Последние новости

Соңғы жаңалықтар

04.12.2025

Қазақстандық делегацияның Үндістандағы 1st Northeast India Organic Week шарасына қатысуы

Dark Mode

Қазақстандық делегация Үндістанның Мегхалая штатындағы Шиллонг қаласында өткен 1st Northeast India Organic Week cum Buyer–Seller Meet халықаралық іс-шарасына қатысып қайтты. Азия елдеріндегі органикалық ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бұл ауқымды форум органикалық жастар көшбасшыларының кездесулерін, ғылыми конференцияларды, органикалық өнімдер көрмесін, өндірушілер мен сатып алушылардың B2B-кездесулерін, сондай-ақ мемлекеттік және халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастық алаңын біріктірді.

Іс-шараға: Азияның әртүрлі елдерінен органикалық қозғалыс өкілдері, Үндістан үкіметінің министрлері мен ресми тұлғалары, IFOAM – Organic Asia басшылығы, ғалымдар, фермерлер, жас кәсіпкерлер мен органикалық өндіріс саласының компаниялары қатысты.

Форумның мақсаты – Азия елдері арасындағы серіктестікті нығайту, инновациялармен алмасу, жастарды қолдау және органикалық өнімдерді халықаралық деңгейде ілгерілету болды.

Бұл жылы форумға Қазақстан, Өзбекстан және Моңғолия алғаш рет қатысып, Орталық Азия елдерінің органикалық ауыл шаруашылығына деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетті.

Қазақстан атынан қатысқан делегация:

Жолдасбайұлы Жандос, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының органикалық егіншілік зертханасының ғылыми қызметкері;

Альшери Керимбекова, Қазақстан органикалық өнім өндірушілер одағының маманы, С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың 3-курс студенті (Астана қ.).

Қазақстандық делегация Үндістан тарапынан арнайы шақырту алды. Қатысушылар кәсіби жетістіктері мен органикалық саладағы белсенділігі негізінде іріктелді.

Жандос Жолдасбайұлы форумда КазЕжӨШҒЗИ — ның органикалық егіншілік саласындағы ғылыми жетістіктері туралы презентация жасады. Онда Қазақстандағы органикалық егіншіліктің қазіргі жағдайы, институттың ғылыми әзірлемелері, тәжірибелік нәтижелері және саланың даму әлеуеті таныстырылды. Презентация халықаралық қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, Қазақстанның органикалық өндіріс саласындағы мүмкіндіктерін кеңінен танытты.

Казахстанская делегация приняла участие в международном форуме 1st Northeast India Organic Week в Индии

Казахстанская делегация вернулась из города Шиллонг (штат Мегхалая, Индия), где прошёл крупный международный форум 1st Northeast India Organic Week cum Buyer–Seller Meet, посвящённый развитию органического сельского хозяйства в странах Азии. Программа включала форум органической молодёжи, научные конференции, ярмарку-выставку органической продукции, B2B-встречи производителей и покупателей, а также диалоговые площадки для государственных и международных организаций.

В мероприятии участвовали: представители органического движения из стран Азии, министры и представители правительства Индии, руководство IFOAM – Organic Asia, учёные, фермеры, молодые лидеры и компании органической отрасли.

Главная цель мероприятия — укрепление международного сотрудничества, обмен знаниями и инновациями, поддержка молодёжи и продвижение экологически чистой продукции на международный рынок.

Особенно значимо, что в этом году Казахстан, Узбекистан и Монголия впервые приняли участие в форуме, что подчёркивает растущий интерес Центральной Азии к развитию органического земледелия.

Казахстан представили:

Жолдасбайулы Жандос, научный сотрудник лаборатории органического земледелия КазНИИЗиР;

Альшери Керимбекова, специалист Союза производителей органической продукции Казахстана и студентка 3 курса КАТИУ им. С. Сейфуллина (г. Астана).

Делегация участвовала по специальному приглашению индийской стороны, а кандидаты были отобраны по своим достижениям и вкладу в развитие органического движения.

На форуме Жандос Жолдасбайулы выступил с презентацией, посвящённой достижениям КазНИИЗиР в области органического земледелия, представил текущее состояние отрасли, научные результаты, практические разработки и потенциал Казахстана в производстве экологически чистой продукции. Доклад вызвал большой интерес среди международных участников и стал значимым вкладом в профессиональный диалог.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X