Последние новости

Соңғы жаңалықтар

08.06.2026

Райымбек ауданында агроиндустрия жаңа деңгейге көтерілуде

Dark Mode

Райымбек ауданында ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған ірі жоба жүзеге асып жатыр. Қараой жазығындағы 500 гектар жер жаңбырлатып суару жүйесіне қосылып, бұрын пайдаланылмаған алқаптар қайта айналымға енгізілді. Бұл бастама өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып, суармалы егіншілікті дамытуға жаңа серпін беріп отыр.

Жоба аясында кооперативтер құрылып, ғылым мен өндіріс арасындағы байланыс күшейіп келеді. Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, «Алтын дән-1» өндірістік кооперативі өңірдегі алғашқы якорлық кооперация үлгісіне айналған. Бұл модель фермерлерді біріктіріп қана қоймай, заманауи агротехнологияларды енгізуге мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен қатар, жобаға Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (ҚазЕжӨШҒЗИ) және басқа ғылыми ұйымдардың мамандары қатысып, агротехнологияларды енгізу мен жаңа сұрыптарды сынақтан өткізу жұмыстарына атсалысуда. Ғылыми сүйемелдеу нәтижесінде егістік мәдениеті мен өнімділік деңгейі айтарлықтай артып келеді.

Кооперативке енгізілген су үнемдеу технологияларының арқасында егістік көлемі 300 гектардан 500 гектарға дейін ұлғайған. Жобаға салынған инвестиция шамамен 780 млн теңгені құрайды. Бұрын суарылмай келген алқаптар енді толыққанды суармалы жерге айналып, тұрақты өндірістік база қалыптасуда.

Ғылым мен өндіріс байланысы да ерекше дамып келеді. Қаз ЕжӨШҒЗИ мамандары жаңа селекциялық және органикалық тұқымдарды сынақтан өткізіп, жергілікті шаруаларға агротехнологияларды енгізуге көмектесіп отыр. Бұл бағытта органикалық егіншілік қағидаларына ерекше назар аударылуда.

Осы орайда «Алтын Дән» шаруашылығында органикалық егіншілік технологияларын енгізумен айналысатын арнайы лаборатория жұмыс істеуде. Бұл зертхана заманауи биологиялық және экологиялық әдістерді қолдана отырып, топырақ құнарлылығын сақтау, химиялық тыңайтқыштарды азайту және өнім сапасын арттыру бағытында зерттеулер жүргізеді. Лабораторияда фермерлерге агросүйемелдеу және кеңес беру қызметтері тұрақты түрде ұйымдастырылады. Бұл жұмыстар зертхана меңгерушісі Назира Слямованың жетекшілігімен жүзеге асырылуда.

Мұндай ғылыми-практикалық қолдау фермерлердің жаңа технологияларды тез меңгеруіне және өнім сапасын арттыруына ықпал етуде.

Кооператив жетекшілері биыл 250 гектар жерге картоп егіп, өнімді халықаралық PepsiCo компаниясына жеткізуді жоспарлап отыр. Жоба аясында әр гектардан 27–30 тонна өнім алу көзделген. Өнім 2027 жылдан бастап нарыққа шығарылады.

Мамандардың айтуынша, су үнемдеу технологиялары, ғылыми тәсілдер және органикалық егіншілік бағыттарының енгізілуі Райымбек ауданын алдағы жылдары ірі аграрлық және агроинновациялық орталықтардың біріне айналдыруы мүмкін.

В Райымбекском районе агроиндустрия выходит на новый уровень

В Райымбекском районе продолжается реализация масштабного проекта по развитию сельского хозяйства. В рамках инициативы 500 гектаров земли в долине Караой были подключены к системе дождевального орошения и возвращены в сельскохозяйственный оборот. Проект направлен на повышение эффективности агропроизводства и развитие орошаемого земледелия в регионе.

По данным местных властей, производственный кооператив «Алтын дән-1» стал первым примером якорной кооперации в регионе. Данная модель не только объединяет фермеров, но и способствует внедрению современных агротехнологий и повышению производственной эффективности.

В реализации проекта участвуют специалисты Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР) и других научных организаций, которые занимаются внедрением агротехнологий и испытанием новых сортов. Благодаря научному сопровождению значительно повышается качество и урожайность сельхозкультур.

За счет внедрения водосберегающих технологий площадь орошаемых земель увеличилась с 300 до 500 гектаров. Общий объем инвестиций в проект составляет около 780 млн тенге. Ранее неиспользуемые земли теперь полностью вовлечены в сельскохозяйственное производство.

Особое внимание уделяется сотрудничеству науки и агробизнеса. Специалисты КазНИИЗиР проводят испытания новых селекционных и органических сортов, а также помогают фермерам внедрять современные агротехнологии. Важное место занимает развитие органического земледелия как перспективного направления агропроизводства.

В хозяйстве «Алтын Дән» функционирует специализированная лаборатория органического земледелия, которая занимается внедрением экологически чистых технологий в сельское хозяйство. Лаборатория проводит агросопровождение, консультации для фермеров и исследования по повышению плодородия почвы без применения чрезмерной химизации. Работа лаборатории осуществляется под руководством заведующей Назиры Слямовой.

Данная структура играет важную роль в переходе к устойчивому сельскому хозяйству и способствует повышению качества продукции.

В текущем году кооператив засеял 250 гектаров картофелем, часть которого планируется поставлять международной компании PepsiCo. Урожайность ожидается на уровне 27–30 тонн с гектара, а коммерческая реализация начнется в 2027 году.

По мнению экспертов, внедрение водосберегающих технологий, научных разработок и принципов органического земледелия может превратить Райымбекский район в один из ведущих аграрных и агроинновационных центров региона.

@agro__press @nasec


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X