08.11.2019
Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешенінде жүгері және жоңышқа дақылдарын егіп баптаудың инновациялық технологияларын өндіріске енгізу және тарату бойынша 019 бағдарлама аясында жобалар жүргізіліп жатқаны белгілі.
2019 жылы 8 қарашада Түркістан қаласында облыстық ауыл шаруашылық басқармасында аталған жобалардың есебі тыңдалды.
Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Б.Бадырақов бастаған беделді комиссия алдында жоба жетекшілері биология ғылымдарының докторы М.С.Құдайбергенов және ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты С.С.Абаев жүгері және жоңышқа дақылдарын өсірудің инновациялық технологиялары туралы баяндамалар жасап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Комиссия мүшелері есепті жақсы бағалады.
КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.