Қытайлық ғалымдар ҚазЕӨШҒЗИ жұмыс сапарымен келді
Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Жайылымдарды зерттеу институтының ғылыми делегациясы жұмыс сапарымен келді.
Делегация құрамында профессорлар Ван Чуань, Ли Юаньхэн, Ли Чжиюн және У Цзинян бар. Кездесу барысында тараптар өсімдіктердің генетикалық ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану, малазықтық дақылдар селекциясы, биотехнология және ауыл шаруашылығын орнықты дамыту мәселелерін талқылады.
Қытайлық мамандар институттың ғылыми әлеуетімен, зертханалық инфрақұрылымымен және жүргізіліп жатқан зерттеулермен танысты. Сонымен қатар генетикалық банктердің, тәлімбақтар мен тәжірибелік базалардың жұмыс тәжірибесіне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе және ғылыми ақпарат алмасу, академиялық байланысты нығайту, сондай-ақ жас ғалымдар мен мамандар даярлау бағыттарындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдірді.
Аталған сапар Қазақстан мен Қытайдың аграрлық ғылым саласындағы әріптестігін нығайтып, бірлескен зерттеулерді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Китайская научная делегация посетила КазНИИЗиР
Сегодня Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства посетила научная делегация Института исследования пастбищ Китайской академии сельскохозяйственных наук.
В состав делегации вошли профессора Ван Чуань, Ли Юаньхэн, Ли Чжиюн и У Цзинян. В ходе встречи стороны обсудили вопросы сохранения и рационального использования генетических ресурсов растений, селекции кормовых культур, развития биотехнологий и устойчивого сельского хозяйства.
Китайские специалисты ознакомились с научным потенциалом института, его исследовательской и лабораторной инфраструктурой, а также с реализуемыми научными проектами. Особое внимание было уделено опыту работы генетических банков, питомников и экспериментальных баз.
По итогам встречи стороны выразили заинтересованность в дальнейшем развитии сотрудничества, реализации совместных исследовательских проектов, обмене научной информацией и опытом, укреплении академических связей, а также подготовке молодых учёных и специалистов.
Визит станет важным шагом в укреплении казахстанско-китайского научного сотрудничества и развитии совместных исследований в аграрной сфере.
@agro__press @nasec
