Monthly Archives: Май 2025

Қытайлық делегациямен ғылыми ынтымақтастық жолында

Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына Шыңжаң ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Дақылдарды зерттеу институтынан делегация келді.

Іссапар аясында академия директоры, бидай селекциясы және өсіру технологиясы саласының жетекші маманы Ли Цзяньцзян бастаған делегация құрамында бірқатар жетекші және аға ғылыми қызметкерлер болды. Атап айтқанда:

  • Лю Хуацзюнь – басты ғылыми қызметкер, зерттеу бағыты: қант қызылшасының генетикалық селекциясы және тиімді өсіру әдістері;
  • Мао Хунъянь – аға ғылыми қызметкер, зерттеу бағыты: дәнді дақылдардың сапасын талдау және өңдеу технологияларын қолдану;
  • Лю Льянчжэн – аға ғылыми қызметкер, зерттеу бағыты: бидай селекциясы;
  • Мелшат Минатолла – ғылыми қызметкер, зерттеу бағыты: ауыл шаруашылығында су ресурстарын тиімді пайдалану.

Кездесу барысында екі институт арасында ғылыми ынтымақтастықты дамыту, ортақ зерттеу жобаларын жүзеге асыру және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Делегация сапары «Қытай–Орталық Азия ауыл шаруашылық технологияларын бірлесіп пайдалану (Қазақстан орталығы)» жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Отан қорғаушылар күніне арналған тартысты сайыс: ғылым ордасындағы спорттық серпін

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында Отан қорғаушылар күніне орай Жас ғалымдар кеңесінің бастамасымен көңілді де жігерлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Бұл күн — тек ерлік пен батырлықты ғана емес, сондай-ақ ұйымшылдық пен серіктестік рухын да дәріптейтін ерекше мереке болды.

Тартысты өткен сайыстарда қатысушылар өз күш-жігерін, ептілігі мен намысын ортаға салып, ғылыммен қатар спортта да мықты екендерін дәлелдеді. Командалық рух, достық пен жігер — шараның басты ұранына айналды.

Жеңімпаздарды қуана құттықтаймыз!

Арқан тарту:
1-орын – Өсімдіктер биотехнологиясы және өсімдіктерді молекулалық-биологиялық талдау зертханасы
2-орын – Малазықтық дақылдар зертханасы
3-орын – Жүгері және құмай дақылдары зертханасы

Гір көтеру:
1-орын – Дихан Азамат Ержанұлы
2-орын – Ибаш Нұрғазы Дәулетбекұлы
3-орын – Ермаханов Ерік Ерболатұлы

Садақ ату:

1-орын – Майкотов Бекжан Нурқадамұлы
2-орын – Иса Ержан Жунисалыұлы
3-орын – Ермаханов Ерік Ерболатұлы

Қой көтеру:
1-орын – Майкотов Бекжан Нурқадамұлы
2-орын – Дихан Азамат Ержанұлы
3-орын – Төребек Нұрсұлтан Талғатұлы

Скакалка секіру:
1-орын – Бабисекова Диляра Искандеровна
2-орын – Алпысбаева Маржан Ахметовна
3-орын – Орынтаева Зарина Маратовна

Барлық қатысушыларға және қолдау білдірген әріптестерге шексіз алғысымызды білдіреміз! Бұл шараға атсалысқан әр адам — шынайы жеңімпаз! Алдағы уақытта да осындай игі дәстүрлер жалғасып, институт ішіндегі бірлік пен серіктестік одан әрі нығая берсін!

Ізгі ниетпен,
Жас ғалымдар кеңесі

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X