Последние новости

Соңғы жаңалықтар

23.12.2025

ҚазЕжӨШҒЗИ-де академик Ізтілеу Әбуғалиевтің 95 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Dark Mode

Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (ҚазЕжӨШҒЗИ) академик Ізтілеу Әбуғалиевтің туғанына 95 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті. Ол – аграрлық ғылымды ұйымдастыруда ерекше із қалдырған, институт тарихымен тағдыры тығыз байланысты көрнекті ғалым.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев, институт басшылығы, жетекші ғалымдар, академиктің шәкірттері мен отбасы мүшелері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Ізтілеу Әбуғалиевтің ғылыми және ұйымдастырушылық мұрасы, оның Қазақстанның аграрлық ғылымын дамытудағы рөлі мен ғылыми мектеп қалыптастырудағы еңбегі кеңінен сөз болды.

Сапар барысында Ақылбек Күрішбаев институтта жақында іске қосылған тұқым өңдеу зауытының жұмысымен танысып, оның өндірістік мүмкіндіктері мен аграрлық салаға тигізер нақты пайдасына ерекше қызығушылық танытты. Оның айтуынша, мұндай нысандар ғылым мен өндірістің нақты байланысын көрсетеді.

Дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде Ақылбек Күрішбаев институтпен байланысты жеке естеліктерімен бөлісті.

«Мен бұл институтта өзім де еңбек еттім. Осы залда көптеген тағдырлы кездесулер өтті, тарихи шешімдер қабылданды. Мұның бәрі жадымызда. Институтты осындай деңгейге жеткізген Ізтілеу Әбуғалиев. Ол ҚазЕжӨШҒЗИ-тың жиырма жыл басқарды және оны ірі ғылыми орталыққа айналдырды. Біз мұның бәрін өз көзімізбен көрдік», – деді ол.

Ол академик Әбуғалиевтің еңбектері әлемнің көптеген тілдеріне аударылғанын, ал оның жетекшілігімен Қазақстанда заманауи аграрлық ғылыми мектеп қалыптасқанын атап өтті.

«Бүгін біз есімі ел тарихында алтын әріппен жазылған ғалымның 95 жылдығына орай бас қостық», – деді Ақылбек Күрішбаев.

Институт Басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаева да сөз сөйлеп, академик салған ғылыми негіздің бүгінгі ұрпақ үшін маңызын атап өтті.

«Ізтілеу Әбуғалиев институттың ғана емес, тұтас ғылыми дәстүрдің негізін қалады. Бұл мұра бізге үлкен жауапкершілік жүктейді», – деді ол.

Кездесу барысында ғалымдар академиктің ғылыми жолы, ұйымдастырушылық қабілеті мен шәкірт тәрбиелеудегі рөлі туралы естеліктерімен бөлісті.

Академиктің қызы, биология ғылымдарының докторы Сауле Әбуғалиева сөйлеген сөзінде әкесінің өмірі мен институттың ажырамас байланысын тебіреніспен еске алды.

«Менің балалық шағым осы институтта өтті. Бұл жер әкем үшін жай жұмыс орны емес, өмірінің мәні болды», деді ол.

Академиктің өмір жолы мен ғылыми мұрасы туралы ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Серік Кененбаев баяндама жасап, Ізтілеу Әбуғалиевтің еңбектері аграрлық ғылымның тұтас бағыттарының қалыптасуына берік негіз болғанын атап өтті.

«Оның зерттеулері бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бұл – нақты нәтижеге, жерге, өндіріске бағытталған ғылым еді. Ол теория мен практиканы сирек кездесетін деңгейде ұштастыра білді», – деді Серік Кененбаев.

Бұл тақырыпты ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Марат Қожахметов жалғастырып, Ізтілеу Әбуғалиевті ірі ғылыми мектептің негізін қалаған көшбасшы ретінде сипаттады.

«Ол жас мамандардан болашақ ғалымдарды көре білді. Бүгінде ғылыми бағыттарды басқарып отырған көптеген мамандар дәл осы мектептен түлеп ұшты», – деді ол.

Академиктің шәкірті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Клара Айтымбетованың сөзі ерекше әсерлі болды.

«Ол біз үшін тек басшы ғана емес, үлкен әріппен жазылатын Ұстаз еді. Оның талапшылдығы, әділдігі мен адамдық жылуы жүрегімізде мәңгі сақталды», –деді ол.

Ізтілеу Әбуғалиевтің ғылыми кадрларды даярлаудағы өлшеусіз еңбегі туралы ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰААН академигі Қанағат Баймағамбетова айтты.

«Ол Қазақстанның аграрлық ғылымы үшін нағыз кадрлар ұстаханасын қалыптастырды. Оның жетекшілігімен өсіп шыққан ғалымдар бүгінгі таңда саланың дамуына бағыт-бағдар беріп отыр», – деді ол.

