05.06.2020
Соңғы жаңалықтар
2020 жылдың 4 маусымында Қарасай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында» және «Оңтүстік Агропаркінде» болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Нұрсұлтан Сабиров институт қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау орны толмас шығындарға әкеліп соғатынын жеткізді, оларға тілсіз жаудың қалай алдын алу керек екенін түсіндірді және жұмысшыларға ережелер мен ескертулер жазылған ақпараттық парақшалар таратылды.Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы мәлімет Қарасай аудандық «Заман жаршысы» газетінің 5 маусымдағы №23 санында және «ҚарасайИнфо» сайтында жарияланды.
КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.