Қазақстан–Жапония: өсімдік генетикалық ресурстары саласындағы ғылыми ынтымақтастық
2026 жылғы 19–24 қаңтар аралығында ҚазЕжӨШҒЗИ ауыл шаруашылығы дақылдарының генофонды зертханасының ғылыми қызметкері Қарлыға Джиенбаева Жапонияның Цукуба қаласында орналасқан Генетикалық ресурстарды зерттеу орталығына (NGRC), сондай-ақ Жапонияның Ауыл шаруашылығы және азық-түлік жөніндегі ұлттық ұйымына (NARO) қарасты Көкөніс және гүл шаруашылығы ұлттық институтына (NIVFS) жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында техникалық оқыту ұйымдастырылып, өсімдік генетикалық ресурстары саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулердің келешегі бойынша жұмыс кездесулері мен талқылаулар өтті. Әсіресе агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды ауыл шаруашылығы дақылдарын бағалау және сипаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұл ынтымақтастық «Азық-түлік пен ауыл шаруашылығына арналған өсімдік генетикалық ресурстарын сипаттау жөніндегі бірлескен зерттеу жобасы» (PGRAsia) аясында жүзеге асырылып, Қазақстан мен Жапонияның ғылыми ұйымдары арасындағы ғылыми әлеуетті нығайтуға және ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға бағытталған.
Казахстан–Япония: научное сотрудничество в сфере генетических ресурсов растений
С 19 по 24 января 2026 года научный сотрудник лаборатории генофонда сельскохозяйственных культур КазНИИЗиР Карлыга Джиенбаева с рабочим визитом посетила Центр исследований генетических ресурсов (NGRC) в городе Цукуба, а также Национальный институт овощеводства и цветоводства (NIVFS), входящий в структуру Национальной организации по сельскому хозяйству и продовольствию Японии (NARO).

В рамках визита было организовано техническое обучение, состоялись рабочие встречи и обсуждения перспектив совместных научных исследований в области генетических ресурсов растений. Особое внимание уделялось вопросам оценки и характеристики сельскохозяйственных культур, имеющих ключевое значение для устойчивого развития агропромышленного комплекса и обеспечения продовольственной безопасности.
Сотрудничество реализуется в рамках международного проекта «Совместный исследовательский проект по характеристике генетических ресурсов растений для продовольствия и сельского хозяйства» (PGRAsia) и направлено на укрепление научного потенциала и развитие долгосрочного партнёрства между научными организациями Казахстана и Японии.
@agro__press @nasec.kz