Академиктің туыстары да жүрекжарды естеліктерімен бөлісті. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Самат Әбуғалиев үшін институт отбасы өмірінің ажырамас бөлігі болғанын атап өтті.

«Біздің отбасымыз үшін ҚазЕжӨШҒЗИ әрдайым өміріміздің бір бөлшегі болды. Әкеміз бен атамыз осы жерде еңбек етіп, өмір сүріп, ғылымға адал қызмет етті», – деді ол.

Іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі биология ғылымдарының докторы, профессор Сауле Әбуғалиеваның сөзі болды.

«Менің балалық шағым осы институтта өтті. Бұл қабырғалар, бұл адамдар, ғылым жайлы әңгімелер – біздің отбасылық өміріміздің бір бөлшегі еді. Әкем институтпен бірге өмір сүрді, оның әрбір ісі ғылым мен жерге деген шынайы сүйіспеншіліктен туындады», – деп бөлісті ол.

Дөңгелек үстел аясында ерекше рухани мәні бар сәттердің бірі
«Ізтілеу Әбуғалиев – аграрлық ғылымның асқар тұлғасы» атты кітаптың таныстырылымы болды. Бұл жинақта академиктің әріптестері, шәкірттері, замандастары мен жақындарының естеліктері топтастырылып, ғалымның тұлғасы тек ғылым қайраткері ретінде ғана емес, адамгершілігі биік, елге адал қызмет еткен азамат ретінде кеңінен ашылады.

Кітапты іс-шараға қатысушыларға ғалымның қызы, биология ғылымдарының докторы, профессор Сауле Әбуғалиева табыстады. Бұл сәт ұрпақтар сабақтастығының, рухани мұраның жалғасып жатқанын айқын көрсетті.

«Бұл кітап – әкемді білетін, бірге жұмыс істеген, одан тәлім алған адамдардың тірі естелігі. Әкем үшін ғылым – өмірінің мәні, ал шәкірттері оның ең үлкен жетістігі болды», – деді Сауле Әбуғалиева.

Кітаптың таныстырылымы дөңгелек үстелдің мазмұнын тереңдете түсіп, Ізтілеу Әбуғалиевтің ғылыми және адами мұрасы тек өткеннің еншісінде қалмай, бүгінгі және келешек ұрпаққа бағытталған құндылық екендігін айқын аңғартты.

Іс-шара соңында қатысушылар еркін форматта естеліктерімен бөлісіп, ғалымға деген құрмет пен алғыстарын білдірді. Бұл дөңгелек үстел ғылымға, ұстазға және тұтас бір дәуірге тағзым етуге айналды.

Дөңгелек үстелдің негізгі бөлімінде ғалымдар, академиктің шәкірттері мен жақындарының мазмұнды да терең баяндамалары тыңдалды. Әрбір сөз Ізтілеу Әбуғалиевтің тұлғалық болмысын ғалым, басшы және ұстаз ретіндегі биік келбетін жан-жақты ашып көрсетті.

В КазНИИЗиР прошёл круглый стол, посвящённый 95-летию академика Изтелеу Абугалиева

Сегодня в Казахском научно-исследовательском институте земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР) состоялся круглый стол, посвящённый 95-летию со дня рождения академика Изтелеу Абугалиева – выдающегося учёного, организатора аграрной науки и одного из ключевых деятелей в истории института.

В мероприятии принял участие Президент Национальной академии наук Республики Казахстан при Президенте РК Ахылбек Куришбаев, а также руководство института, ведущие учёные, ученики и представители семьи академика.

Круглый стол стал площадкой для обсуждения научного и организационного наследия Изтелеу Абугалиева, его вклада в развитие аграрной науки Казахстана и формирование современной научной школы.

Перед началом заседания Ахылбек Куришбаев ознакомился с работой недавно открытого завода по переработке семян, где подробно интересовался производственными мощностями, объёмами переработки и перспективами внедрения научных разработок в практику аграрного сектора. По его словам, такие объекты наглядно показывают, как наука возвращается в поле и становится частью реальной экономики.

Выступая с вступительным словом на круглом столе, Ахылбек Куришбаев поделился личными воспоминаниями, подчеркнув особую роль института и самого академика Абугалиева в формировании современной аграрной науки.

«Я сам работал в этом институте. В этом зале проходили знаковые встречи, здесь принимались исторические решения и документы. Всё это живая память. И именно Изтелеу Абугалиев довёл институт до того уровня, который мы сегодня видим. На протяжении двадцати лет он возглавлял КазНИИЗиР и превратил его в мощный научный центр. Мы были свидетелями этого своими глазами», – отметил Ахылбек Куришбаев.

Он подчеркнул, что научное наследие академика Абугалиева поистине масштабно: его труды переведены на многие языки мира, а под его руководством сформировалась современная аграрная научная школа Казахстана.

«Сегодня мы собрались, чтобы отметить 95-летие со дня рождения учёного, чьё имя навсегда останется в памяти и будет вписано золотыми буквами в историю отечественной науки», сказал Президент НАН РК.

