттыруға, селекциялық үдерісті жеделдетуге және Қазақстан диқандарына төзімді әрі жоғары өнімді майлы дақылдар сорттарын ұсынуға мүмкіндік береді.

Обновление селекционной техники: шаг к высокой урожайности и продовольственной безопасности Казахстана

ТОО «Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства» продолжает активную работу по модернизации материально-технической базы.

В рамках реализации научно-технической программы BR22885857 «Создание и внедрение в производство высокопродуктивных сортов и гибридов масличных, крупяных культур, с целью обеспечения продовольственной безопасности Казахстана» Лаборатория масличных культур пополнилась новым специализированным оборудованием – селекционной сеялкой ССФК-7М для пропашных культур.

Почему это важно?

Закладка селекционных опытов – ключевой этап в выведении новых высокопродуктивных сортов. Качество и точность работы селекционной техники напрямую определяют успех всего научного эксперимента:

Точность высева и равномерное распределение семян влияют на дружность всходов, а также на последующий рост и развитие растений.

Соблюдение точной глубины заделки семян создаёт оптимальные условия для питания и увлажнения проростков.

Строгое выдерживание расстояния между рядками обеспечивает равную площадь питания и равный доступ к солнечному свету для каждого растения, исключая погрешности в статистических данных опыта.

Использование современной сеялки ССФК-7М позволит повысить качество полевых исследований, ускорить процесс селекции и предложить аграриям Казахстана устойчивые и высокоурожайные сорта масличных культур.

@agro__press @nasec

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X