Blog

A basic standard blog page example.

Май 17, 2021
Мейирман Г.

Бүгін көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Ғалиолла Төлендіұлы Мейірман 75 жасқа толып отыр.

Ғалиолла Төлендіұлының өмір жолы білімге құштарлық пен ғылымға адал қызмет етудің үлгісі. Соғыстан кейінгі қиын заманда 1946 жылы 17 мамырда Алматы облысының Бөрілітөбе ауданының (қазіргі Қаратал ауданы) М.В. Фрунзе атындағы колхозда дүниеге келген болашақ академик жастайынан оқуға зерек болып, 1964 жылы орта мектепті күміс медалмен бітіреді, сол жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институты агрономия факультетіне түседі, үздік студент атанып, Лениндік стипендияға оқиды. 1969 жылы институтты қызыл дипломмен бітіріп, аспирантураға түседі. Ірі биолог ғалым профессор А.А. Алманиязовтың шәкірті атанып, өсімдік селекциясы және генетикасы саласы бойынша жоңышқа дақылын зерттеп, генетика мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғайды. 1974 жылы жаңадан ашылған Қазақ жайылымдық және шабындық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына ауысып, 1991 жылға дейін кезегімен кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бұршақ шөптер селекциясы бөлімінің меңгерушісі, бас директордың орынбасары – малазықтық дақылдар бойынша селекциялық орталықтың жетекшісі лауазымдарында қызмет істейді. Теория мен практиканы ұтымды ұштастыра біліп, мал азықтық дақылының көптеген сорттарын шығарады, іргелі ғылыми зерттеулер жасайды. Нәтижесінде 1990 жылы көп жылғы жұмыстарын қорытындылап, Новосібір қаласында докторлық диссертация қорғайды. Осыдан кейін оның ғалымдық ғұмырының келесі кезеңі басталады. Еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылы Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары академиясында бастапқыда ғылыми-ұйымдастыру кеңесінің төрағасының, бас ғылыми хатшысының орынбасары, содан кейін өсімдік шаруашылығы селекциясы малазықтық өндірісі және жайылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы болып еңбек етті. 1993 жылы Арал агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметіне ауысып, жеті жыл бойы абыроймен атқарады, Сыр өңірі еңбеккерлерінің құрметіне бөленеді. 2000 жылы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтына ауысып, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары болып қызмет етеді. 2002-2004 жж. Қазақ ұлттық аграрлық университетінде өсімдік шаруашылығының селекциясы және биотехнологиясы кафедрасында профессоры болып, білім беру саласында да із қалдырады. 2005 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Ғ. Мейірман Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында еңбек етуде. Ғалым дәнді бұршақ, жарма, малазықтық дақылдары бойынша селекция, генетика, физиология, иммунитет, биохимия, цитология зерттеулерін жүргізіп келеді.

Ғалымның ғылым жолындағы жетістіктері 1992 жылы Қазақ ауылшаруашылық академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланумен жалғасып, кейіннен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі болумен ұласады. 1995 жылы агрономия мамандығы бойынша профессоры ғылыми атағы берілді.

Ғалекең тәжірибелі педагог ретінде көп күш-жігерін білікті мамандар дайындауға жұмсауда, елімізде селекция-генетикалық мектептерін өркендету үшін жұмыс атқаруда. Оның ғылыми жетекшілігімен 9 кандидаттық және 4 докторлық, 15 PhD және магистрлік диссертация қорғалды. Ғалымның 212-ден астам ғылыми жұмыстары жарияланды, «Жоңышқа» (осы еңбегін ұстазы А.Алманиязовқа арнаған), «Дәстүрлі емес және жабайы өсетін азықтық өсімдіктер және олардың интродукция мен селекция үшін маңызы» монографиялары жарық көрді, мал азығы өндірісі және өсімдік шаруашылығы саласындағы 10 ғылыми ұсынысы, мал азықтық дақылдардың электрондық дерекқоры бойынша 3 каталогы жарық көрді. ҚР пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіміне енгізілген жоңышқа, эспарцет, түйежоңышқа, мақсары, сареп қышасы, рапс, күріш дақылы бойынша, 27 сорттың авторы, сондай-ақ селекция тәсілдері мен технологиясына 2 инновациялық патент алды. Қазақстан Республикасы Жоғары аттестаттау комиссиясының сарапшысы, ауылшаруашылық журналдарының редакциялық кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі, диссертациялық мамандандырылған кеңестің мүшесі.

Ғалиолла Төлендіұлы ғылыми жетістіктерін өндіріске ендіру жолында да тынымсыз еңбек етіп ауыл еңбеккерлеріне, фермерлерге ақыл-кеңес беріп жүр, республикалық және халықаралық ғылыми жобаларға жетекшілік етіп келеді.Ғалымның өсімдік шаруашылығы бойынша, жалпы аграрлық ғылым салаларындағы қосқан еңбегін қазақстандықтармен бірге шет елдік әріптестері де аса құрметпен бағалайды. Ғалиолла Төлендіұлына осындай қарқынмен қажымай талмай еңбек етіп, отанымыздың ғылымына өзінің лайықты үлесін қоса беруді тілейміз.

Сегодня исполнилось 75 лет известному ученому, академику НАН РК Мейрман Галиолле Тулендиновичу.

