Последние новости

Соңғы жаңалықтар

06.04.2026

Дәнді-бұршақ және жүгері зертханасы егіс алқабында көктемгі жұмыстарды жүргізуде

Dark Mode

Бүгін дәнді-бұршақ дақылдары мен жүгері зертханасының қызметкерлері тәжірибелік алқапқа шығып, көктемгі дала жұмыстарының негізгі кезеңдерін жүзеге асырды.

Мамандар тұқымдарды егіс алдындағы өңдеуден өткізіп, оларды аурулар мен зиянкестерден қорғау шараларын жүргізді. Сонымен қатар танаптар бөліктерге бөлініп, ғылыми талаптарға сай егіс жұмыстары басталды.

Зертхана меңгерушісі Мұхтар Құдайбергеновтың айтуынша, 2026 жылғы 29 наурыз бен 2 сәуір аралығында ҚР АШМ-нің BR22885414 бағдарламасы аясында дәнді-бұршақ дақылдары зертханасында негізгі агротехникалық жұмыстар жүргізілген.

«Атап айтқанда, тұқымдарды егіс алдындағы аурулар мен зиянкестерге қарсы өңдеу, танаптарды бөліктерге бөлу, сондай-ақ егіс жұмыстары жүзеге асырылды», – деді ол.

Аталған жұмыстар жоғары өнімді жаңа сорттарды әзірлеуге, оларды тиімді өсіру технологиясын қалыптастыруға және бастапқы тұқым шаруашылығын дамытуға бағытталған.

Лаборатория зернобобовых культур и кукурузы проводит весенние полевые работы

Сегодня сотрудники лаборатории зернобобовых культур и кукурузы вышли на опытные поля, где провели основные этапы весенних полевых работ.

Была проведена предпосевная обработка семян для защиты от болезней и вредителей, выполнена разбивка полей на участки, после чего начались посевные работы.

Как сообщил заведующий лабораторией Мухтар Кудайбергенов, в период с 29 марта по 2 апреля 2026 года в рамках программы МСХ РК BR22885414 в лаборатории зернобобовых культур были проведены ключевые агротехнические мероприятия.

«В частности, была осуществлена предпосевная обработка семян против болезней и вредителей, разбивка полей на участки, а также проведены посевные работы», – отметил он.

Данные мероприятия направлены на создание высокопродуктивных сортов с использованием современных биологических методов, разработку эффективных технологий их возделывания и развитие первичного семеноводства.

@agro__press @nasec.kz


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X