Последние новости

Соңғы жаңалықтар

11.11.2026

Қазақстан мен АҚШ ғылыми ынтымақтастығының жаңа кезеңі

Dark Mode

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының топырақтану және агрохимия зертханасының меңгерушісі Алмагүл Мәлімбаева АҚШ-тағы Солтүстік Дакота мемлекеттік университетіне – North Dakota State University (NDSU) барды.

2026 жылғы 30 қазанда өткен ресми сапар ҚазЕжӨШҒЗИ мен NDSU арасындағы ұзақмерзімді ғылыми және институционалдық ынтымақтастықты дамытуға арналды.

Кездесу барысында тараптар топырақтану және агрохимия, ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы, тұқым шаруашылығы, органикалық және ресурс үнемдейтін егіншілік, өсімдіктерді қорғау және агроэкожүйелерді орнықты басқару бағыттарындағы бірлескен зерттеулердің келешегін талқылады.

Селекциялық материалдар мен ғылыми әдістемелер алмасуға, Қазақстан мен АҚШ-тың әртүрлі топырақ-климат жағдайларында сорттарды салыстырмалы сынақтан өткізуге, бастапқы тұқым шаруашылығын жетілдіруге, бірлескен жобалар әзірлеуге және мамандар алмасуға ерекше назар аударылды.

Келіссөздердің негізгі тақырыбы – өзара түсіністік туралы меморандум арқылы серіктестікті ресми түрде бекіту. Келесі кезеңде бірлескен жұмыс топтары құрылып, ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалады. NDSU делегациясының Алматыға сапары 2027 жылдың көктеміне жоспарланып отыр.

– NDSU-дағы әріптестермен кәсіби байланысым “Болашақ” бағдарламасы аясындағы ғылыми тағылымдамам кезінде қалыптасты. Бүгінде бұл өзара іс-қимыл жекелеген ғылыми байланыстардан ұйымдарымыз арасындағы ұзақмерзімді серіктестікке ұласып отыр. ҚазЕжӨШҒЗИ мен NDSU-дың ғылыми әлеуетін біріктіру нақты бірлескен зерттеулер жүргізуге және заманауи агротехнологиялық шешімдерді өндіріске енгізуді жеделдетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін, – деді Алмагүл Мәлімбаева.

Новый этап научного сотрудничества Казахстана и США

Заведующая лабораторией почвоведения и агрохимии Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства Алмагуль Малимбаева посетила Университет штата Северная Дакота – North Dakota State University (NDSU, США).

Официальный визит, состоявшийся 30 октября 2026 года, был посвящён развитию долгосрочного научного и институционального сотрудничества между КазНИИЗиР и NDSU.

В ходе встречи с руководством и ведущими учёными американского университета стороны обсудили перспективы совместных исследований в области почвоведения и агрохимии, селекции сельскохозяйственных культур, семеноводства, органического и ресурсосберегающего земледелия, защиты растений и устойчивого управления агроэкосистемами.

Особое внимание было уделено обмену селекционным материалом и научными методиками, сравнительным испытаниям сортов в различных почвенно-климатических условиях Казахстана и США, развитию первичного семеноводства, подготовке совместных проектов и обмену специалистами.

Центральной темой переговоров стало официальное закрепление партнёрства посредством Меморандума о взаимопонимании. Следующим шагом станет формирование совместных рабочих групп и определение приоритетных направлений сотрудничества. Весной 2027 года ожидается визит делегации NDSU в Алматы.

– Профессиональные контакты с коллегами из NDSU были установлены ещё во время моей научной стажировки по программе “Болашак”. Сегодня это взаимодействие выходит на новый уровень – от отдельных контактов к долгосрочному партнёрству между нашими организациями. Уверена, что объединение научного потенциала КазНИИЗиР и NDSU позволит приступить к конкретным совместным исследованиям и ускорить внедрение современных агротехнологических решений в производство, – отметила Алмагуль Малимбаева.

@agro__press @nasec


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X