Мейірман Ғалиолла Төлендіұлы родился в колхозе им. М.В.Фрунзе Берлитобинского района (ныне Каратальского района) Алматинской области. По окончании средней школы с серебрянной медалью в 1964 году поступил на агрономический факультет Казахского Государственного сельскохозяйственного института, г. Алматы. Закончив ВУЗ с отличием (стипендиат им. В.И. Ленина) по специальности «Селекция и семеноводство», он начал свою трудовую деятельность в Казахском Государственном сельскохозяйственном институте в 1969-1971 г.г. начальником отдела семеноводства, в 1972- 1973 г.г. аспирантом, а в 1974 году – ассистентом кафедры селекции и семеноводства. В 1974-1991 г.г. работал в Казахском научно-исследовательском институте лугопастбищного хозяйства (в настоящее время КазНИИ животноводства и кормопроизводства) в качестве младшего научного сотрудника (1974-1976 г.г.), старшего научного сотрудника (1976 г.), заведующим отдела селекции бобовых трав (1976-1991 г.г.), одновременно заместителем Генерального директора – Руководителем селекцентра по кормовым культурам (1985-1991 г.г.). В 1991-1993 г.г. работал в Казахской Академии сельскохозяйственных наук, в начале заместителем Главного ученого секретаря Президиума – Председателя научно – организациооного совета (1991-1992 г.г.), академиком секретарем отделения растениеводства, селекции, кормопроизводства и пастбищ (1992-1993 г.г.). В 1993 – 2000 г.г. работал директором Приаральского научно–исследовательского института агроэкологии и сельского хозяйства, в 2000-2002 г.г. заместителем директора по научной работе Казахского научно – исследовательского института земледелия им.В.Р. Вильямса. В 2002 -2004 г.г. работал профессором кафедры селекции и биотехнологии в растениеводстве Казахского Национального аграрного университета. С 2005г. Мейірман Г.Т. работает заведующим отделом кормовых и масличных культур Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства.

В 1974 г. защитил диссертацию на соискание ученой степени кандидата биологических наук по специальности «Генетика», в 1990 г. – диссертацию на соискание ученой степени доктора сельскохозяйственных наук по специальности «Селекция и семеноводство» в Новосибирском Государственном сельскохозяйственном институте. В 1992 г. избран членом-корреспондентом Казахской Академии сельскохозяйственных наук, в последующем стал член – корреспондентом Академии наук Республики Казахстан и академиком Республиканского общественного объединения «Национальная академия наук Республики Казахстан». В 1995 г. присвоено ученое звание профессора агрономии.

Активно работает по подготовке научных кадров. Подготовил в качестве научного руководителя 4 доктора и 10 кандидатов наук, 5 PhD докторов, 10 магистрантов. Одновременно он занимался педогогической деятельностью в ВУЗах Кызылорды и в Казахском национальном аграрном университете. Опубликовал более 212 научных работ, в том числе монография «Люцерна» (2012 г.), создал и передал в Государственное сортоиспытание 23 сортов, в т.ч. люцерны – 9 сортов, донника – 3 сорта, эспарцета – 2, риса – 2 сорта, сафлора – 2, рапса – 4, горчицы – 1. Из них 15 сортов включены в Государственный реестр селекционных достижений, допущенных к использованию в РК, высокопродуктивные сорта люцерны – Капчагайская 80, Дархан 90, Жайнак 96, Кокорай, Туркестан 15, Өсімтал, Көкбалауса; сорта донника – Аркас и Сарайчик; горчицы сарептской – Жамиля; сорта рапса – Майлы, Сафия и Шалқар 39; сорта риса – Арал 202 и Аружан и на них получены авторские свидетельства и патенты, а также 2 инновационных патента на способы селекции и технологии.

Эксперт ВАК РК, член редколлегии сельскохозяйственных журналов, член научно-технического совета МСХ РК, АО «КазАгроИнновация», член специализированного совета по защите докторских диссертации при ТОО «КазНИИ земледелия и растениеводства».

Участвует в международных проектах: по линии ЮНЭСКО, Билифельдского университета (Германия) – по фитомелиорации осушенного дна Аральского моря; Киотского университета (Япония) – по восстановлению плодородия вторично засоленных земель рисового севооборота, Винрокский университет (штат Арканзас, США) по ведению пастбищеоборота и системы рационального использования пастбищ для молочных коров, Южно-Австралийский исследовательский институт развития (SARDI) (Южная Австралия): GS15014 — The potential of wild crop germplasm to improve drought tolerance in alfalfa to increase food production for a growing population with less water («Потенциал зародышевой плазмы диких сородичей для улучшения засухоустойчивых свойств люцерны и увеличения продовольственного производства для растущего населения с меньшим использованием воды»); «GS19001- The use of crop wild relatives to develop drought tolerant alfalfa and its extension to subsistence farmers in Kazakhstan, China and Chile» («Использование диких родственных сельскохозяйственных культур (CWR) для выведения засухоустойчивой люцерны и ее распространение среди фермеров, ведущих мелкое хозяйство на территории Казахстана, Китая и Чили»).

Академик НАН РК Мейрман Г.Т. участвовал в работе ряда Международных конференции и симпозиумов. Является научным руководителем научных проектов и грантов.

Он награжден Почетными Грамотами ВДНХ Каз.ССР (1985 г., 1987 г.), Национального академического центра аграрных исследований (1996 г.), Почетной грамотой и медалью Министерства сельского хозяйства РК «Енбек даңқы», Почетной грамотой и медалью Министерства образования и науки РК «Қазақстан республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», Почетной грамотой МСХ РК (2006 г.), Почетной грамотой АО «КазАгроИнновация» (2013 г.), орденом «Құрмет» (2016 г.).

Академик Мейрман Галиолла Төлендіұлы свое 75-летие отмечает среди коллег и друзей в полном рассвете сил и вдохновлен на генерирование новых идей на благо развития аграрной науки и в воспитания. Коллектив института желает юбиляру крепкого здоровья, творческих успехов и благополучия в семье!


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

X