ҚазЕжӨШҒЗИ ғалымдары Қытайдағы халықаралық аграрлық конференцияға қатысты
Шаньдун ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының президенті Ли Сяндун мен Партия комитетінің хатшысы Лян Цзиньгуанның шақыруымен Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаева және Өсімдіктердің молекулалық-биологиялық талдау зертханасының меңгерушісі Шынар Мазкират 2026 жылғы 26–30 маусым аралығында Қытай Халық Республикасының Шаньдун провинциясында өткен ауыл шаруашылығы ғылымы мен технологиясы саласындағы халықаралық ынтымақтастық және тәжірибе алмасу конференциясына қатысты.

Іссапар аясында ШЫҰ елдерінің Ауыл шаруашылығы ғылыми-технологиялық инновациялар альянсын құруға арналған іс-шаралар өтіп, Альянстың алдағы үш жылға арналған ынтымақтастық жоспары талқыланды.
Конференция барысында аграрлық ғылымның заманауи бағыттары, оның ішінде геномдық селекция, экологиялық таза және интеллектуалды ауыл шаруашылығы, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды агроөнеркәсіп өндірісіне енгізу мәселелері қарастырылды.
Конференцияда Шолпан Бастаубаева «Қазақстанның ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикалық ресурстары: сақтау және тиімді пайдалану стратегиялары» тақырыбында баяндама жасап, еліміздің өсімдік генетикалық ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану тәжірибесін таныстырды. Сонымен қатар осы бағыттағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың болашағына тоқталды. Ғылыми сессия қорытындысында қатысушылар тәжірибе алмасып, ШЫҰ аясында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Кейін қазақстандық делегация Шаньдун ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының көрме орталығын, генетикалық ресурстар банкін, тәжірибелік базаны және ғылыми-зерттеу институттарын аралады.
29 маусымда институт өкілдері Қытай–ШЫҰ ғылыми-технологиялық инновациялар жөніндегі 2026 жылғы конференцияның ашылу рәсіміне және әлемнің тоғыз елін (Қазақстан, Қытай, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Үндістан, Пәкістан, Иран және Мысыр) біріктірген Ауыл шаруашылығы ғылыми-технологиялық инновациялар альянсының ресми іске қосылуына қатысты.
Дөңгелек үстелде Альянс жарғысының жобасы, үш жылдық іс-қимыл жоспары және ұйымның алдағы даму бағыттары талқыланды. Пікірталас барысында Шолпан Бастаубаева сөз сөйлеп, ғылыми ынтымақтастықты дамытуға қатысты Қазақстан тарапының ұсыныстарын ұсынды.
Конференция қорытындысы бойынша Альянс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында өсімдік шаруашылығын цифрландыруға арналған заманауи ғылыми зертхана салу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар ШЫҰ елдерінің перспективалы ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мен будандарын, озық агротехнологияларын насихаттайтын халықаралық демонстрациялық алаң құру және 2028 жылдың соңына дейін агротехнология саласындағы тұрақты халықаралық ынтымақтастық желісін қалыптастыру жоспарланды.
Ученые КазНИИЗиР приняли участие в международной аграрной конференции в Китае
По приглашению Президента Шаньдунской Академии сельскохозяйственных наук Ли Сяндуна и секретаря Парткома Лян Цзиньгуана Председатель Правления ТОО «КазНИИЗиР» Шолпан Бастаубаева и заведующий лабораторией молекулярно-биологического анализа растений Шынар Мазкират с 26 по 30 июня 2026 года приняли участие в Международной конференции по сотрудничеству и обмену в области сельскохозяйственной науки и технологий.

В рамках визита также состоялись мероприятия, посвященные созданию Альянса сельскохозяйственных научно-технологических инноваций стран ШОС и был обсужден трехлетний план сотрудничества Альянса.
На конференции обсудили современные направления развития аграрной науки, включая геномную селекцию, экологически чистое и интеллектуальное сельское хозяйство, применение искусственного интеллекта и цифровых решений в агропроизводстве.
На данной конференции Бастаубаева Ш. О. выступила с докладом «Генетические ресурсы сельскохозяйственных растений Казахстана: стратегии сохранения и эффективного использования». Она представила опыт Казахстана по сохранению и рациональному использованию генетических ресурсов растений, а также обозначила перспективы международного сотрудничества в этой сфере.
По итогам научной сессии участники обменялись опытом и обсудили возможности реализации совместных исследовательских проектов ШОС. Далее делегация посетила выставочный центр Академии сельскохозяйственных наук провинции Шаньдун, банк генетических ресурсов, экспериментальную базу и научно-исследовательские институты.

29 июня представители института приняли участие в открытии Конференции по сотрудничеству в области научных и технологических инноваций Китай–ШОС 2026 и официальном запуске Альянса сельскохозяйственных научно-технологических инноваций 9 стран мира (Казахстан, Россия, Беларусь, Узбекистан, Индия, Пакистан, Иран и Египет).
Во время круглого стола были рассмотрены проект Устава Альянса, трехлетний план действий и дальнейшие направления его развития. В обсуждении также выступила Председатель Правления Ш.Бастаубаева, представив предложения казахстанской стороны по развитию научного сотрудничества.
Альянсом было принято решение о строительстве на базе КазНИИЗиР современной научной лаборатории по цифровизации в области растениеводства, о создании международной демонстрационной базы по распространению перспективных сортов и гибридов с.-х. культур, передовых агротехнологий стран ШОС, и к концу 2028 года создать постоянно действующую сеть агротехнологического международного сотрудничества.
@agro__press @nasec

Свежие комментарии