С приветственным словом также выступила Председатель Правления ТОО «КазНИИЗиР» Шолпан Бастаубаева, подчеркнув, что институт и сегодня продолжает развиваться, опираясь на фундамент, заложенный Изтелеу Абугалиевым.

«Он создал не просто институт – он создал научную среду, школу, традицию ответственности перед землёй и страной. Мы ощущаем это наследие в нашей ежедневной работе», – отметила она.

В основной части программы прозвучали доклады, посвящённые жизни и научному пути академика. Учёные говорили о нём как о руководителе крупной научной школы, талантливом организаторе и наставнике, воспитавшем целую плеяду специалистов.

Особенно тёплым стало выступление дочери учёного – доктора биологических наук, профессора Сауле Изтелеуовны Абугалиевой.

«Моё детство прошло здесь, в институте. Эти коридоры, люди, разговоры о науке были частью нашей семейной жизни. Для отца институт был не просто работой это было делом всей его жизни», поделилась она.

В основной части круглого стола прозвучали содержательные и глубокие выступления ученых, учеников и близких академика, каждое из которых по-своему раскрывало масштаб личности Изтелеу Абугалиева – как ученого, руководителя и наставника.

С докладом о жизни и научном наследии академика выступил доктор сельскохозяйственных наук, профессор, академик НАН РК Серик Кененбаев. Он подчеркнул, что труды Изтелеу Абугалиева стали фундаментом для развития целых направлений аграрной науки.

«Его исследования не потеряли актуальности и сегодня. Это была наука, ориентированная на результат, на землю, на производство. Он умел соединять теорию и практику так, как это удаётся немногим», – отметил Серик Кененбаев.

Тему продолжил доктор сельскохозяйственных наук, профессор Марат Кожахметов, охарактеризовав Изтелеу Абугалиева как руководителя крупной научной школы.

«Он умел видеть в молодых специалистах будущих ученых. Многие из тех, кто сегодня возглавляет научные направления, вышли именно из его школы»,    – подчеркнул он.

Особенно проникновенным стало выступление кандидата сельскохозяйственных наук Клары Айтымбетовой, ученицы академика.

«Для нас он был не только руководителем, но и Учителем с большой буквы. Его светлый образ навсегда остался в наших сердцах – в его требовательности, справедливости и человеческой теплоте», – сказала она.

О вкладе Изтелеу Абугалиева в подготовку научных кадров говорила доктор сельскохозяйственных наук, академик НААН РК Канагат Баймагамбетова.

«Он создал настоящую кузницу кадров для аграрной науки Казахстана. Под его руководством формировалось поколение ученых, которые и сегодня определяют развитие отрасли», – отметила она.

Тёплые слова прозвучали и от родственников академика. Кандидат сельскохозяйственных наук Самат Абугалиев подчеркнул, что для семьи институт был продолжением дома.

«Для нас КазНИИЗиР всегда был частью жизни. Здесь работал, жил и служил науке наш отец и дед», – сказал он.

Особое эмоциональное звучание имело выступление доктора биологических наук, профессора Сауле Абугалиевой.

«Моё детство прошло в этом институте. Эти стены, эти люди, разговоры о науке были частью нашей семьи. Отец жил институтом, и всё, что он делал, было продиктовано искренней любовью к науке и земле», – поделилась она.

В завершение участники круглого стола в свободном формате делились воспоминаниями, подчёркивая, что имя Изтелеу Абугалиева навсегда вписано золотыми буквами в историю аграрной науки Казахстана, а его научное и человеческое наследие продолжает жить в делах учеников и развитии института.

Особым и символичным моментом круглого стола стала презентация книги «Ізтілеу Әбуғалиев – аграрлық ғылымның асқар тұлғасы». Издание объединило воспоминания коллег, учеников, соратников и близких академика, раскрывая его не только как выдающегося учёного и руководителя, но и как человека высокой культуры, принципов и преданности науке.

Книгу участникам мероприятия передала дочь учёного доктор биологических наук, профессор Сауле Изтелеуовна Абугалиева. Этот жест стал продолжением той духовной связи поколений, о которой не раз говорили выступавшие.

«Эта книга – живая память. В ней собраны голоса людей, для которых отец был Учителем, наставником и примером служения науке», – отметила Сауле Абугалиева.

Презентация издания органично дополнила атмосферу встречи, подчеркнув, что научное и человеческое наследие Изтелеу Абугалиева продолжает жить в книгах, воспоминаниях, научных школах и в судьбах его учеников.

В завершение встречи участники в формате свободного микрофона делились личными воспоминаниями, словами благодарности и признательности. Круглый стол стал не только научным мероприятием, но и актом глубокого уважения и поклонения учёному, чьё наследие продолжает работать на будущее аграрной науки Казахстана.

@agro__press @nasec.kz


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X