Последние новости

Соңғы жаңалықтар

13.08.2026

Қазақстан мен Қытай аграрлық ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Dark Mode

10–12 тамыз аралығында Қытайда ауыл шаруашылығы ғылымы мен техникасы саласындағы «Қытай (Шыңжаң) – Орталық Азия» инновациялар альянсының 2026 жылғы академиялық конференциясы өтті. Іс-шараға «Қазақ Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Басқарма Төрағасы Шолпан Бастаубаева қатысты.

Конференцияның негізгі тақырыптары ауыл шаруашылығы ғылымы мен технологияларын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өсімдіктердің генетикалық ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану, селекция және заманауи агротехнологияларды енгізу мәселелеріне арналды.

Шолпан Бастаубаева «Өсімдіктердің генетикалық ресурстары және селекция – Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігінің негізі» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде ол өсімдіктердің генетикалық ресурстары Орталық Азия мен Қытай елдерінің азық-түлік және экологиялық қауіпсіздігін айқындайтын негізгі құрамдастардың бірі екенін атап өтті.

Бүгінде генетикалық эрозияның күшеюі және өсімдік түрлерінің жойылып кету қаупінің артуына байланысты генетикалық ресурстардың стратегиялық маңызы жоғарылап отыр. Қазақстанның аграрлық секторындағы зор әлеуетін және оның Орталық Азия мен Қытайды азық-түлікпен қамтамасыз етудегі маңызын ескере отырып, генетикалық ресурстарды сақтауға, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған шараларды күшейту қажет.

Альянс – халықаралық ынтымақтастық алаңы

«Қытай (Шыңжаң) – Орталық Азия» ауыл шаруашылығы ғылымы мен техникасындағы инновациялар альянсы – коммерциялық емес, ашық халықаралық көпжақты бірлестік. Ол Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының бастамасымен Қытай мен Орталық Азия елдерінің бейінді жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары және кәсіпорындарымен бірлесіп құрылған.

Бүгінде Альянс құрамына 70 ұйым кіреді. Оның қызметі өңірдің аграрлық дамуына ортақ міндеттерді шешуге, азық-түлік және биологиялық қауіпсіздік, сондай-ақ жасыл даму бағыттарындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Ғылыми және өндірістік нысандармен танысу

Конференция аясында қатысушылар бірқатар ғылыми және демонстрациялық нысандарды аралады. Атап айтқанда, Үшақ-Терек ауылындағы ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі демонстрациялық алаңға және Баянгол-Моңғол автономиялық округіндегі Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғылыми-инновациялық орталығының тәжірибелік базасына барды.

Сонымен қатар Қорла қаласындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Мақта шаруашылығы институтының селекциялық базасы және ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауыл істері министрлігінің Баянгол далалық ғылыми-бақылау өсімдіктерді қорғау пункті таныстырылды.

Қазақстан мен Қытай бірлескен жобаларды жүзеге асыруда

Қазақ Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғылыми-зерттеу институттарымен көпжылдық ынтымақтастық тәжірибесі бар.

2017–2019 жылдары Қазақстан мен Қытайда азық-түлік дақылдарының өнімділігін, сапасын және өндіріс тиімділігін арттыру технологияларын зерттеу және демонстрациялау жобасы жүзеге асырылды.

2019–2021 жылдары ауыл шаруашылығы технологияларын трансферттеуге арналған демонстрациялық базалар құру бойынша жұмыстар жүргізілсе, 2021–2023 жылдары бидайды су үнемдеу технологияларымен тиімді суару бағытында зерттеулер жүргізілді.

Қазіргі уақытта Қытай–Орталық Азия ауыл шаруашылығы технологияларымен алмасу орталығын Қазақстандағы филиалымен бірге құру жөніндегі бірлескен жоба іске асырылуда.

Қазақ Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Альянс жұмысына қатысуы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, технологиялар мен генетикалық ресурстар алмасуға, сондай-ақ селекция, өсімдік шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қосымша мүмкіндіктер береді.

Казахстан и Китай расширяют сотрудничество в аграрной науке

С 10 по 12 августа в Китае прошла Академическая конференция 2026 года Альянса по инновациям в области сельскохозяйственной науки и техники «Китай (Синьцзян) – Центральная Азия».

В мероприятии приняла участие Председатель Правления КазНИИЗиР Шолпан Бастаубаева.

Основной темой конференции стали развитие сельскохозяйственной науки и технологий, обеспечение продовольственной безопасности, сохранение и эффективное использование генетических ресурсов растений, селекция и внедрение современных агротехнологий.

Шолпан Бастаубаева выступила с докладом на тему «Генетические ресурсы и селекция растений – основа продовольственной безопасности Республики Казахстан».

В своем выступлении она отметила, что генетические ресурсы растений (ГРР) являются одним из базовых компонентов, определяющих продовольственную и экологическую безопасность стран Центральной Азии и Китая. Особую актуальность и стратегическую значимость в настоящее время ГРР приобрели в связи с ростом генетической эрозии, исчезновением с лица Земли и учитывая огромный потенциал аграрного сектора экономики Казахстана и его значение по обеспечению продовольствием в Центральной Азии и Китая необходимо принять меры сохранения генетических ресурсов с использованием цифровых технологий.

Альянс как площадка для международного сотрудничества

Альянс по инновациям в области сельскохозяйственной науки и техники «Китай (Синьцзян) – Центральная Азия» является некоммерческим, открытым международным многосторонним объединением. Он создан по инициативе Академии сельскохозяйственных наук Синьцзян-Уйгурского автономного района совместно с профильными вузами, научно-исследовательскими институтами и предприятиями Китая и стран Центральной Азии.

Сегодня Альянс объединяет 70 организаций. Его деятельность направлена на решение общих задач аграрного развития региона и укрепление научно-технического взаимодействия в сферах продовольственной и биологической безопасности, а также зеленого развития.

Знакомство с научными и производственными объектами

В рамках конференции участники посетили ряд научных и демонстрационных площадок. В частности, состоялось ознакомительное мероприятие на демонстрационной площадке развития сельских территорий в селе Ушак-Терек, а также посещение экспериментальной базы научно-инновационного центра Академии сельскохозяйственных наук Баянгол-Монгольского автономного округа. Кроме того, участники побывали на селекционной базе Института хлопководства Академии сельскохозяйственных наук Синьцзян-Уйгурского автономного района в городе Корла и Баянголском полевом научно-наблюдательном пункте защиты растений Министерства сельского хозяйства и сельских дел КНР.

Казахстан и Китай реализуют совместные проекты

КазНИИЗиР имеет многолетний опыт сотрудничества с научно-исследовательскими институтами Академии сельскохозяйственных наук Синьцзян-Уйгурского автономного района.

В 2017–2019 годах реализован проект по исследованию и демонстрации технологий повышения урожайности, качества и эффективности производства продовольственных культур в Китае и Казахстане.

В 2019–2021 годах стороны работали над созданием демонстрационных баз для передачи сельскохозяйственных технологий, а в 2021–2023 годах проводили исследования эффективных водосберегающих технологий орошения пшеницы.

В настоящее время реализуется совместный проект по созданию Китайско-Центральноазиатского центра обмена сельскохозяйственными технологиями с филиалом в Казахстане.

Участие КазНИИЗиР в работе Альянса создает дополнительные возможности для расширения международного научного сотрудничества, обмена технологиями и генетическими ресурсами, а также реализации совместных проектов в сфере селекции, растениеводства и семеноводства.

@agro__press @nasec


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X