«Жас селекционер» халықаралық мектебі: аграрлық ғылымға жаңа буын мамандар
18–21 мамыр аралығында «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС базасында «Жас селекционер» халықаралық семинар-тренингі өтті. Аталған білім беру алаңы Қазақстан, Қырғызстан және Грузиядан келген жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен аграрлық сала мамандарын біріктірді.
Мектептің негізгі мақсаты – селекция және тұқым шаруашылығы саласында бәсекеге қабілетті жас мамандарды даярлау, сондай-ақ заманауи аграрлық ғылымның озық әдістерін тәжірибе арқылы меңгерту болды.
Төрт күндік бағдарлама барысында қатысушылар дәнді дақылдар селекциясының заманауи бағыттарымен, генетика және молекулалық биология негіздерімен, өсімдіктер иммунитеті және қорғау жүйелерімен, биотехнология және биохимия саласындағы жаңа әдістермен жан-жақты танысты. Сонымен қатар, дән сапасын бағалау бойынша практикалық сабақтар өткізілді.
Дәрістерді Қазақстанның және шетелдің жетекші ғалымдары жүргізді. Халықаралық селекция саласының танымал маманы Алексей Иванович Моргунов бидай селекциясының әлемдік даму үрдістері мен климаттық өзгерістер жағдайында сорттардың төзімділігін арттыру бағыттары туралы кеңінен баяндады. Ал Австралиядағы Flinders University университетінің профессоры Юрий Николаевич Шавруков молекулалық генетикадағы заманауи тәсілдер мен өсімдіктердің абиотикалық стресс факторларына төзімділігін арттыру жолдарын түсіндірді.
Бағдарлама аясында қатысушылар тәжірибелік зертханаларда жұмыс істеп, селекциялық материалдарды талдау, фенотиптік бағалау және заманауи зерттеу әдістерін қолдану бойынша практикалық дағдыларын жетілдірді.
«Жас селекционер» халықаралық мектебі – жас ғалымдардың кәсіби дамуына, ғылыми байланыстарды нығайтуға және халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды ғылыми-білім беру платформасына айналды.
В КазНИИЗиР прошла Международная школа «Молодой селекционер»
С 18 по 21 мая на базе ТОО «Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства» прошёл семинар-тренинг Международной школы «Молодой селекционер». В мероприятии приняли участие молодые учёные, магистранты, студенты и специалисты аграрной отрасли из Казахстана, Кыргызстана и Грузии.
Основной целью школы стала подготовка конкурентоспособных молодых специалистов в области селекции и семеноводства, а также формирование практических навыков работы с современными методами аграрной науки.
В течение четырёх дней участники изучали современные направления селекции зерновых культур, основы генетики и молекулярной биологии, вопросы иммунитета и защиты растений, биотехнологии и биохимии. Также были проведены практические занятия по оценке качества зерна и работе с селекционным материалом.
Лекции проводили ведущие учёные Казахстана и зарубежья. Международный эксперт в области селекции Алексей Иванович Моргунов рассказал о мировых тенденциях развития селекции пшеницы и повышении устойчивости сортов к климатическим изменениям. Профессор Flinders University (Австралия) Юрий Николаевич Шавруков представил современные подходы молекулярной генетики и методы повышения устойчивости растений к абиотическим стрессам.
В рамках программы участники также работали в лабораториях института, где освоили методы фенотипической оценки, анализа селекционного материала и современные исследовательские технологии.
Международная школа «Молодой селекционер» стала важной образовательной и научной площадкой для обмена опытом, укрепления международного сотрудничества и профессионального роста молодых специалистов в области аграрной науки.
@agro__press @nasec.kz
