Последние новости

Соңғы жаңалықтар

12.10.2026

Қант қызылшасы: еңбек, ғылым, селекция

Dark Mode

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында 2026 жылғы фабрикалық қант қызылшасын жинау жұмыстары аяқталды. Жиналған тамыржемістер қант өндіру үшін зауытқа жөнелтілуде.

Қазіргі уақытта тұқым шаруашылығына арналған қант қызылшасының аналық тамыржемістерін жинау жалғасып жатыр.

Қант қызылшасын жинау жұмыстары толығымен қолмен атқарылады. Бұл – үлкен дене күшін, төзімділікті, мұқияттылық пен жауапкершілікті талап ететін күрделі жұмыс.

Әрбір тамыржеміс қолмен тазартылып, әрі қарай пайдалануға дайындалады. Селекциялық питомниктердегі аналық тамыржемістерді жинау кезінде өнімді сақтап қана қоймай, оларды шаруашылыққа құнды белгілері бойынша жеке іріктеу, әр селекциялық үлгінің сорттық тазалығы мен сақталуын қамтамасыз ету маңызды.

Іріктелген аналық тамыржемістер қысқы сақтауға қойылады. Келесі жылдың көктемінде олар тұқым алу және селекциялық жұмысты жалғастыру үшін пайдаланылады.

Жұмыстар ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі жоғары отандық сорттары мен будандарын шығару және бастапқы тұқым шаруашылығын дамытуға бағытталған BR22885311 ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында жүргізілуде.

Селекциялық жетістіктердің артында ғылыми зерттеулермен қатар, күн сайын алқапта еңбек ететін мамандардың орасан зор жұмысы тұр. Мыңдаған тамыржемісті қолмен жинау төзімділікті, ұйымшылдықты және өз ісіне адалдықты қажет етеді.

Әрбір жиналған тамыржеміс – еңбектің нәтижесі, ал әрбір іріктелген аналық өсімдік – болашақ өнім мен жаңа отандық будандардың негізі!

Уборка сахарной свёклы – 2026: труд, наука и результаты селекции

В ТОО «Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства» завершена уборка фабричной сахарной свёклы урожая 2026 года. Собранные корнеплоды направляются на сахарный завод для дальнейшей переработки и производства сахара.

В настоящее время продолжается уборка маточных корнеплодов сахарной свёклы, предназначенных для дальнейшего семеноводства.

Особенность нашей работы заключается в том, что весь процесс уборки сахарной свёклы осуществляется вручную. Это чрезвычайно трудоёмкая работа, требующая больших физических усилий, терпения, внимательности и ответственности.

Каждый корнеплод необходимо вручную очистить и подготовить к дальнейшему использованию. Особенно сложной является уборка маточных корнеплодов в селекционных питомниках, где важно не только сохранить урожай, но и провести индивидуальный отбор корнеплодов по хозяйственно ценным признакам, обеспечить сохранность и сортовую принадлежность каждого селекционного образца.

Отобранные маточные корнеплоды будут заложены на зимнее хранение, а весной следующего года использованы для получения семян и продолжения селекционного процесса.

Работы проводятся в рамках научно-технической программы BR22885311, направленной на создание высокопродуктивных отечественных сортов и гибридов сельскохозяйственных культур и развитие первичного семеноводства.

За результатами селекционной работы стоят не только научные исследования, но и огромный физический труд сотрудников, которые ежедневно работают в поле. Ручная уборка тысяч корнеплодов – это непростой процесс, требующий выносливости, слаженной командной работы и преданности своему делу.

Каждый собранный корнеплод – это результат труда, а каждый отобранный маточник – основа будущего урожая и новых отечественных гибридов.

@agro__press @nasec


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X